Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Дене шынықтыру сабақтарында ұлттық ойындар арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамыту

Ибраев Ермек Исаевич
2 мин оқу 1 594 оқылым

Ибраев Ермек Исаевич

Менің жұмыс жүргізіп жатқан  әдістемелік мәселем: «Дене шынықтыру сабақтарында ұлттық ойындар арқылы ойлау қабілетін дамыту».  Мұғалім – мектептің басты тұлғасы. Мемлекеттің  білім саясаты осы мұғалім арқылы жүзеге асырылады.  Ал, бүгінгі таңда мұғалім міндеті- рухани бай, жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыру. Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жастарға үлгілі, өнегелі тәрбие беру - қазіргі міндеттердің бірі. Оқушыда жалпы адамзаттық құндылықтар мен адамның айналадағы дүниемен  жеке тұлғалық қатынасын тәрбиелеу мақсатында  халқымыздың мәдени, рухани мұрасының, салт-дәстүрінің озық үлгілерін оқушының бойына дарыту арқылы  жүзеге асыруға болады. Жас ұрпақ өз халқының мәдениетімен, асыл мұраларымен ұлттық әдебиеттер арқылы танысып келеді. Халық ойынды тәрбие құралы деп таныған. Ойынды сабақта қолдану оқушылардың ой-өрісін жетілдірумен бірге, өз халқының асыл мұраларын бойына сіңіріп, кейінгі ұрпаққа жеткізе білу құралы.

Қазіргі таңдағы педагогика жаңалықтарын, күнделікті қолданып жүрген пән ерекшеліктеріне қарай қолдана білу – оқыту мақсатына жетудің бірден-бір жолы. Өз сабақтарымда оқытудың жаңа тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын, сабақтағы белсенділігін арттырамын. Сабақ барысында оқушылармен жеке жұмыс жүргіземін. Сабақ үстінде оқушының дене шынықтыруға деген ынтасын оятып, салауатты өмір салтына баулимын. Әр сабақта оқушыларға берілетін жаттықтыруларды өмірмен байланыстырып, дене шынықтыру сабағында оқушылармен  дамыту бағытында жұмыс жасап жүрмін. Оқушылардың жұмысын толық белсендіру үшін, оқушының дене мәдениетін қалыптастырып, өз  денсаулығын сақтау барысында оқушылардың бойындағы физикалық және психикалық қасиеттерін толық дамытуға үйретемін. Оқу үрдісінде ұлттық ойын элементтерін пайдалану сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сай алынады. Сонда ғана оның танымдық,тәрбиелік маңызы арта түседі. Оқушыларды әсіресе «Сиқырлы қоржын», «Көкпар», «Асық» секілді ұлттық ойындарға қатыстыру өте тиімді.
Халық педагогикасының адам, отбасы, өскелең  жас ұрпақты тәрбиелеу туралы арман - мақсаттарын, орныққан пікірлерін, ұсыныстарын қамтып көрсететін педагогикалық идеялар мен салт-дәстүрлері өткені мен қазіргінің арасындағы байланысты көрсетеді.

Қызылжар ауданында ұлттық ойын ат спорты жақсы дамуда. Дене шынықтыру сабағында асық пен тоғызқұмалақты оқушылар жақсы меңгеріп, сабақтан тыс уақытта одан әрі ойлау қабілетін дамытады. Әсіресе, тоғызқұмалақ ойыны тез арада ойлап, жылдам қимыл жасауға әрекет етеді.

Облыс көлемінде шахматтан 4 оқушым жүлдегер болды. Махамбетов Әлиайдар, Құрметбек Арайлым, Салыкова Әлия, Хасеин Еркебұлан .

Соңғы үш жылдың білім сапасының көрсеткіштері.    

Зияткерлік технолгиялар институты біліктілікті жетілдіру порталы «дене шынықтыру пәнін оқыту үдерісінде зияткерлік технологияларды қолданудың негіздері» атты республикалық біліктілікті жетілдіру курс бағдарламасын өттім.  М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың 80 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы әлеуметтік-мәдени жағдайларындағы Қазақстандық білім беруді дамытуға инновациялық тәсілдер» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясының қатысушысымын. Н.Қалиасқаровты еске алу құрметіне  арналған  волейболдан дәстүрлі турнирде  ІІ-орын.  Е.Нүрпейісовтың  құрметіне  арналған  волейболдан  І -орын.  Волейболдан  Назарбаев Зияткерлік мектебінде өткен  жарыста ІІІ – орын.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Ибраев Ермек Исаевич

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Дене шынықтыру

Футбол ойынын оқытудың заманауи әдістемесі: тиімді тәсілдер мен практикалық маңызы

Мақалада футболды оқытудың заманауи әдістері, практикалық жаттығулар, ойын арқылы үйрету және цифрлық технологияларды қолдану қарастырылады. Білім алушылардың дене дайындығын, тактикалық ойлауын, командалық әрекетін және спортқа қызығушылығын дамыту жолдары сипатталады.

Жұмарстанов Қуаныш Өмірбекұлы, Кауметов Нурлан Кожакпарович 5 мин
Дене шынықтыру

Топта талдау жасау мен қатысу және құру процессі

"Сындыбала Қырықбаева атындағы мектеп жанындағы шағын орталығы" бар орта мектебі ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ Бөлім 3 БӨЛІМ ГИМНАСТИКА АРҚЫЛЫ ТАНЫМДЫҚ ДАҒДЫНЫ ҚҰРАСТЫРУ Педагогтың аты-жөні ҚАНТАЕВ АЗАМАТ НУРЛАНОВИЧ…

Кантаев Азамат Нурланович 2 мин 90 оқылым
Дене шынықтыру

Спорттық ойындар

Дене шынықтыру Дене шынықтыру пәнінен баяндама Кіріспе Қазіргі таңда дене тәрбиесі мен спорттың адам өміріндегі маңызы ерекше. Дене шынықтыру арқылы адамның денсаулығы нығайып, дене дамуы жақсарады. Соның ішінде спорттық…

Қантаев Азамат 3 мин 68 оқылым
Дене шынықтыру

Аралас мектептегі ұлттық ойындардың педагогикалық маңызы және оны қолданудың тиімділігі

Түркістан облысы, Жетісай ауданы, «А.Жами атындағы №24 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Қазіргі білім беру жүйесіндегі басым бағыттардың бірі – мектеп…

Аскаров Сарсенбек Ерболсынович 3 мин 44 оқылым