Қыз алып қашу — Кавказ, Қырғыстан, Эфиопия сонымен қатар біздің еліміздеде осы әдет-ғұрып сақталған. Салт- дәстүр деймізбе әлде қылмыстық іспе?
Бірақ бүгінгі таңда әлемнің көптеген елдерінде бұл заңды неке емес, қылмыс болып саналады.Ұлтымыздың салт-дәстүрлері жетіп артылады. Қызды алып қашу көнеден бүгінге дейін сақталып келе жатқан дәстүр. Осы салт-дәстүрді көпшілік дұрыс түсінбей жатады. Негізінде қыз алып қашу –қазақ халқының қанына сіңген үрдіс. Дәстүрлі қазақ қоғамында кейде жол-жоралғы жасап, қалың мал беруге шамасы келмейтін жігіт ұнатқан қызын өзара келісіммен алып қашқан. Яғни, қыз алып қашу өз заманында қоғамның қажеттілігіне орай пайда болған дәстүр.Соңғы уақытта көп талқыланып жүрген қыз алып қашу туралы сан түрлі пікірлер бар. Егде жастағы кісілер қызды алып қашуды дұрыс санаса , ал жастар көп жағдайда аталмыш салтты көп қолдай бермейді. Махаббат пен сүйіспеншілікке құрылмаған отбасының ертеңі жоқ деп те айтып жатады.Менің ойымша қазіргі таңда алып қашу салтының қызығы тарап қызуы басылған секілді.Неге?
Себебі қазіргі таңда адам құқығы жөніндегі уәкілдің бастамасымен Қылмыстық кодекске «Неке қию мақсатында адамды ұрлау» деген 125-1 бапты енгізу туралы ұсыныс жолданды.Қыз алып қашу екі тарап арасында келісім болған жағдайда бұл қылмыс емес. Ал келісімсіз алып қашу – нағыз қылмыс!Осыған орай әлеуметтік желідегі оқырмандарға
«Сіздің ойыңызша қызды алып қашқан дұрыспа?» - деген сауалнама қойдық. Оқырманның 86 пайызы «жоқ», ал 14 пайызы «иә » деген жауап берді.
Қорыта келгенде бала ер жетіп, қыз бойжеткен шақта әрбір ата-ана «ұлын ұяға, қызын қияға қондыруы» парыз. Бірақ "қыз мұраты – кету" екен деп әй-шәй жоқ, көлденең жүрген көк аттыға ешкімнің де тигісі келмесі анық. Адам тағдыры, сезім, түсінік деген "дүниелерді" ескермей, жалғанды жалпағынан басып жүргендер қаншама? Қыз алып қашу қыз бен жігіт жағы өзара келісіммен, сөз байласуымен болатын салт-дәстүр. Бірақ, дәстүрді бұрмалауға болмайды.
Сағымбаева Асемай
Журналистика 3 курс студенті
Мақала құжаттары
Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар
Мақаланы телефонда ашыңыз
Телефон камерасын QR-кодқа бағыттаңыз — мақала бірден ашылады
bilimger.kz/dasturding-ozygy-bar-tozygy-bar-2
Осы материал бойынша
AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.
Асемай Таңатарқызы
Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз
Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.
- Сертификат (QR-коды бар)
- Google, Yandex жүйелерінде шығады
- Журналға шығады (онлайн)
- Анықтама, журнал
- Жеке кабинетте құжаттар сақталады
- Мақалаға тұрақты сілтеме
2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал
Мақала жариялау
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз
Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.