Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Bilimger Journal №9 / 2026 шығарылымына мақала қабылдануда·QR-кодты сертификат Журнал №9 мақала қабылдануда·жаңа шығарылым Жаңа шығарылым Жариялау

: «» · ₸

1 мин оқу 398 оқылым

Мамыт Нұрбану Аңсарқызы

Педагогика – тəрбие жөніндегі ғылым. Адам өмірге келісімен оның тұлға болып жетілуі үшін – тəрбиелеу қажет. Тəрбие адамды ізгілендіріп, оған қажет қасиет, сапаларды қалыптастырады.

Қазақ халқы бала тәрбиесіне бей-жай қарамаған. «Ұрпақ тәрбиесі — ұлт болашағы» деп бала тәрбиесіне аса зор жауапкершілік жүктеген. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі»,-дейді. Яғни, бала тәрбиесі отбасы, ошақ қасынан басталады. Отбасында алған тәрбиесі баланың адам болып қалыптасуына тікелей әсер етеді.Мінез-құлқының қалыптасуы, өзін ұстауы, үлкендерге құрметі, бәрі-бәрі осы отбасындағы үлкендердің көрсеткен ізетімен қалыптасады.

Сонымен бірге,  тұлғаның толық қалыптасуына отбасымен қатар  қоршаған ортасы мен білім орталары да тікелей әсер етеді. Отбасынан кейінгі тәрбиенің жалғасы білім ордалары.

Тəрбие процесін ұдайы жетілдіріп отыру қажет. Себебі адамдардың өмір жағдайлары өзгермелі.Қазіргі заман педагогикасы үлкен қарқынмен дамудағы ғылым. Сол дамуға байланысты өзгерістердің ізімен асығу қажеттігі пайда болып отыр.«Тәрбиесіз берілген білім- адамның қас жауы» демекші, білім бере отырып, баланы тәрбиелеу, ғылым мен техника ғарыштап дамып жатқан әлемде зор еңбекті қажет етері анық. Күннен күнге жаңалықтар көбеюде. Білім сапасы да жаңа жағынан өзгеруде.Осыған орай қазіргі таңда жас ұрпаққа жан-жақты тәрбие беру педагогтардың алдындағы атқарылатын  үлкен міндеті.

Демек, жас ұрпақтың саналы, тәрбиелі болып өсуіне барлық жағынан күш жұмсауымыз керек. Отбасында болсын, білім беруде болсын болашақ балаларымыздың бойынан барлық дағдылардың қалыптасуын көруіміз керек. Адам адам болып қалыптасуына қажетті құндылықтарды ұрпақ бойына сіңіруден еш жалықпайық!

Авторы
Мамыт Нұрбану Аңсарқызы

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Мақаланың жарияланғаны туралы анықтама (PDF)

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Қазақ тілі

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті: сапалы білімнен жаһандық жетістікке

Сексен жылдан астам тарихы бар Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті бүгінде ұлттық білім беру дәстүрін әлемдік ғылымның озық жетістіктерімен сабақтастырып, халықаралық білім кеңістігіндегі орнын нығайтып…

Бақытжамал Лаханова, Динара Жанузакова 4 мин 15 оқылым
Қазақ тілі

Қазақ поэзиясындағы «Айна» концептісі

Академик Е.А.Бөкетов атындағы ҚарағандыЗерттеу университеті Филология факультеті Қазақ поэзиясындағы «Айна» концептісі Тобы: КО-23-1к Орындаған: Әжіқұл Ұлмекен Қабылдаған: Хасенов Б. Р. Қарағанды, 2025ж Аннотация Бұл…

Әжіқұл Ұлмекен 7 мин
Қазақ тілі

ҰЛТ рухының айнасы: қазақ тілінің заманауи кеңістіктегі рөлі мен болашағы

Әли Мерей Ержанқызы Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті, Тарих және педагогика факультетіне қарасты Бастауыш оқыту әдістемесі кафедрасының 4-курс студенті. Ғылыми жетекші: ф.ғ.к.,…

Әли Мерей Ержанқызы 5 мин 19 оқылым
Қазақ тілі

ҚазҰУ имиджі магистрант көзімен: ғылыми орта және зерттеу бағыты

ҚазҰУ магистранты университеттің ғылыми ортасы мен зерттеу дағдылары туралы ой бөлісіп, қазақ тіліндегі бьюти-дискурста қолданылатын англицизмдерді зерттеу бағытын таныстырады.

Нұршат Айзат 3 мин 26 оқылым