Борашова Света Багтыбаевна
Сабақтың мақсаты: а) білімділік- оқушылардың етістіктің рай категориясы туралы алған білімдерін бекіту, тұжырымдау. Теориялық білімдерін практикамен ұштастыру;
ә) дамытушылық- ойлау қабілеттерін жетілдіру, сөйлеу мәдениетін дамыту; б) тәрбиелік- орындалатын жұмыстар арқылы отансүйгіштікке, адамгершілікке баулу. Пәнге қызығушылығын арттыру, бірін- бірі тыңдай білуге, бағалай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: білімді тиянақтау
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, тест сұрақтары, деңгейлік тапсырмалар, сатылай кешенді талдау.
Көрнекілігі: үлестірмелі қағаздар, сызба, тест сұрақтары
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі
а) сәлемдесу ә) оқушыларды түгендеу б) тәртіп, тазалық
- Үй тапсырмасын тексеру
Қалау райы туралы түсінік
III. Жаңа сабақ
«Ой қозғау» 1. Сұрақтар
- Етістік дегеніміз не?
- Етістіктің түрленуі дегеніміз не?
- Ерістіктің райларын ата.
- Жасалу жолын түсіндір. Мысал келтір.
- Тест сұрақтары
Оқушыларға әр түрлі нұсқаға құрылған тест тапсырмаларын беремін. Оқушылар орындап болған соң бір- бірінің жұмыстарын тексереді.
- Оқулықпен жұмыс
162- жаттығу. Ашық райлы етістіктің жасалу жолын көрсету.
Үлгі: болатын – бол - түбір, атын - есімше жұрнағы, көрінеді – көр - түбірі, ін - ырықсыз етіс жұрнағы, I жақ жіктік жалғауы, бұйрық рай. Бекінген - бекін - түбір,ген - есімше жұрнағы, пайдаланды – пайдалан - түбірі, -ды – III жақ жіктік жалғауы
163- жаттығу. 1-қатар ашық райлы етістікті жазу, 2- қатар бұйрық райлы етістікті, 3- қатар қалау райлы етістікті жазу.
164- жаттығу. Етістіктерді көшіріп жазу. Рай түрлерін табу. Сатылай кешенді талдау жасау.
Көрсем
- Бұл сөз екі құрамнан тұр. Көр-сем
- Тұлғасына қарай - туынды етістік
- Құрамына қарай – дара етістік
- Лексика- грамматикалық мағынасы
Сөзде 1 лексикалық мағына, 2 грамматикалық мағына бар.
4.1. Лексикалық мағынасы қимыл – қозғалысқа берілген атау.
4.2. се – шартты рай жұрнағы
4.3 м- I жақ жалғауы
- Сұрауы- не істедім? Етістік қызметін атқарып тұр.
- Мағынасына қарай- сабақты етістік, алдыңғы сөзі табыс септігін қажет етіп тұр.
- Болымды етістік, себебі, іс – әрекеттің болу шартын білдіріп тұр.
- Шартты райлы етістік, себебі, іс- әрекеттің болу шартын білдіріп тұр.
Деуші едім – көмекші етістік, себебі, үшінші саладағы етістік.
- Сабақты бекіту.
Берілген етістіктерді ауызша сатылай кешенді талдау жүргізу.
- Бағалау. Сабаққа белсене араласып отырған оқушыларды бағалау,
VI. Үйге тапсырма. Етістіктің райларын қайталау
Мақала құжаттары
Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар
Мақаланы телефонда ашыңыз
Телефон камерасын QR-кодқа бағыттаңыз — мақала бірден ашылады
bilimger.kz/etistikting-railaryn-qaitalau
Осы материал бойынша
AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.
Автор
Борашова Света Багтыбаевна
Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз
Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.
- Сертификат (QR-коды бар)
- Google, Yandex жүйелерінде шығады
- Журналға шығады (онлайн)
- Анықтама, журнал
- Жеке кабинетте құжаттар сақталады
- Мақалаға тұрақты сілтеме
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз
Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.