Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Еліктеу сөздің түрлері

Серікболатқызы Сая
3 мин оқу 1 004 оқылым

Серікболатқызы Сая

Сабақтың мақсаты:

Еліктеу сөздің мағыналық түрлерін білу, еліктеуіш пен бейнелеуіштің айырмашылықтарын, ортақ белгілерін түсіну. Өмірде еліктеу сөзді қолдана алуға үйрету.Сабақ бөлімдерінде мерекелік мейрамдарды кірістіре отырып, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.

Сабақ түрі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақ әдісі: миға шабуыл, сұрақ - жауап, топтық жұмыс, «бес саусақ» әдісі.

Сабақ көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, доп, конфеттер, таратпа материалдары, түрлі-түсті қима қағаздар.

Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі

  1. Конфет түстері арқылы 4 топқа бөлу. (2 минут)

2.Үй тапсырмасы. Өткен тақырыптар бойынша ереже жаттау.(7 минут)

Өткен тақырыптар бойынша шолу сұрақтары.

1.Үстеу дегеніміз не?

  1. Үстеу құрамына қарай неше түрге бөлінеді?

3.Негізгі үстеулер қалай жасалады? Мысал келтір.

4.Туынды үстеулер қалай жасалады? Мысал келтір,дәлелде.

5.Күрделі үстеулер қалай жасалады? Мысал келтір, дәлелде.

6.Үстеулер мағынасына қарай неше түрге бөлінеді?

7.Мезгіл үстеу дегеніміз не? Мысалкелтір.

8.Мекенүстеудегеніміз не? Мысалкелтір.

9.Сын-қимылүстеудегеніміз не? Мысал келтір.

10.Мөлшерүстеудегеніміз не? Мысал келтір.

11.Күшейткішүстеудегеніміз не? Мысалкелтір.

12.Мақсатүстеудегеніміз не? Мысалкелтір.

13.Себеп-салдарүстеуідегеніміз не? Мысалкелтір.

  1. Еліктеу сөз дегеніміз не?
  2. Жаңа материалды түсіну.

«Миға шабуыл» әдісі.(1 минут)

Балалар, қолдарымызбен партаны соғып көрейікші, қандай дыбыс шықты? (дүңк-дүңк, тарс-тұрс), орнымызда тұрып аяқтарымызды басып көрейікші, қандай дыбыс шықты? (гүрс-гүрс), енді барлығымыз алақанымызбен шапалақтап көрейікші, қандай дыбыс шықты? (шарт-шұрт,шатыр-шұтыр алақанның дыбысы шығады). Демек біз бүгін еліктеу сөздің түрлерімен танысамыз.

«Еліктеу сөздің түрлері» видеоролик. (3 минут)

III.«Артық білім кітапта»(топпен орындау).(7 минут)

304 –жаттығу, 180 бет.Еліктеу сөздерді қатыстыра отырып,  мерекелердегі шеруді, отшашуды сипаттап жазыңдар.

Топтар берілген мерекелер мен арнаулы күндербойынша,еліктеу сөздерді кірістіре отырып 8-9 сөйлемнен тұратын мәтін құрау. (Мәтін құрамындағы еліктеу сөздің астын сызып көрсету). Мәтін ішінен 3 сөздің орысша, ағылшынша баламаларын айтады.

1-топ:1-наурыз – Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні.

2-топ: 1-наурыз – Алғыс айту күні.

3-топ: 8-наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі.

4-топ:22-наурыз – Ұлыстың Ұлы күні Жаңа жыл мейрамы.

  1. «Кім тапқыр, кім білгіш?»(7 минут)

4 топқа еліктеу сөздер жазылған парақшалар таратылады. Берілген сөздердің ішінен еліктеу сөздерді құрамына қарай, мағынасына қарай, тұлғасына қарай ажыратып теріп жазады.

1-топ:Дара және күрделі еліктеу сөздерді ажыратып, бөліп жазыңдар.

Қиқаң, күмп-күмп, бұралаң, ербең-ербең, тарс, жарқ-жұрқ, селк, сатыр-сұтыр, бұрқ, ежірең-ежірең, елең, шыр-шыр, жарқ, азан-қазан, зу, қорбаң-қорбаң.

2-топ:Еліктеуіш және бейнелеуіш сөздерді ажыратып, бөліп жазыңдар.

Сарт-сарт, лап, бұрқ-сарқ, қылт, сырт, жалт-жұлт, дүңк, қалт-құлт, тық-тық, былқ-сылқ, жыбыр-жыбыр, шықыр, желп-желп, шыр-шыр, маймаң-маймаң, сыбдыр-сыбдыр, бақшаң-бақшаң, сатыр-сұтыр.

3-топ:Негізгі және туынды сөздерді ажыратып, бөліп жазыңдар.

Арс, алшаң, гүрс, арбаң, былқ, елпең, жалт, дікең, гу, сылаң, зу, қылтың, шолп, жайнаң, баж, бұралаң, жылт, едірең.

4-топ:Дара және күрделі еліктеу сөздерді ажыратып, бөліп жазыңдар.

Тырс, опыр-топыр, күрт, тақ-тұқ, морт, қарқ-қарқ, жалаң-жұлаң, шырт,лып, дүр-дүр, барқ, қисаң-қисаң, жарқ, зірк, пышыр-пышыр, бұлқан-талқан.

  1. Сергіту сәті. «Мен қазақпын»(1 минут)
  2. Дәптермен жұмыс. Морфологиялық талдау. (5 минут)

4 топтан 4 оқушы шығарылып, сөйлемдерге морфологиялық талдау жұмысы жасалынады. Қалған оқушылар орнында отырып орындайды.

1-топ: Бастығым мырс-мырс күлді.

2-топ: Әкем далаға бағжаң-бағжаң қарады.

3-топ: Ағаштар шатыр-шұтыр сынды.

4-топ: Апасы күңгір-күңгір күліп қояды.

VII. Кері байланыс. «Бес саусақ» әдісі. (5 минут)
Қағаз бетіне қолыңызды қойып, саусақтарыңызды айналдыра сызыңыз. Әр саусақтың  өзінің мәні бар, солар бойынша өз ойыңызды білдіріңіз:

  1. Бас бармақ – мен үшін маңызды және қызықты болды ......
  2. Сұқ саусақ – мен бүгін .......... түсіндім.
  3. Ортаңғы саусақ – мен үшін ....... қиын болды.
  4. Төртінші саусақ – менің бағам ....... , өйткені...
  5. Шынашақ – Мен ............ білгім келеді.

Оқушылар осы бойынша кері байланыс орнату арқылы, сабақтан алған әсерін бес саусаққа жазып, өз қолтаңбалары ретінде тақтаға апарып «Даналық кітабына» іледі.

VIII. Бағалау.(2 минут)

Оқушылардың өзін-өзі бағалауларын ескере отырып, қорытынды баға қоямын.

IX. Үйге тапсырма:Ереже жаттау, көркем шығармадан еліктеу сөздердің түрлеріне мысалдар теріп жазу.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Серікболатқызы Сая

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Қазақ тілі

Жастар слэнгінің тіл экологиясына әсері

Мақалада жастар слэнгінің қазақ тілінің экологиясына әсері, оның оң және теріс қырлары, интернеттегі тілдік қолданыстар мен зерттеу әдістері қарастырылады.

Жалғасбекқызы Аяулым 10 мин
Қазақ тілі

Тіл — ұлттың жаны, ұрпақтың аманаты

Қазақ тілінде сөйлеудің маңызы, ана тілін құрметтеу мен оны күнделікті өмірде қолдану қажеттігі туралы ой-толғау.

Сайлаухан Ақерке 3 мин 16 оқылым
Қазақ тілі

Жасанды интеллект құралдарын қазақ тілі сабағында қолдану мүмкіндіктері

JOO school Medeu Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аннотация Мақалада жасанды интеллект құралдарын қазақ тілі сабағында қолданудың бағыттары талданады. Оқыту мазмұнын даралау, мәтінмен жұмыс, бағалау үдерісін…

Битілеу Динара Мақсатқызы 6 мин 193 оқылым
Қазақ тілі

Оқу сауаттылығын қалыптастырудағы мәтін түрлерімен жұмыс

Алматы қаласы Алатау ауданы "№185 мектеп-гимназия" қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аннотация Мақалада оқу сауаттылығын қалыптастыруда мәтін түрлерімен жұмыстың теориялық және практикалық қырлары қарастырылады.…

Қаирова Аружан Болатқызы 6 мин 210 оқылым