Мазмұнға өту

Дала уалаяты газетіндегі ауыз әдебиеті үлгілері

Болат Айғаным 3 мин оқу 82 оқылым

                       «Дала уалаятының газетіндегі» ауыз әдебиеті үлгілері

Қазақ баспасөзінің тарих жолында ұлт тіліндегі «Түркістан уалаяты» газетінен кейінгі екінші басылым - Дала уалаяты газеті. Әрі бұл газеттің ресми және бейресми нұсқалары болды. Ресми бөлімде патша өкіметінің бұйрық-жарлықтары басылса, ресми емес бөлімінде қазақ пен қырғыздың халық ауыз әдебиеті мұраларын зерттеуші Әбубәкір Ахметжанұлы Диваевтың мақалалары басылды.  Бұл газетке көптеген арнайы тілшілер өзінің мақалаларын жариялап отырған. Одан бөлек газетте өте ауқымды мәселелер белең алған.  Патшаның реакцияшыл, отаршылдық саясатын насихаттайтын материалдарды жариялаумен қатар, өзінің ресми емес бөлімін де егіншілікті өркендету, отырықшылыққа көшу, ғылыми жаңалықтар, мәдениетке ұмтылу, ел басқару , сауда ісін жолға қою сынды мәселелерді қамтыған.  Халық ауыз әдебиеті арқылы  қоғамдағы ауқымды әлеуметтік мәселелерді көтеріп, қозғап отырған. Сондай-ақ мұнда шетел және Ресейдің ішкі жаңалықтары, көршілес мемлекеттер жөнінде де хабарлар берілген.

«Дала уалаятының газеті» қазақ халқының өмір-тұрмысында прогресшіл рөл атқарған басылым.  Атақты орыс ғалымдары мен  саяхатшылары  бұл газеттің дамуына үлкен әсерлерін тигізді десем, кем болмас. Атап айтар болсам,  В. Радлов, Г. Потанин,  А. Ивановский, Н. Ядринцев. Міне, осындай кісілердің арқасында басылымда ғылыми, әдеби материалдар жарияланды.  Тағы да бір жайтты айта өтейін, бұл газетте «Редакцияға хат» атты белгілі бір бағдарлама ашылған болатын. Бұл жәй ғана бағдарлама болмады. Бұл жерде пікірталас орын алды десек те болады. Кейбірі бұл бағдарламада ақындардың өлеңін жинақ етіп, басып шығаруды талап етті, ал енді бірі жазба әдебиетін қалай дамыту керек екенін айтып жатты.  Бірақ соңында, көпшіліктің ойын саралай келе, халық туындылары мен белгілі ақын-жазушылардың  жазбаларын, шығармаларын басып шығаратын болып шешкен еді.

Газет бетінде қазақ әдебиетінің даму жолдары жөніндегі айтыспен қатар, қазақ тілінің кейбір проблемалық мәселелері жөнінде де үлкен сөз болған. Қазақ әдебиетінің даму жолдары жөнінде газет бетінде көтерілген айтыста әсіресе Дінмұхамет Сұлтанғазиннің, Асылқожа Құрманбаевтың пікіріне ерекше назар аударған. Олар қазақтың жазба әдебиеті жаңа жолмен, ұлы орыс халқының озық әдебиетінің үлгісімен дамуын көздейді.  Шоқан сияқты Сұлтанғазин де қазақ әдебиеті шығармаларының тілі мен стилі жаңа заманның талаптарына сай өзгеруі, бейімделуі керек деп есептеді.  Оның пікірінше, біріншіден, тіл байлығы халқымыздың ұғымын, идеясын, сондай-ақ ой-өрісін кеңейтуге себеп болған деседі. Екіншіден, жаңа ұғымдар, жаңа сөз, сөйлем түрлерін тудырған. Өзінің пікірін дәлелдеу мақсатында ол нақты мысал келтіріп дәлелдеген. «Едіге», «Тоқтамыс»  сияқты көне поэмалардың тілі кедей, сөздері жабайы деп жазған.  Сұлтанғазин ағамыз бұл поэмалардың өлең шумағы қазақтың ауызша поэзиясының ерекше түрі-жыр жанрына тән мөлшерде өте қысқа келетінін, ал мұның өзінің күні өтіп бара жатқанын, ол бұл әдіс тек көңіл күйін білдіретін элегиялық сипаттағы  өлеңдерде ғана қолдананылатынын атап айтқан.  О.Әлжанов жер-жерді аралап, ел аузынан ескі әдебиет үлгілерін жинаған. Оны жәй  жинаған жоқ, ертегі, аңыз, әңгіме, хикая түрінде өңдеп жазып, газет бетіне жариялаған болатын. «Танабай һәм Бабыр» , «Едігенің төресі», «Тақ Сүлеймен», «Алдаркөсе мен жылан» сынды ертегі, аңыз, хикаяларда астарлап болса да заман шындығы айтылған.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні- газет қазақ публицистикасы қалыптасуының үлкен бір кезеңі болды. Ресми орган болғанына қарамастан, қазақ халқының шаруашылығы мен мәдениетінің, қоғамдық ой-пікірінің дамуында белгілі бір дәрежеде әсер етті. Қоғамдағы тіс арасынан сыздықтатып болса да  көкейкесті қазақ мәселелерін  қозғап, халықтың көзін ашып, ел құлағына жеткізді. Қазақ фольклорының негізгі түп қазығы саналған сол замандағы ерекше көріністегі қазақ халқының жанашыры «Дала уалаяты газетінің» бетінде  жарияланған мақалалары қазіргі таңдағы ең ауқымды әрі өзекті мәселелердің тірегі болып табылады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Аллаберген Қырықбай, Нұсқабайұлы Жарылқасын, Оразай Файзолла. Қазақ журналистикасының тарихы(1870-2008 жылдар). Алматы: Білім, 2010.-308 бет.
  2. Қазақ баспасөзінің даму жолдары(1860-1930 жылдар). Қазақ мемлекет баспасы- Алматы:1964
  3. Қазақ журналистикасы қазақ баспасөзі.

Болат Айғаным Құрманғазықызы

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Журналистика факультетінің 1-курс студенті

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Болат Айғаным

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

“Ауыл тілі” газеті

“Ауыл тілі” газеті “Ауыл тілі” газеті- ауыл шаруашылығына арналған тұңғыш салалық газет 1926 жылы 20-шілдеден 1929 жылы ақпанның 12-ші жұлдызына дейін Қызылорда қаласында шығып тұрды. Бұл басылым негізінен, “Ауылға бет…

Болат Айғаным 81 оқылым 3 мин
Жалпы рубрика

Қазақ баспасөзі тарихынан ойып тұрып өз орнын алған қолжазба «Садақ» журналы және оның ұйымдастырушысы Жиенғали Тілепбергенұлы

Қазақ баспасөзі тарихынан ойып тұрып өз орнын қалдырып кеткен бұл қолжазба журналы 1915 жылдың қараша айының 9-жұлдызында Уфа қаласында жарық көрген. Ұйымдастырушылары ретінде Бейімбет Майлин мен Жиенғали…

Болат Айғаным 33 оқылым 3 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин