Мазмұнға өту

эссе

Молдаспанова Айдынгуль Болатжановна 2 мин оқу 467 оқылым

Менің педагогикалық ұстанымым
Молдаспанова Айдынгүл Болатжанқызы
Тамос Эдьюкейшн физика-математикалық
мектептің,бастауыш сынып мұғалімі
Мен бақытты адаммын ба? Бақытыма қол жеткізе алдым ба? деген сұрақ қоям.Менің тамаша,ақылды ұлдарым бар,сүйікті жұмысым бар.Жұмысым –мектеп.Мектеп-менің өмірім.Мектепсіз мен өмірімді көз алдыма елестете де алмаймын.
Ұстаздақ жүрегімен сезінген адамға ұстаз – киелі мамандық.Жердің жүзін мекендеген халықтардың көбісі ерте кезден-ақ жеті санын да киелі,қасиетті деген екен. Соған орай мен өз педагогикалық философиямды осы жеті санымен байланыстырғым келеді.
1.Білім
Әр мамандықтың қызығы мен қиындығы қатар жүреді. Мұғалімнің жұмысы күрделі екендігі баршаға аян.Бүгінгі сабақты өткізген соң,ертеңгі сабаққа тың ой,идея,өзгеше әдіс-тәсілмен келу керек.Қазіргі ақпараттық технологияның,компьютердің үлкен орын алып тұрған уақытта мұғалім жұмысынан да үлкен ізденісті талап етеді.
2.Өз мамандығым жайлы ойлана отырып, мен өзімнің педагогикалық жұмысымның мәнін аша алатын сөздер іздедім: педагог тәуліктің 24 сағатында педагог болуы тиіс, себебі ол - өмірдің мәні. Бір күнде тек 5 сабақ қана мұғалім болып, одан кейін мұғалім бетпердесін лақтырып тастап, босаңсуға болмайды.
3.Педагог тұлғасы тәрбие беру құралы болуы керек. Педагог оқушылар алдында өзін-өзі жетілдіре білуі керек. «Ақша жоғалтсаң – ештеңеңді жоғалтпайсың, уақытыңды жоғалтсаң – көп нәрсеңді жоғалтасың, досыңды жоғалтсаң – көп нәрсеңді жоғалтасың, өзіңді жоғалтсаң - бәрін жоғалтасың» деп неміс мақалы дұрыс айтылған. Осыған орай, менің өмірлік қағидам – ешқашан өз қадір-қасиетімді жоғалтпау, әрқашан тек шыншыл, адал, өз ісіне берілген тұлға болып қалу».
4. Мұғалім нәзік психолог болу қажет. Қарым-қатынас принциптерін дұрыс сақтай білу, үнемі жылы шырай таныту, үнемі мадақтап отыру, ынтымақтастықты ұстану.
5. Мұғалім-тәрбиеші. Адамзат тарихында Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған Әбу Насыр Әл-Фарабидің «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, өміріне апат әкеледі»деген екен.
6. Оқу мен тәрбиелеу үрдісінің бірлігі қажет.
Бұл, орайда, оқушыларды біліммен қатар өнегелі адам болып өсіруге тәрбиелеу. Осы негізде нәтижені шеше алатын балалар өз пікірін, өз шешімін, өз сезімдерін батыл айтуға үйренеді. Оқушыға шамадан тыс ұрсу, қаталдық көрсету, зеку, тіпті жазалау атымен болмау керек. Мұның бәрі балалардың еркін адамзат болып қалыптасуын тежейтін құбылыстар.
7. Мұғалім – білімпаз. Заңғар жазушымыз Мұхтар Әуезов ˮ̋̋Халықты халықпен адамды адаммен тенестіретін — білім ˮ деп атап көрсеткендей, мемлекетіміздің егемендігі мен гүлденуі баянды болуы үшін
мектептің философилық тамыры тереңдеген, міндеттер жиынтығы молайған тұсында заман талабына сай ұстаздар да өте білімді, өз пәнінің шебері болуы қажет деп санаймын.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Молдаспанова Айдынгуль Болатжановна

Автордың басқа материалдары

Бастауыш сынып

2-сынып

Сабақ: 39 Мектеп:ТЭФМ Күні:10.02. 2020ж Мұғалімнің аты-жөні: Молдаспанова А.Б Сынып: 2«Ә» Оқушы саны: 12 Тақырыбы: Біз «Медеуге» барамыз Осы сабақ арқылы жүзе асатын оқу мақсаттары 1.1.5.1.Қимыл-қозғалыс, сұрақ қою,…

Молдаспанова Айдынгуль Болатжановна 420 оқылым 3 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Бастауыш сынып

Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін нейрогимнастика арқылы арттыру

Адилжан Аякоз Бастауыш білім беру Аңдатпа: Бұл мақалада бастауыш сынып оқушыларының зейінін, есте сақтауын, ойлау қабілетін дамытуда нейрогимнастикалық жаттығулар мен нейроойындарды қолданудың тиімділігі қарастырылады.…

Bilimger Media 28 оқылым 2 мин
Бастауыш сынып

Қош келдің, Наурыз!

№50 жалпы білім беретін мектебі КММ Бастауыш сынып мұғалімі DOCXӘДЕБ-ОКУ-АШЫҚ-САБАҚ.docxҚұжатты ашу

Жанахметова Жансая Бектасовна 48 оқылым 1 мин
Бастауыш сынып

Бастауышпен қоштасу сценарийі

Тақырыбы: «Қош бол, сүйікті бастауышым!» Қатысушылар: Жүргізушілер, 4-сынып оқушылары, бастауыш сынып мұғалімі, ата-аналар, мектеп әкімшілігі. Безендіру: Шарлар, гүлдер, «Қош бол, бастауыш мектебім!», «Алға, 5-сынып!»…

Bilimger Media 518 оқылым 4 мин
Бастауыш сынып

Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін реинтеграциялау: нейропедагогикалық және цифрлық тәсілдер

№50 жалпы орта білім беретін мектеп Өскемен қаласы Аңдатпа Бастауыш білім беру деңгейіндегі білім алушылардың, соның ішінде екінші оқу жылындағы субъектілердің танымдық уәждемесінің деструкциялануы – «бейімделуден…

Қалиқатбек Жансая Мұқаметбекқызы 69 оқылым 6 мин