Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Эссе «Сәтбаев- біздің замандасымыз!»

Ақылбекова Динаш Парманкуловна
3 мин оқу 1 448 оқылым

Ақылбекова Динаш Парманкуловна

Біз Қаныш Имантайұлы Сәтбаевты неге мақтан етеміз?... Себебі Қаныштың артында қалған мол мұрасы көп.Қаныш  ғалым, ғылымдардың докторы, профессор, академик.Қазақ КСР Ғылым академиясының ұйымдастырушысы ,тұңғыш президенті,,Қазақ КСР академиясының академигі ,Кеңес Одағының және Қазақстанның металлогения мектебінің  негізін қалаушы, қазақтан шыққан тұңғыш акдемик.Дәлел ретінде»Еңбек етпесең, жиған білімің кәдеге жарамай жатқан минерал секілді. Оның ішін аршып, асыл кенін жарқырату үшін еңбек керек ,қол мен ой қимылы қажет» деген  өз сөзінде .

Мен Қаныш Имантайұлы Сәтбаев туралы не білемін ? Қазақ ғылымына өлшеусіз үлес қосқан Қаныш Сәтбаевтың қандай бала болғанын барлық қазаққа қызық  шығар. Иә, Қаныш отбасының  екіншісі болған.Сол үшін оның есімін үлкен ағасына ұқсас етіп, Ғабдула-Ғани деп атаған.Бұл есімннің мағынасы арабшадан алынғанда « шексіз байлық иесі , ешкімге мұқтажсыз Алланың құлы» деген мағынаны білдіреді екен.Себебі еркелетіп «Ғаныш», «Ғани» деп атаған, кейін ол »Қанышқа» айналыпты.Өйткені Қаныш бала кезінен алғыр ,икемді  бала болыпты.Қатарының алды, айтылған сөзбен іс-әрекетіне тез түсініп,зерделей алатын.Оқуда да сыныптастарының алды болған.Қаныш өмірде өз орнын  таба білген жан.

Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың ғылыми  зерттеулері шын мәнінде орасан зор.Ол металлония, минералогия, геохимия, пайдалы қазбалар ,стратиграфиялар, тектоника, география, зкономика және басқа ғылымдар саласындағы 800 публикациялардан тұрады. Қаныш зерттеулерінің көпшілігі қазақ қоғамына пайдалы болуын көздеген.                                  Мысалы, Мәскеудің тапсырмасы бойынша Қазқстанның жерасты байлығының картасын жасаған кезде  Сәтбаев төрт-бес ірі кенішті картаға кіргізбейді.»Бұл қалай?» деген орыс ғалымдарына :»ондағы рудалар өте көп және олар  тым тереңде ,оны алу үшін көптеген күш пен ақша керек» ,-деп жауап қайтарған.Алайда өзінің жақын дотарына:»Мен ол жерлерді әдейі картаға кіргізбедім ,өйткені ол жердегі байлық болашақ ұрпаққа пайдасын тигізеді» ,-деген екен. Сонымен қатар ғалым Ұлытау өңіріндегі басты тарихи ,мәдени , археологиялық ескерткіштерді  зерттеген.Қазақ орта мектебі оқушыларына арнап «Алгебра» оқулығын дайындаған. А.Затаевичтің «500 қазақ әндері мен күйлері» жинағына Сәтбаев қазақ халқының музыкалық мұрасының інжу-маржаны болып есептелетін 25 әнді өзі орындап , орыс тілінде ғылыми түсініктеме беріп енгізген.Ғалымның негізгі ғылыми еңбектері кентасты кендер геологиясы мен Қазақстанның минералды ресурстарына арналған.Қаныш осы еңбектері үшін көптеген сыйлықтар мен марапаттарға ие болған.Ол төрт рет Ленин орденімен ,екінші дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденімен марапаталып,КСРО мемлекеттік және Лениндік сыйлықтардың иегері атанған.

Міне,Қаныш біздің замандасымыз дей аламыз, өйткені артында қалған мол мұрасын оқып ,танып біліп отырмыз. Қаныш Сәтбаев өнердің сан-саласында озық болған жан.Себебі музыка тыңдағанды ұнататын, биді қадірлеген.Әлкей Марғұланның айтуынша Қаныш полька, мазурка ,вальс билерін билеуді ұнатушы еді. Әдетте ірі адамдар  биге икемсіз болса да, Қаныш Сәтбаевтың биді жақсы көруі, бұны жоққа шығармағаны сияқты.Қаныш Сәтбаев домбыра  мен гитарада тамаша ойнаған .Қазақ және украин әндерін орындауды ұнатқан,оның орындауындағы әндерді тұңғыш рет тыңдаған белгілі музыка танушы-фольклорист Александр Затаевич Қаныштың орындауындағы 25 қазақ әнін жазып алған.

Сөз соңында қорыта айтқанда кез-келген табыс астында  үлкен еңбек, қажыр-қайрат, табандылық пен білім керек.»Еңбек-бәрін жеңбек» дегендей. Әрине еңбектенсең ғана мақсатыңа жетесің. Сол сияқты Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың еңбек дәрежелерімен мақтанамыз.»Ғылым майданның қатардағы жауынгері тек үнемі оқу, іздену , талпыну, тану, өмір мектебінен өту арқылы ғана  оның ірі қайраткері дәрежесіне  дейін көтеріледі» демекші ірі қайраткер Қаныштың ұрпақтары көп болсын. Тарихта атыңды қалдырғың келсе, халқыңа пайдасы бар жұмыстар жасап, сол үшін аяанбай тер төгу қажет.Сәтбаев атамыз да,сол еңбегімен жұмысқа адамдығы арқылы әлі күнге дейін есімі өшпей тарих беттеріне қашалып жазылды.Қаныштың орны тарихта ешқашан өшпек емес!.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Ақылбекова Динаш Парманкуловна

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Қазақ тілі

Жастар слэнгінің тіл экологиясына әсері

Мақалада жастар слэнгінің қазақ тілінің экологиясына әсері, оның оң және теріс қырлары, интернеттегі тілдік қолданыстар мен зерттеу әдістері қарастырылады.

Жалғасбекқызы Аяулым 10 мин
Қазақ тілі

Тіл — ұлттың жаны, ұрпақтың аманаты

Қазақ тілінде сөйлеудің маңызы, ана тілін құрметтеу мен оны күнделікті өмірде қолдану қажеттігі туралы ой-толғау.

Сайлаухан Ақерке 3 мин 16 оқылым
Қазақ тілі

Жасанды интеллект құралдарын қазақ тілі сабағында қолдану мүмкіндіктері

JOO school Medeu Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аннотация Мақалада жасанды интеллект құралдарын қазақ тілі сабағында қолданудың бағыттары талданады. Оқыту мазмұнын даралау, мәтінмен жұмыс, бағалау үдерісін…

Битілеу Динара Мақсатқызы 6 мин 193 оқылым
Қазақ тілі

Оқу сауаттылығын қалыптастырудағы мәтін түрлерімен жұмыс

Алматы қаласы Алатау ауданы "№185 мектеп-гимназия" қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аннотация Мақалада оқу сауаттылығын қалыптастыруда мәтін түрлерімен жұмыстың теориялық және практикалық қырлары қарастырылады.…

Қаирова Аружан Болатқызы 6 мин 210 оқылым