Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Бақытжан Қаратаевтың большевиктік “Орал” газетіндегі ашына жазылған “Ашық хаты”: тарихи сипаты мен мәні

Дана
4 мин оқу 48 оқылым

Бақытжан Қаратаевтың большевиктік “Орал” газетіндегі

ашына жазылған “Ашық хаты”: тарихи сипаты мен мәні

ТАРИХ. Адамзаттың өткені-тарих. Тарихты білу, түсіну, орын алған әр оқиғадан хабардар болу әрбір саналы адамның парызы. Сол тарих беттерінің жеке-дара парағына айналған, қазақ елінің тағдыры үшін алатын орны қойнауда жатқан— XIX ғасырдағы қазақ баспасөзі. Сол замандағы баспасөздің бірі патша өкіметіне жақынырақ жұмыс жасап, “ағаш белсенді”  болса, енді біреулері ел қамын ойлап, газет арқылы қараңғы қапаста қалған “естірге құлағы, көрерге көзі болмаған”  халықты азат еткісі келді. Еңбекші қара халыққа саяси-мәдени тәрбие беру кезінде тың жұмыстар атқарған, жанкештілікпен жазылған осындай газеттердің бірі —  большевиктік “Орал”  газеті. Бұл газет материалдары  ашық түрде патша өкіметін қатаң сынға алып, барды бар деп, жоқты жоқ деп жариялады.  Халықтың жаншылып біткен ауыр халін, мұңға толы бейнесін газет бетіне айқын басты. Елінің ертеңгі жарқын болашағы үшін қара басын бәйгеге тіккен, рух-жігерімен ақиқаттың майын тамызған жандарды өз заманынының майталман батырлары  деуге болады. “Ашық хатын” ашық түрде жариялай білген  Бақытжан Қаратаевты да сол тізімге қосуға толық негіз бар. Қазақтың құтты атамекенін қоныс аударушылардың иелігіне беріп қоймау үшін патша өкіметінің назарын өзіне аударып,  “Орал” газетінің бар мүмкіншілігін пайдалана білді.

Октябрь жеңісінен кейін алғашқы жылдары Советтік Қазақстанның астанасы болған Орынборда 1907 жылы 4 қаңтардан 27 ақпанға дейін большевиктік “Орал” газеті шығарылып тұрды. Аты аталып отырған бұл газеттің бар болғаны 31 нөмірі ғана жарық көрді. Редакторы —Хусаин Ямашев болды. Орал газетінің алдына қойған мақсаты — пролетариатты топтастыруға шақыру, оның таптық саналылығын дамытуына көмектесу, шарулар мен қала кедейлерін біріктіру еді.

Орал газетінде қазақ еңбекшілері атынан Ресейге, ұлы орыс халқына жолданған Ашық хат басылды. Хаттың авторы патша өкіметінің қоныс аударту жөніндегі чиновниктерінің қазақ еңбекшілерін атамекенінен ығыстырып, жерін тартып алып жатқан жолсыздығын әшкерелей келіп, былай деп жазған: “Біз жоғарыда жазылған сөздерді орыс халқына дұшпандықпен айтып отырғанымыз жоқ.  Орыс халқы бізге дұшпан емес. Біздің бәріміздің дұшпанымыз  ол әуелден самодержавие правительстводұр” .

Мұнан кейін автор жер мәселесін екінші Думада әрбір халықтың мүддесіне сай етіп шешуін талап етеді. Бірақ  Дума жер мәселесін олай шеше алмайды, патша үкіметі құрымай, жер мәселесі шешілмейді  — деп айтқан. Хатқа “Қырғыздың уполномочнай” деп қол қойған.

Бұл хаттың авторы Бақытжан Қаратаев болуы мүмкін деп топшылайды профессор Бейсебай Кенжебаев. Өйткені ол екінші Думаның 1907 жылғы маусым айында болған мәжілісінде  Орал облысының депутаты ретінде сөз сөйледі, ал жоғарыдағы  “Ашық хат” бұрын жарияланған. Осыған орай “Уральский дневникте” жарияланған заң еңбекшілері атынан орыс халқына арналған авторы да Бақытжан Қаратаев болуы мүмкін. Өйткені бұл екі хаттың мазмұны, тілі мен жазу стилі ұқсас. Бірақ әлі де зерттелуді қажет етеді. Сол кезеңдегі Дума жағдайындағы Бақытжан Қаратаевтың көтерген мәселесіне бір тоқталып өтейікші.

Өз сөзін «Депутат мырзалар!» - деп бастаған  заңгер Бақытжан Қаратаевты қазақ халқын адам құрлы көрмей, тіпті олармен санаспай қоныстандыру саясаты ашу-ызаға булықтырды.Сөйтіп бұл жағдайды әділетсіздік деп таниды. Осынау көзге оттай басылған әділетсіздік заңгеріміздің көкірегіне сыймай, өршіл рухпен мынадай жалынды сөздерді айтуына түрткі болады: “Жергілікті халықтың  мүдделерімен есептеспей келген қоныстандыру қалай дегенмен де әділетсіздік болып табылуға тиіс. Ол қашан да күштінің әлсізді қанауы деп қабылданбақ. Сөз жоқ, қырғыздар, яғни қырғыз-қайсақ деп аталатындар-әлі дамудың төменгі сатысында тұрған қауқарсыз халық, сол себепті де олармен ортақ тіл табысуға болады және оларға зорлық көрсетудің ешқандай жөні жоқ». Бұл ойының соңында шаруаларды қоныстандыруды тоқтату керектігін жеткізеді.

Өткір тілді,орақ ауызды заңгеріміздің Думадағы көтерген  екінші бір мәселесі-өкіметтің қазақ жерінде жүргізіп отырған  жер саясаты. Иә, шынымен-ақ , Кеңес өкіметі тұсында жүргізілген бұл саясат көшпелі халықтардың жағдайын тым нашарлатты. Жаз жайлау, қыс қыстауға көшіп жүрген халықтың малы қырылып, қиын кезеңді бастан өткеруіне себеп болды. Бақытжан Қаратаевтың айтуынша, қырғыздар  тек көшпелі халық деген жансақ пікір. Қырғыздардың арасында көшпелісі де, отырықшы шаруалар да бар. Далалық облыстардың құнарлы жерлерінде отырықшы қырғыздар біраз жылдардан бері жайлап егін егіп келеді. Оларды жайлы қоныстарынан қуып шығу халыққа аса ауыр тиетінін, басы артық жерлері болса олар беруге риза екенін, қырғыздарды күшпен үйлерін тартып алып жатқандығына қарсы қолында нақты айғақ бар екендігін  ескертеді. Берілген он минутқа осыншама мәселені сыйғыза алған Бақытжан Қаратаев сол заматтағы қара халықтың басындағы бар мұң-зарын айтып жеткізе алды. Ащы шындықты  ашық айту ол тұста өз басын өлім белбеуіне байлағанмен тең еді. Жылан інін тартып алған тышқандай жапа шеккен, басына қара бұлт үйірілген халықтың төбесінде күн болып, қауқарсыз халыққа болысқан заңгеріміздің қайсарлығы ұмытылмақ емес.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Қ.Бекхожин “Қазақ баспасөзінің тарихының очеркі” (1860-1958) Алматы  “Мектеп” 1981
  2. Қ.Бекхожин “Қазақ баспасөзінің даму жолдары”
  3. Ж.Нұсқабайұлы , Қырықбай Аллаберген “Көне басылымдар, құнды деректер, аяулы есімдер" Алматы  “Рауан”  (1997-256 бет)

                                                                               Садырқан Дана

                                                                             “Әл-Фараби” атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

                                                                              Журналистика факультетінің 1-курс студенті

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Дана

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

“Қазақстан әйелдері” журналындағы ерекшеліктер

Қазақстан әйелдері» журналының тарихы, тұңғыш редакторы Сара Есова және басылымның әлеуметтік, отбасылық, мәдени тақырыптарды қамту ерекшелігі баяндалады.

Дана 3 мин 176 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 42 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 150 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 62 оқылым