Мазмұнға өту

“Басқару психологиясы” пәні - болашақ менеджерлерді дайындаудың ғылыми парадигмасы

Alisher 2 мин оқу 34 оқылым

Нарықтық экономиканы бетке алған қазіргі қоғамның қоятын талаптары өте жоғары. Әлем күн сайын өзгеруде. Осыған сәйкес жаңару міндеті барлық мемлекеттің алдында тұр.
Экономиканың барлық саласында жұмыс өнімді болуы үшін оны атқарушы қызметкерлер талапты болуы керек. Жұмыстағы ахуал, психологиялық атмосфера ұжым мүшелерінің жұмыс жасау деңгейіне, дамуына және мотивациясына әсер ететіні ақиқат. Кез келген ұжымдық еңбекте әрбір индивидтің атқаратын рөлі мен функциясы болады. Соның ішінде басшының атқаратын қызметі орасан зор. Өйткені ұжымдағы лидер - ұжым жұмысының алға жылжуына негіз болады. Арнайы білім алған, сауатты, парасатты, жанашыр лидер әріптестерінің өзегі бола отырып, ұйымның алда болуына ықпалдасады. Сондықтан басқару негіздерін психологиясын меңгеру қазіргі таңда өте өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетікөп жылдық оқу және ғылыми жұмыс тәжірибесіне бай. Қазақстанның жоғарғы оқу орындарының бас рейтингісінің көшбасшысы болып табылады. Осындай алдыңғы қатарлы оқу орнында – басқару психологиясы пәні оқытылады. Осы басқару психологиясы пәніненқазақ ұлттық университетінің 1 курс магистранттары Жұбаназарова Назираш Сулейменовнаның жетекшілігімен “Лидерлік дағдыларды түсіну және қолдану” тақырыбында ашық семинар сабағын өттік. Сабақ барысында лидер мен басшының аражігін ажыратып, лидерлік қасиеттер мен дағдыларға тоқталдық.
Басшылық әрқашан өкіметпен байланысты, басшыларды тағайындайды және олар өкілеттікті қолға алып, ресми түрде әрекет істейді. Лидер -жетекшіні айналасындағылар сайлайды және оны мойындайды. Лидер интеллегентілік, инициатива, өзіне деген сенімділік, шешім шығара алу, көрегендік, мотивациялық қабілеттерге ие болуы қажет.
Лидер (ағылшынның «басты» деген сөзінен алғанда) – ұйымның мүддесін қанағаттандыруға бағытталған бірлескен қызметті біріктіру мақсатында басқаларға ықпал етуге қабілетті адам. Лидерлік дегенімізәрқашанда қорғап қалуға керекті белгілі бір мәртебе, позиция, адамдардың іс-әрекетіндегі, ұйымдық процестегі аяқ астынан болатын нәрселерді бастан өткере білу.
Лидердің маңызды бес белгісі мен сапасы мыналар:
Біріншіден, биологиялық дәрежесі – денсаулық-жағдайы, темпераменті тұрақтылығы. Екіншіден, психологиялық дәрежесі – мінезі, эмоциясы, қабілеттері, интелектісі, стресске төзімді болуы, үшіншіден,әлеуметтік-психологиялық дәрежесі – ұстанымдары, көзқарасы, қарым-қатынасы тұрақты болуы шарт. Жалпы кез келген ұжымдық ортада қызмет ететін адамға лидерлік қабілеттерді бойын сіңіруге тырысуы керек. Осы орайда басқару психологиясы пәнінің пайдасы мол.
Басқару психологиясы пәнінен басшының ұжым алдындағы менеджменттік функцияларын, оның маңызын, өзектілігін терең зерттеудеміз. Әріптестердің өзара ішкі байланысы, психологиясы, жұмыс этикасы, жұмыс өнімділігінің жоғары деңгейдегі көрсеткіш көрсетуі тікелей басшының қоғамдастық әрекеттерімен байланысты. Сол себепті біз әр сабағымызда еркін формада осы мәселелерді талқылап, ғылыми негіздерге сүйене отырып қарастырамыз. Ол арнайы мақсатпен, ғылыми әдіс-тәселдермен, түрлі заманауи парадигмаларға сүйене отырып, түрлі ғылымдар интеграциясында, пәнаралық байланыста қарастырылады. Еліміздің келешек тұтқасын ұстар қазіргі жастарымыз қай салада болмасын көшбасшы, бәсекеге қабілетті болуы, өзгермелі қоғамды кез келген жаңалықты жатсынбай қабылдай алатындай болуы үшін бұл пәннің маңызы жоғары.

Жубаназарова Н.С.
психология ғылымдарының кандидаты, профессор
Адилова Э.Т.
жалпы және қолданбалы психология кафедрасының
аға оқытушысы, PHD доктор
Муратбаев А
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистранты

Соңғы жаңарту: 26 қараша 2025, 13:34

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Alisher

Автордың басқа материалдары

Физика

Компьютерлік технологияларды арқыла физика пәнін оқыту

Компьютерлік технологияларды арқыла физика пәнін оқыту Қалық Әлішер Ғалымжанұлы e-mail: [email protected] Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Алматы қаласы Магистрант «Математика, физика және…

Alisher 46 оқылым 11 мин
Жалпы рубрика

Торғай газеті және Ә. Балғынбаев

Әль- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Журналистика факультеті 101 топ Жунусов Әлішер Торғай газеті және Ә. Балғынбаев. Торғай жері еліміздің қаншама даңқты да парасатты адамдарын шығарған өлке. Торғай жерінен 50…

Alisher 75 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

Атың шықпаса Тик токқа кір

Қазіргі уақытта Қытайда шыққан «Тикток» әлеуметтік желісі белсенді дамуда. Интернетте Тикток Facebook, YouTube, Instagram желісін пайдаланушылар саны бойынша оны артқа қалдыруда. Аты күдік тудырмаса да, кірейін десең,…

Alisher 26 оқылым 1 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Университет

Modern Methods of Predictive Control of Technological Processes in the Oil and Gas Industry: A Review

Тарихқызы Сымбат – магистрант образовательной программы «Автоматизация и управление», кафедра системного анализа и управления, Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилёва, г. Астана, Казахстан E-mail:…

Bilimger Media 31 оқылым 9 мин
Университет

Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қоғамның көз қарасы

Тұран Университтеті Журналистикалық факульттет тележурналист Мүмкіндігі шектеулі адамдар – қоғамның ажырамас бөлігі екені анық. Олар да өзге адамдар сияқты білім алуға, еңбек етуге, еркін жүріп-тұруға, қоғамдық өмірге…

Елубаева Жанерке Жамбылқызы 53 оқылым 3 мин
Университет

Қытай, Сингапур және АҚШ бастауыш мектептерінде ЖИ арқылы білім беру

Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, 4-курс Аңдатпа Мақалада Қытай, Сингапур және АҚШ бастауыш мектептерінде жасанды интеллектіні білім беру үдерісіне енгізу бағыттары мен…

Сайлаубекова Ақерке Жандосқызы 41 оқылым 21 мин
Университет

Ми неге жалқауланады? Оның түпкі себебі неде?

Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті Факультет: Журналистика Мамандық: Қоғаммен байланыс Эволюциядан қалған әдет: энергияны үнемдеу Адам миы әрқашан энергияны үнемдеуге тырысады. Мұның өзіндік себебі бар.…

Текесбаева Диана Жанболатқызы 50 оқылым 4 мин