Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Ақерке
2 мин оқу 59 оқылым

                        Журналистика - мен таңдаған мамандық

Қазіргі таңда қоғамда дамып жатқан біршама мамандық түрлері бар. Әрқайсысының өзіндік ерекшеліктерін жіктеп айтуымызға да болады. Яғни, әр адам өзінің қызығушылығына, бойындағы қабілетіне байланысты қоғамда өз жолын таңдайды. Менің бала кезден арманым – журналист болу. Кішкентайымнан камера алдында еркін сөйлей білдім, айналамда орын алып жатқан түрлі жайттарды түсіріп, анаммен талқылаған ұнайтын. Оқушы атанған сәтте де бала күнгі арманымды ұмытпай, мақсатыма айналдырамын деп шештім.

Журналистика – қиындығы мен қызығы қатар жүретін, қоғаммен тығыз байланысты сала. Яғни, журналистердің қоғам алдында жауапкершілігі мол. Тек қоғаммен ғана емес, халықпен де тікелей байланыста болу қажет. Журналистің бойында шыншылдық, талапшыл және ең басты, кез-келген адаммен немесе ортамен тез тіл табысатын қасиет болу керек деп ойлаймын. Себебі, журналист қашан да жұрт алдында, қоғам ортасында. Қандай жағдай болмасын, халықтың алдына шындықты бірінші болып жеткізетін, еліміздегі мәселені барынша түсінікті етіп жариялайтын да журналистер. Журналист Болат Мүрсәлім «Журналистика – шындықты айтатын, оқиғаны бұрмаламайтын, бүгінгі күннің ең маңызды дүниесін айтатын институт. Ал оның қалай жұмыс істеуі – әр елдің, әр басылымның, қала берді әр журналистің моральдық ұстанымына байланысты. Адам газет оқиды, теледидар көреді, әлеуметтік желілер мен сайттарға шығып жатқан дүниелерді қарайды, автобуста кетіп бара жатып радио тыңдайды. Сол арқылы бүгінгі өмірде не болып жатқанынан хабардар болады. Телеарналардағы талқылауларға құлақ қояды. Әркім өзінше осыған қарап ақ пен қараны ажыратады» деген сауалнамадан-ақ бұл саланың жауапкершілігі мол екенін түсінуге болады. Осындай қиындығы мен қызығы қатар жүретін саланы таңдап, оны абыроймен және жауапкершілікпен соңына дейін жеткізу көп адамның қолынан келе бермейтін іс.

Менің журналистика саласына қызығушылығым мен махаббатымды толықтай ашқан – анам. Ол кісі де журналист болды. Кішкентайымнан мені жанына ертіп жүретін. Түрлі түсірілім алаңдарға апарып таныстыратын. Тіпті, небәрі үш жасымда фотограф жалдап, арнайы жеке фотосессия ұйымдастырып, газетке жариялады. Осы жайттарды бақылап, жыл сайын менің де журналистикаға қызығушылығым арта түсті. Мінекей, нәтижесінде мен журналистикаға нақты тоқталып, қазіргі таңда жоғарғы оқу орнында білім алып жатырмын. Таңдаған мамандығымның түрлі қыр-сырын меңгерудемін. Білімімді кеңейті, тәжірибе жүзінде білікті мамандардан кеңес алып, болашақта өзімді нағыз журналист ретінде қалыптастыра аламын деп сенемін.

Қорытындылай келе, журналист болу шыншылдық пен шынайылықты ұран етіп, қоғамдағы тың жаңалықтармен және жаңадан түскен ақапараттардың  рас екенін анықтай отырып, қоғам мен халық арасындағы сыйластықты сақтау жолында саналы түрде қызмет атқара білу. Бойымдағы мықты төзімділік пен сенімімді жоғалтпай, өзім таңдаған ерекше сала жолында аянбай еңбек етемін. Себебі менің мақсатым журналистикада өз дара жолымды салу.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық униветситетінің 1 курс студенті Шамшатова Ақерке

Авторы
Шамшатова Ақерке

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Ақерке

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Университет

Теңізге қарсы соғысқан Голландия

Материалда Голландия аумағының едәуір бөлігіне төнетін су басу қаупі, теңіз деңгейінің көтерілуі және елдің теңізден қорғану жолындағы тарихи күресі баяндалады.

Ақерке 5 мин 34 оқылым
Жалпы рубрика

«Қазақ жастарына»

Материалда «Қазақ жастарына» мақаласындағы білім туралы ойлар талданып, білім мен ғылымның адам өмірі мен ел дамуына ықпалы сөз болады.

Ақерке 1 мин 62 оқылым
Жалпы рубрика

Нимесилдің адам ағзасына әсері

Мақалада Нимесилдің ауырсынуды басу, қызуды түсіру және қабынуға қарсы әсері, ықтимал жанама әсерлері мен туыстас дәрілермен салыстырылуы қарастырылады.

Ақерке 6 мин 115 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 62 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 230 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 150 оқылым