Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

3 мин оқу 90 оқылым

       “Ауыл тілі” газеті

“Ауыл тілі” газеті- ауыл шаруашылығына арналған тұңғыш салалық газет 1926 жылы 20-шілдеден 1929 жылы ақпанның 12-ші жұлдызына дейін Қызылорда қаласында шығып тұрды. Бұл басылым негізінен, “Ауылға  бет бұру” ұранын көтеріп, ауылды кеңестендіру саясатын жүзеге асыруда, бұл жөніндегі үкімет нұсқауларын, қаулы-қарарларын кедей-шаруаларға жеткізу үшін арнайы шығарылған басылым болған еді. “Ауыл тілі” газетінің ең алғашқы  нөмірі 1926 жылдың 27 шілдесінде жарық көрген. 1926 жылы партиялық тексеріс нәтижесінде газеттің № 1 санында «Қазақ тіліне шағым», «Бөртешілердің арманы» деген мақалалар жарияланып, онда партия-кеңестің қоғамдық жұмысындағы кейбір кемшілікті жақтары сынға алынғанжәне  “Оқушыларымызға” атты мақалаларда жарияланды. Бұл газеттің бағдарламасы және мақсаты қандай екенін алғашқы басылымында ақ жеткізді. Бұл газет Қазақстан аймағындағы қазақ бұқарасының басын қосып, мұң-мұқтажын шешетін орталық ордасы болады. Бұл газетте шаруаны көтеру, партия, кеңес құрылыстарын жөндеу, ел ішіндегі түрлі жолсыздықтарды жою жолдары көрсетілген. Газет ауыл бұқарасын тәрбиелеп, ауыл бұқарасының көз-құлағы болып, бүкіл дүниедегі болып жатқан оқиғалармен құлағдар етіп отырады деп жеткізген. Зерттеу нәтижесінде газеттің 3-жылға толмаған ішінде оқырманымен 1, 2, 3 рет кездесу ұйымдастырған екен. Осы үш  жыл мерзімде 129 нөмірі жарық көрген. Алғашқы 1926 жылы 22 нөмірі, 1927 жылы 51 нөмірі, 1928 жылы 50 нөмірі, 1929 жылы 5 нөмірі жарыққа шыққан екен. Таралымы-6800 дана.  «Ауыл тілінің» 1926-жылы тұңғыш нөмірі КирЦИК-тің төрағасы Жалау Мыңбаев редактор болып бекітілді. Кейіннен, редактор ретінде Өлкелік Атқару Комитетінің төрағасы Елтай Ерназаров бекітіліпті. Газет шаруа газеті делінгенімен, газет беттерінде ел өміріндегі қоғамдық-саяси, экономикалық-әлеуметтік мәселелерден де шет қалмады, оқу-ағарту, кеңестердің, кедей-жалшылардың қозғаласын өрістету, денсаулыш сақтау, әйел теңдігін қорғау, қоныстандыру сынды  тақырыптағы мәселелерді қарастырған. Газеттің “Кеңес Одағында” , “Шет жұрттарда”, “Ауыл тұрмысы” атты айдарлары болды. Газет жұмысына қазақтың көрнекті-жазушылары да белсене қатысып, өздерінің еңбектерін сіңірді. С. Сейфуллин, І. Жансүгіров, Б. Майлин, С. Мұқановтар болып, өздерінің әңгімелерін, жыр-жинақтарын жариялаған. М. Дулатов «Ауыл тілі» газетінің белді қызметкерінің бірі болды. Қазақстан Баспа комитетінің баспасөз бөліміне жазған хатында «Мен „Ауылгазетінде “ қызмет еткенде газеттің тіліне ажарлық (кейбір хаттарды түзеу), газеттерден керекті хабарлар теріп алу, орысша жарлық-үндеуді аудару… қызметтерін атқардым, мақала жаздым», — деп келтіреді. С.Сейфуллиннің “Ауыл байғұс,

мінекей”,С.Мұқановтың “Қысқы кіреші” өлеңдері, Б.Майлиннің “Рахиланың көк тұсағы” әңгімесі, І.Жансүгіровтың “Қонақтар мен қожайын” сықағы ең алғаш осы газетте жарияланды.

Газеттегі түрлі айдарларға сай өздерінің ішінде қарастырған тақырыптарыда болды. Мысалы, “Ауыл тұрмысы, шаруашылық” атты айдарында “Шаруа, малыңа қара, күйлі қылып бақ, тұқымын асылдандыр”, “ Шаруа, құнтты бол, мәшине сайманыңды күт”, “ Егін ырыс талғамайды, жұмыс талғайды” және “Денсаулық сақтай” бөлімінде мал аурулары, аурудың қайдан келіп шығатыны, жасалытын ем-дом сияқты қызықты мақалалар жарияланды. Бұдан басқа “Оқшау істер”, “Өнеркәсіп”, “ Сұрақ-жауаптар” және т.б. айдарлары болған.

Басылым сол заманда өте беделді болды. Өте өзекті мәселелерді қарастырып, ел-қаланы хабардар етіп отырды. Ал басылым ауылды кеңестендіру күресінде өзіне жүктелген міндетін абыроймен орындап, 1929 жылы ақпанның 12-ші жұлдызында 129 нөмірінен кейін өзінің жұмысын тоқтатты.

Пайдаланылған әдебиетте тізімі:

  1. Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл.
  2. “ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.
  3. Аллаберген Қырықбай, Нұсқабайұлы Жарылқасын, Оразай Файзолла. Қазақ журналистикасының тарихы ( 1870-2008). – Алматы: Білім.2010. – 308 бет.

Болат Айғаным

Әл-Фараби атындағы журналистика факультетінің 1-курс студенті

Авторы
Болат Айғаным

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Мақаланың жарияланғаны туралы анықтама (PDF)

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Қазақ баспасөзі тарихынан ойып тұрып өз орнын алған қолжазба «Садақ» журналы және оның ұйымдастырушысы Жиенғали Тілепбергенұлы

Садақ» қолжазба журналының тарихы, мақсаты мен авторлары, сондай-ақ Жиенғали Тілепбергенұлының ағартушылық қызметі туралы.

Болат Айғаным 3 мин 36 оқылым
Жалпы рубрика

Дала уалаяты газетіндегі ауыз әдебиеті үлгілері

Мәтінде «Дала уалаяты» газетінің қазақ ауыз әдебиеті мұраларын жариялауы, әдебиет пен тіл мәселелерін талқылауы және қоғамдық өмірдегі орны баяндалады.

Болат Айғаным 3 мин 83 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 62 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 238 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 151 оқылым