Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық сезімдерін тәрбиелеудің педагогикалық тұрғысы

Құбашева Гүлфайруз Серикбайқызы
3 мин оқу 1 076 оқылым

Құбашева Гүлфайруз Серикбайқызы

«Адамға  ең  бірінші  тәрбие  берілуі  керек,  тәрбиесіз  берілген  білім – азаматтың  қас  жауы,  ол  келешекте  оның  барлық  өміріне  апат  әкеледі», - депті  әл – Фараби  бабамыз.  Мұнан  өз  тағдырын  өзін  шешуге  қолы  жеткен  халқымызға  ұлттық  рухани  болмысты  дұрыс  қалыптастыру  аса  қажет  екенін  байқаймыз.

Отаннына  деген  сүйіспеншілікті  қалыптастыру  мәселесі – бүгінгі  күннің  білім  беру  жүйесі  алдында  тұрған  маңызды  міндеттерінің  бірі.

Отан  дегеніміз – халық.  Халық  дегеніміз – адам.  Адамды  сүю – оған  жақсылық  жасау.  Ендеше  отаншылдық – сонау  ерте  заманнан  қалыптасып  келе  жатқан  қасиетті  сезім.  Халықтық  құндылықтарға  сүйене  отырып,  елдікке,  ерлікке,  азаматтыққа  тәрбиелеудегі  өлең  - жырлар,  мақал – мәтелдердің  әсері  ұтымды  болатындығы  туралы  танымал  педагогтарымыз  айтып  та,  жазып  та  жүр.

Патриотизм  мәселесі  қай  халықтың  болмасын  басты  тәрбие  бағдары  болады.  Патриоттық  сезімді  тәрбиелеуде  түрлі  құралдар  пайдаланылады.  Патриоттық  сезімдер  құралдарына:

  1. Ұлттық құндылықтары – жер,  ел,  тіл  жатады.
  2. Ұлттық нышандары  - Ел  таңба,  Ту,  Әнұран.
  3. Ұлттық мәдениеті – сөз,  бейнелеу,  саз,  дене  тәрбие  және  т.б.
  4. Қазақ зиялыларының  өнегелі  іс - әрекеттері  мен  сөздері.

Халқымыздың  отан  сүйгіштік,  патриоттық  туралы,  ұлттық  мұрасының  даму  тарихына  үгілетін  болсақ, ХҮ – ХҮІІІ  ғасырлардағы  Асан  Қайғы  бастаған,  Ақтамберді,  Доспамбет,  Шалкиіз,  Бұхар,  Махамбет  т.б.  ақын – жыраулардың  поэзияларындағы  тәлімгерлік  ой  пікірлерінен  көреміз.

Жас  ұрпақтың  оның  ішінде  төменгі  сынып  оқушыларының  төл  мәдениетінен  нәр  алуы  ұлттық  фольклорымен  тығыз  байланысты.  Қазақ  халқының  өте  әрідегі  ата – бабаларының  өмір  сүрген  кезінен  (ҮІ  ғасыр,  Түрік  қағанаты)  бастау  алып,  күні  бүгінге  дейін  кәдесіне  жарап  келе  жатқан  рухани  мұраның  бірі – халықтық  педагогика.

Халық  педагогикасының  басты  мәселелерінің  бірі – ұлттық  үрдістер  тұтастығын  сақтай  отырып  азаматтық,  адамгершілік,  патриотизмге  тәрбиелеу  болды.

Қазақ  халқының  тәлімдік  мәні  зор  ой – толғаныстары  бесік  жырымен  батырлық  эпостарда,  ертегілер  мен  аңыздарда,  шешендік  сөздер  мен  айтыс -  термелерде,  жұмбақ  - жаңылтпаштар  мен  мақал – мәтелдерде  көптеп  кездеседі.  Мұндағы  ұрпақ  тәрбиесінің  негізгі  түйіні – адамгершілік – имандылық,  ақыл – ой,  еңбек,  эстетика,  дене,  патриоттық  тәрбиесіне  байланысты  мәселелерге  келіп  тіреледі.

Қазақ  халқы  бала  тәрбиесімен  арнайы  айналысатын  қоғамдық  орындар  (балалар  бақшасы  т.б.)  ашпаса  да,  өз  ұрпағын  бесікте  жатқан  кезіннен  бастап  - ақ  өлең – жыр  мен  әңгіме,  ертегі,  тақпақ  тәрізді  мәтіндік  ұлағаттармен  санамақ,  жаңылтпаш  сияқты  ойындар  арқылы  тәрбиелеп  отырған.

Отансүйгіштікке  тәрбиелейтін  мақал – мәтелдердің  алатын  орны  өз  алдына  бір  төбе.  Мақал – мәтел  ойды  қысқа  да  ұтымды  жеткізетін,  өмір  тәжірибесін  қолдана  айтатын  сөздер.  Онда  ел,  жер,  халық,  Отан  жайында  айтылған  өнегелі  сөздер  өте  көп.  Мысалы,  «Өз  елім  өрен  төсегім»,  «Ел – жұрты  бардың  жұтамы  жоқ»,  «Туған  жердің  күні  де,  күлі  де  ыстық»,  «Туған  жер – тұғырың,  туған  ел -  қыдырың»,  т.б.  мән  мағынасына  зер  салатын  болсақ,  ешқандай  дәлелдеуді  қажет  етпейтін,  жас  ұрпақтың  отансүйгіштік,  патриоттық  сезімін  жетілдіру  үшін  қажетті  қағидалар,  бұлардың  тәрбиелік  мәнін  түсіндіре  отырып,  бала  тәрбиесінде  кең  пайдаланылды.

Жұмбақ - өскелең  ұрпаққа  білім  берерлік,  тәрбиелік  мәні  бар  құралдардың  бірі.  Мақал  адамның  логикалық  ойын  дамытса,  жұмбақ,  жаңылтпаш  жас  баланың  тілін  жетілдіріп,  табиғат  өмір  жағдайындағы  түсінігі  мен  қиялдау  қабілетін  дамытады.  Жұмбақ  ең  алдымен  жас  бөбектерге  үйретілген.

Шоқан  Уәлиханов  баға  жетпес  құнды  еңбектерінде  ауызекі  шығармашылық  арқылы  халықтың  (өлең,  мақал – мәтелдер,  эпостар  және  т.б.)  патриоттық  тәрбиеге  қойылған  талап  тілектерін,  ой – пікірлерін  көрсете  білген.

Ол  үшін  бізге  отансүйгіштік,  патриоттық,  ұлттық  сана – сезім  қажет.  Бұл  қасиеттер  ұрпақ  бойына  оқумен,  біліммен,  үйренумен,  талаптанумен  бітеді.  Ұлы  қасиеттерді  ұрпақ  бойына  дарытатын  ұстаз,  ата – ана,  тәрбиеші,  қоршаған  ортасы  екені  дау  туғызбайды.  Патриотизмнің  шынайы  үлгісі – ұстаз.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Құбашева Гүлфайруз Серикбайқызы

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Бастауыш сынып

Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін нейрогимнастика арқылы арттыру

Ғылыми мақалада бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттыруға арналған нейрогимнастика жаттығулары мен нейроойындарды сабақта қолдану жолдары сипатталған.

Bilimger Media 2 мин 36 оқылым
Бастауыш сынып

Бастауышпен қоштасу сценарийі

Тақырыбы: «Қош бол, сүйікті бастауышым!» Қатысушылар: Жүргізушілер, 4-сынып оқушылары, бастауыш сынып мұғалімі, ата-аналар, мектеп әкімшілігі. Безендіру: Шарлар, гүлдер, «Қош бол, бастауыш мектебім!», «Алға, 5-сынып!»…

Bilimger Media 4 мин 518 оқылым
Бастауыш сынып

Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін реинтеграциялау: нейропедагогикалық және цифрлық тәсілдер

№50 жалпы орта білім беретін мектеп Өскемен қаласы Аңдатпа Бастауыш білім беру деңгейіндегі білім алушылардың, соның ішінде екінші оқу жылындағы субъектілердің танымдық уәждемесінің деструкциялануы – «бейімделуден…

Қалиқатбек Жансая Мұқаметбекқызы 6 мин 69 оқылым
Бастауыш сынып

Бастауыш сыныпта цифрлық технологияларды қолдану

Лауазымы: Бастауыш сынып мұғалімі Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы Ж.Жүсібалиев атындағы Ойыл қазақ орта мектебі Аннотация Бұл мақалада бастауыш сыныпта цифрлық технологияларды қолданудың маңызы мен тиімділігі қарастырылады.…

Қуатқызы Зина 5 мин 277 оқылым