Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Білім берудегі цифрлық трансформация

Автор

Bilimger Media
4 мин оқу 259 оқылым

МРНТИ: 14.01.85

Амангелдина Динара Жасулановна
«Информатика» білім беру бағдарламасы
4 курс білім алушысы
Ғылыми жетекші: Байдрахманова Г.А.
Қ.Жұбанов атындағы АӨУ, Қазақстан, Ақтөбе қ.


Аңдатпа

Бұл мақалада білім берудегі цифрлық трансформацияның маңызы қарастырылады. Plickers, LearningApps және Mentimeter платформаларының оқыту процесіндегі рөлі сипатталады. Цифрлық технологияларды тиімді қолдану білім сапасын арттыруға көмектесетіні көрсетіледі.

Кілт сөздер: цифрлық трансформация, білім беру, Plickers, LearningApps, Mentimeter.

Аннотация

В данной статье рассматривается значение цифровой трансформации в образовании. Описывается роль платформ Plickers, LearningApps и Mentimeter в учебном процессе. Показано, что эффективное использование цифровых технологий способствует повышению качества образования.
Ключевые слова: цифровая трансформация, образование, Plickers, LearningApps, Mentimeter.

Abstract

This article discusses the importance of digital transformation in education. The role of Plickers, LearningApps, and Mentimeter platforms in the learning process is described. It is shown that effective use of digital technologies helps improve the quality of education.
Keywords: digital transformation, education, Plickers, LearningApps, Mentimeter.

Қазіргі таңда цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы білім беру саласына да айтарлықтай әсерін тигізуде. Сандық трансформация – бұл білім беруді жаңа деңгейге көтеретін, оқыту процесін тиімді әрі қолжетімді ететін маңызды қадам. Білім берудің цифрлық трансформациясы дегеніміз – оқыту мен үйрету процесіне инновациялық технологияларды енгізу арқылы оның сапасын жақсарту, заманауи цифрлық құралдарды пайдалану және білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Бұл мақалада Plickers, LearningApps және Mentimeter платформаларын қолдану арқылы цифрлық технологиялардың оқыту процесіне ықпалы қарастырылады. Бұл платформалар Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназияның 7-сынып оқушыларына «Кіріктірілген шартты операторлар» тақырыбын меңгерту мақсатында қолданылды.

Зерттеудің мақсаты: Білім беруде цифрлық трансформацияны қолданудың тиімділігін зерттеу және оның оқыту процесіне тигізетін ықпалын анықтау.

Зерттеудің міндеттері:

  1. Цифрлық трансформацияның білім беру жүйесіне енгізілуін талдау;
  2. Plickers, LearningApps және Mentimeter платформаларының мүмкіндіктерін зерттеу;
  3. Оқытудың интерактивті әдістерін жетілдіру жолдарын қарастыру;
  4. Цифрлық технологияларды қолданудың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау.
  5. Plickers платформасын қолдану

Plickers – бұл бағалау мен тестілеуді оңтайландыруға мүмкіндік беретін инновациялық құрал [1]. Бұл платформаның басты ерекшелігі – оқушылардың жауаптарын жылдам жинау және талдау. Plickers QR-кодтарын пайдалану арқылы оқушылар жауаптарын көрсетеді, ал мұғалім мобильді құрылғы арқылы оларды сканерлейді. «Кірістірілген шартты операторлар» тақырыбында өткізілген ашық сабағымда оқушылардың тақырыпты меңгергенін тексеру мақсатында жауаптарын жылдам тексеріп, сыныптағы белсенділікті арттыру үшін Plickers платформасы арқылы тест жұмысы жүргізілді. Оқушылар сұрақтарға арнайы QR-кодтармен жауап беріп, нәтижелері «өте жақсы» көрсеткіш бірден экранда көрсетілді. Бұл әдіс уақытты үнемдеуге және дәстүрлі бағалау әдістерін жетілдіруге мүмкіндік береді.

Plickers пайдалану артықшылықтары:

  • Оқушылардың белсенді қатысуын арттырады;
  • Деректерді тез жинауға және өңдеуге мүмкіндік береді;
  • Бағалау процесін автоматтандыру арқылы мұғалімнің жұмысын жеңілдетеді.

1-сурет. Plickers платформасында тест жұмысы.

  1. LearningApps платформасын қолдану

LearningApps – бұл білім берудегі интерактивті тапсырмалар құруға және қолдануға арналған онлайн-платформа [2]. Оқушылар өз білімдерін бекіту үшін LearningApps көмегімен әртүрлі тапсырмалар орындай алады. "Кірістірілген шартты операторлар" тақырыбын бекіту мақсатында интерактивті тапсырмалар құру үшін LearningApps платформасын қолданылды. Оқушылар «Кіріктірілген шартты операторлар» тақырыбы бойынша интерактивті сәйкестендіру тапсырмасын орындады. Бұл тапсырма арқылы теориялық білімдерін бекітіп, ұғымдарды дұрыс сәйкестендіру дағдыларын қалыптастырды.

LearningApps пайдаланудың артықшылықтары:

  • Интерактивті тапсырмалар арқылы оқушылардың қызығушылығын арттырады;
  • Өзара әрекеттесу арқылы білімді жақсы меңгеруге ықпал етеді;
  • Оқу материалын әртүрлі форматта (тест, сәйкестендіру, пазл және т.б.) ұсыну мүмкіндігін береді.

2-сурет. Mentimeter платформасында сәйкестендіру тапсырмасы.

  1. Mentimeter платформасын қолдану

Mentimeter – оқушылармен интерактивті жұмыс істеуге, кері байланыс алуға арналған заманауи құрал. Бұл платформа арқылы мұғалімдер онлайн-сауалнамалар, тесттер және викториналар өткізе алады.

Mentimeter артықшылықтары:

  • Сабақтағы белсенділікті арттырады;
  • Оқушылардың пікірлерін жинау және талдау процесін жеңілдетеді;
  • Оқыту процесінің тиімділігін арттыруға көмектеседі.

Сабақ соңында оқушылар Mentimeter көмегімен кері байланыс бере алады. Қорытындылап, оқушылардан кері байланыс алу үшін Mentimeter платформасы арқылы «Бүгінгі сабақ ұнады ма?» деген сауалнама жүргізілді. Оқушылар өз пікірлерін білдіріп, соңында сабақты жетілдіруге қажетті мәліметтер алды.

3-сурет. Mentimeter платформасымен кері байланыс жасау.

Білім берудегі цифрлық трансформация – бұл заманауи білім беру жүйесінің ажырамас бөлігі [3]. Plickers, LearningApps және Mentimeter секілді платформалар оқытуды жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Олар білім алушылардың белсенділігін арттырып, мұғалімдердің жұмысын жеңілдетеді және оқыту процесін тиімді етеді. Цифрлық технологияларды дұрыс пайдалану арқылы білім берудің сапасын арттырып, оқыту әдістерін жаңғыртуға болады.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Ахметова, Г. Ж. (2020). Цифрлық білім беру технологияларының тиімділігі. Қазақстан педагогика журналы, 3(45), 23-29.
  2. Siemens, G. (2005). Connectivism: A learning theory for the digital age. International Journal of Instructional Technology and Distance Learning.
  3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі. (2021). Цифрлық білім беру ресурстары: оқыту мен бағалаудағы жаңа мүмкіндіктер. Астана.

Соңғы жаңарту: 1 желтоқсан 2025, 11:13

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Осы тақырыптағы материалдар

Университет

Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қоғамның көз қарасы

Тұран Университтеті Журналистикалық факульттет тележурналист Мүмкіндігі шектеулі адамдар – қоғамның ажырамас бөлігі екені анық. Олар да өзге адамдар сияқты білім алуға, еңбек етуге, еркін жүріп-тұруға, қоғамдық өмірге…

Елубаева Жанерке Жамбылқызы 61 оқылым 3 мин
Университет

Қытай, Сингапур және АҚШ бастауыш мектептерінде ЖИ арқылы білім беру

Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, 4-курс Аңдатпа Мақалада Қытай, Сингапур және АҚШ бастауыш мектептерінде жасанды интеллектіні білім беру үдерісіне енгізу бағыттары мен…

Сайлаубекова Ақерке Жандосқызы 49 оқылым 21 мин
Университет

Ми неге жалқауланады? Оның түпкі себебі неде?

Мақалада жалқаулықтың артындағы ми процестері, энергияны үнемдеу әдеті, префронтальды қыртыс пен дофаминнің мотивацияға ықпалы баяндалады.

Текесбаева Диана Жанболатқызы 53 оқылым 4 мин