Мазмұнға өту

«Ел бүгіншіл, менікі ертең үшін»

Ақерке 2 мин оқу 108 оқылым

«Ел бүгіншіл, менікі ертең үшін»

А.Байтұрсынов-өзіне ғана тән өзгеше өрнегімен, гуманистік идеяларға толы ағартушылықпоэзиясымен төл әдебиетімізде есімі алтын әріппен жазылған дарынды ақын, қазақтың қастерлі  перзенті. Ақын жырлаған тәлім-тәрбие, адамгершілік, туған жер, азаттық, оқу-білім тақырыптарындағы өлеңдерінің қайсысын алсаңызда, терең ой мен тылсым сезімге толы. Оның шығармашылығында  ағартушылық-демократтық сарында жазылған туындыларының алар орны зор.

А.Байтұрсыновтың “Маса”, «Ғылым», «Адамдық диқаншысы», «Оқуға шақыру», «Замандастарыма», «Ойлар» атты бірқатар өлеңдері- ақынның азаматтық рухы мен ағартушылық ой-пікірінің айқын көрінісі. Мәселен, «Ғылым» өлеңіндегі:

«Заманың түлкі болса, тазы боп шал» —

Деген сөз аятпенен бірдей маған.

Алақтап артымызға қарағыштап,

Жүргенде-ақ озып, ұзап кетті заман,- дей келе, қазақтың  өзге елдердің көшіне  ілесе алмай, бар жақсылықтан  құр қалып жүргенін өкіне жырлайды.

«Адамдық диқаншысы» атты туындысында ақын өзінің игі мақсат-мұратын былайша баяндайды:

Адамдық диқаншысы қырға шықтым,

Көлі жоқ, көгалы жоқ құрға шықтым.

Тұқымын адамдықтың шаштым, ектім,

Көңілін көгертуге құл халықтың.

Бұдан  құл халықтың көңілін көгертуді» мақсат еткен ақынның азаматтық болмысы оның асқақ арманы мен ізгі ниетімен астасып жатқандығын аңғарамыз.

Автордың «Ойлар»  өлеңі-  философиялық һәм азаматтық лириканы қатар қамтыған айрықша туынды.

Мен өлсем де өлемін жөнімменен,
Тәннен басқа немді алар өлім менен?!
Өлген күні апарып тығары – гөр,
Мен жоқ болам көміліп тәнімменен.
Тән көмілер, көмілмес еткем ісім,
Ойлайтындар мен емес бір күнгісін.
Жұрт ұқпаса ұқпасын жабықпаймын,
Ел бүгіншіл, менікі ертең үшін...

Халқының ертеңгі халін ойлап қамыққан қайраткер ақын осылайша жан сырын ақтарады.

«Оқуға шақыру» атты туындысы да дәл осы тәрізді:

Өзенде балықшылар ау қарап жүр,

Тоғайда орақ даусы шаң-шұң орған.

Аллалап, ал кітапты қолдарыңа!

Құлдарын Құдай сүймес жалқау болған,- деп, ұлтты өрге сүйрейтін келешек жас ұрпаққа сенімартып, қазақтың ендігі болашағы жастардың қолында екенін жеткізеді. Қараңғылыққа қамалған қалың елін  өнер- білімге бет бұруға үндейді.

Артына өшпес мұра қалдырған  А.Байтұрсынов өлеңдері- азаматтық рух пен ағартушылық-демократтық идеялардың жарқын көрінісі. Ұлы Абайдай  туған халқының ертеңіне алаңдап, жұртын оқу- ғылым, өнер-білім нәрімен сусындауға шақырған ұлағатты ақынның әр туындысы- бүгінгі қазақ елі үшін аса қымбат қазына.

Рустемова Ақерке

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Филология факультеті

Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 4-курс студенті

Есентаева Айжан

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Ақерке

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Журналистика - мен таңдаған мамандық

Журналистика - мен таңдаған мамандық Қазіргі таңда қоғамда дамып жатқан біршама мамандық түрлері бар. Әрқайсысының өзіндік ерекшеліктерін жіктеп айтуымызға да болады. Яғни, әр адам өзінің қызығушылығына, бойындағы…

Ақерке 44 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Журналистика - мен таңдаған мамандық

Журналистика - мен таңдаған мамандық Қазіргі таңда қоғамда дамып жатқан біршама мамандық түрлері бар. Әрқайсысының өзіндік ерекшеліктерін жіктеп айтуымызға да болады. Яғни, әр адам өзінің қызығушылығына, бойындағы…

Ақерке 59 оқылым 2 мин
Университет

Теңізге қарсы соғысқан Голландия

Сейдалы Ж.Е. Қазыбек би атындағы 36 жалпы орта мектебінің 9 А сынып оқушысы Жетекшісі: Мусабекова А.Т. Ө.Жәнібеков атындағы мемлекеттік педагогикалық университеті, Шымкент, Резюме Вся современная история Голландии –…

Ақерке 33 оқылым 5 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин