Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Rahmetova
2 мин оқу 67 оқылым

Дені саудың – жаны сау

Спорт – денсаулық кепілі. Ал мықты денсаулық – адамның еңбекке, қоғамдық іс-әрекетке белсенді қатысуының кепілі. Қазақ халқы бала тәрбиесіне ерте кезден көңіл бөлген. Баланың ақыл-ойының, дене бітімінің дұрыс қалыптасуына айрықша мән берген. Халқымыздың спорттық ойындары осының бірден-бір дәлелі. 

Ежелден садақ тарту, бәйге, күрес, аударыспақ сияқты спорт түрлерімен айналысқан қазақ халқы басқа да спорт түрлерімен шұғылдану арқылы өздерінің рухани байлықтарын жетілдіріп отыр­ған. Халық өзіне лайықты деп санаған ұлттық спорт түрлері мен әртүрлі дене жатты­ғуларымен айналысқан. Әр өңірдің, әр аймақтың өз мергені, өз сәйгүлігі болған. Жастайынан балаларға дұрыс тәрбие берудің маңызы зор. Атқа мініп, асық атып, бәйгеге шауып, теңге іліп өскен жас шымыр, епті де икемді болып өседі. Салауатты өмір сүру дегеніміз – дене тәрбиесімен, спортпен шұғылдану. Салауатты өмір сүрмей тұрып, өміріңе қажетті нәрсені алу мүмкін емес. Дене шынықтыру мен спорт мәселесі қай елдің болсын, негізгі стратегиялық бағыты болып есептеледі. Өйткені болашақты ойламай, келешекте қуатты мемлекетке айналу мүмкін емес. Спорт дегеніміз – адамдардың денсаулығы. Сонымен қатар еңбекке дайындығы, жасөспірімдерді әскери қызметке даярлау, тәртіптілікке, ерлік пен батырлыққа тәрбиелеу. Сондықтан спорт саласын жетілдіру балабақшалардан, мектептерден, арнаулы орта және жоғары оқу орындарында қолға алынып, жақсы жолға қойылуы тиіс. Дене тәрбиесі бойын­ша оқу бағдарламалары жетілдіріліп, материалдық база нығайтылғаны жөн. Рас, Тәуелсіздігіміздің ақ таңы атқан жиырма жылдан астам уақыттың ішінде елімізде спорт саласын дамыту барысында Елбасының тікелей басшылығымен қыруар жұмыстар атқарылып келеді. Балалар мен жасөспірімдер арасында спортты дамыту ісі бірінші кезекте тұрған мәселе. Осыған орай мектептерде, жоғары оқу орындарында көптеген спорттық секциялар, үйірмелер жұмыс істеуде. Жылдан-жылға спорт базалары көбейіп келеді. Ұлттық спорт түрлері де жақсы жолға қойылған. Атап айтсақ, қазақша күрес, тоғызқұмалақ, аударыспақ, бәйге, көкпар, қыз қуу, асық ату, бестас сияқты спорт түрлерінен арнайы федерациялар құрылған. Ресми жарыстар өткізіліп тұрады. Дегенмен де, бүгінгі сөз етіп отырған салада жұмыстың бәрі ойдағыдай жүріп жатыр деп айта алмаймыз. Бұл жөнінде «Қазақстан – 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа ­саяси бағыты» деп аталатын Елбасының Жолдауында да айтылды. Әлі де болса ел ішінде қолжетімді спорт нысандары, спорт құрал-жабдықтары жетіспейді. Осыған байланысты жергілікті органдар бұл мәселені күн тәртібінен түсірмегендері абзал. Типті жобадағы денешынықтыру-сауықтыру нысандары көптеп бой көтеріп жатса нұр үстіне нұр болмақ. Мақсат – бұқаралық спортты дамыту болса керек. Қазірдің өзінде елімізде спортпен шұғылданатын жастардың саны артып келеді. Бұл – жақсы бас­тама, оң өзгеріс. Біз бұған қуанамыз. Спорт – тәннің ғана емес, жанның да саулығын қалыптастырады. Ата-аналар өз балаларының бос жүрмеуін қадағалағандары жөн. Бос уақыт – ең зиянды сәттердің жиынтығы. Спортпен шұғылданған адам өзін-өзі жетілдіре түседі. Бокс, футбол, еркін күрес, грек-рим күресі, дзюдо, таэквондо, қазақ күресі, каратэ, кикбоксинг, самбо, тағы да басқа спорт түрлері бойынша тәлімгерлер мен болашақ чемпиондарды тәрбиелеп шығару үшін ең алдымен спорт мектептерін көптеп салуымыз керек. Спорт саласындағы жетістіктеріміз көбейіп, әлемдегі қуатты мемлекеттер қатарынан көріне берейік!

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Rahmetova

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Дене шынықтыру

Жеңіл атлетикада алыс қашықтыққа жүгіру нәтижесін ұтымды арттырудың физиологиялық-әдістемелік негіздері

Мақалада алыс қашықтыққа жүгіру нәтижесін физиологиялық бейімделу заңдылықтарына сай арттыру жолдары қарастырылады. Жүктемені жоспарлау, мониторинг және қалпына келу бойынша әдістемелік ұсынымдар берілген.

Сәрсенбаев Еркебұлан 13 мин
Дене шынықтыру

Волейбол: мектептегі волейбол үйірмесін дамыту

Ғылыми-әдістемелік мақала · дене шынықтыру және спорт Волейбол: мектептегі волейбол үйірмесін дамыту Негізгі авторы Қайратбекұлы Талғат Бірлескен авторы Коммунизм Абылай Аннотация. Мақалада жалпы білім беретін мектепте…

Коммунизм Абылай 8 мин
Дене шынықтыру

Университет қабырғасында волейбол спортын тиімді дамыту жолдары: ШҚТУ тәжірибесі

Мақалада университет жағдайында волейболды дамытудың жолдары мен ШҚТУ тәжірибесі қарастырылады. Студенттік лига, факультетаралық жарыстар және тұрақты жаттығулар ұйымдастыру ұсынылады.

Серіков Алдияр Рауанұлы 8 мин 125 оқылым
Дене шынықтыру

Баскетбол ойынын оқытудың заманауи әдіс-тәсілдері

Мақалада баскетболды оқытудың заманауи тәсілдері, соның ішінде ойын арқылы оқыту, саралау, бейне талдау және қалыптастырушы бағалау қарастырылады.

Жұмарстанов Қуаныш Өмірбекұлы 9 мин 11 оқылым