Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

“Қазақстан әйелдері” журналындағы ерекшеліктер

Автор

Дана
3 мин оқу 176 оқылым

Мына дүниеде бір қолымен әлемді, бір қолымен бесікті тербете алатын жалғыз жан бар. Ол – әйел-ана. Әйел-ана – отбасының жүрегі, алтын діңгегі. Ежелгі заманнан-ақ, ата-бабамыз әйел затын жоқтан бар ғып өсіретін, ұрпақты адам етіп тәрбиелейтін, халық ішіндегі бірлікті ұйыстыратын ел ұйытқысы – ана деп қастерлеген. Қай заманның, қай дәуірдің «ұлы» деп таныған тұлғаларын алсақ та, ана туралы тайға таңба басқандай өз тұжырымдарын, әйел затына деген құрметін, ыстық ықыласын жалпақ жұртқа жария етіп отырған. Абыз-даналарымыз, би-шешендеріміз, ақын-жазушыларымыз әйел хақында қарымды қалам тербеген. Бұл, әрине, жалпақ жұртқа мәлім дүние. Ал көпшілік қауым осы қыз-келіншектерге арналған басылымдар жайлы біле ме екен? Ел бейнесін айқындайтын өмір айнасы – әйелдерге арналған басылымдардың бар екенін біреу білсе, біреу білмес. Сондай қыз-келіншектер мен әйелдерге арналған бірден-бір бірегей басылымдардың бірі – «Қазақстан әйелдері» журналы.
«Қазақстан әйелдері» 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысы қарсаңында «Әйел теңдігі» журналы жабылып қалып, кейіннен 1956 жылдан бастап «Қазақстан әйелдері» деген атпен шығып тұрған. Түп төркіні тереңде жатқан, осынау ұзын сонар тарихқа ие болған «Қазақстан әйелдері» әлі күнге дейін жалғасын тауып келе жатыр. Өйткені, журналдың қозғайтын тақырыбы мен көтеретін мәселесі өте ауқымды. Айталық, әлеуметтік мәселелер, аналар жайы, отбасы берекесі, ұрпақ тәрбиесі, ел арасындағы ең өзекті саналатын сан алуан тақырыптарға қалам тербейді. Журналдың басты ерекшелігі – қазақ әйелдеріне саяси және мәдени-рухани тәрбие берді, оларды партия мен кеңес үкіметі алға қойған міндеттерді орындауға жұмылдырды, баспасөз арқылы бұқараның қалың ортасына ой тастап, сол арқылы өнер-білімге, мәдениетке үндеу, жасқаншақ, етекбасты ауыл әйелдеріне жаңа қоғамның мән-жайын түсіндіру, өз мүддесін қорғауды үйрету болды деп есептеймін. Жиырмасыншы ғасырдың басында әйелдер мұңын әйелден артық ешкімнің айта алмайтыны белгілі болатын. Дәл осы қажеттілік негізінің көрінісінің бір парасы «Қазақстан әйелдері» журналының тұңғыш редакторының әйел адам болуында. Ашығын айтсақ, «Әйел теңдігі» (қазіргі Қазақстан әйелдері) журналы алғаш Сара Есованың редакторлығымен шыққан. Журналдың қазақ баспасөзінде ғана емес, «қазақ» атты бүтін бір ұлтты құрап отырған әрбір қара шаңырақтың іргесі үшін алатын орны айрықша. Журналдың екінші ерекшелігі – бір бағытты ғана ұстанбай, ғылым-білім, мәдениет, мал шаруашылығын өркендету, егін шаруашылығы сияқты қоғамның әртүрлі саласынан қажетті ақпараттар беруінде. Журнал тақырыбына қарап: «Бұл журнал тек әйелдерге арналған»- деген пікір қате болар. Өйткені, журнал бетінде мектеп және нарық, іскерлік пен ізденіс, ішкі істер бөлімін де қозғайтын мақалалар, поэзияға арналған айдарлар, қазақы қалжыңдар (анекдоттар) да басылған. Ел өмірінің көкейкесті мәселелерін кеңінен қозғай отырып, ұл мен қызға тәлім-тәрбие, келін мен балаға инабат-ізет, отбасы өнегесін үйрететін, оқырманын көркем әңгіме, жақсы жырмен сусындатып, құлақ құрышын қандырар жаңа әндерді насихаттайтын әр шаңырақтың айнымас досына айналды. Осы журналдың 1995 жылғы 7-ші нөмірінің 12-санын парақтап отырып, «Қазақстан әйелдерінің» қоғамды меңдеп бара жатқан бір мәселемен ғана тоқтамайтынын аңғардым. Мысалы, «Бір отбасының қасіреті туралы. Кім кінәлі?» деген мақалаға бірден көзім түсті. Аталмыш мақаланың оқырманның санасына қондырайын деген түйіні, бүгінгі жастарға сабақ болсын деп айтқысы келгені – отбасы тәрбиесіне аса үлкен мән беру керек дегенінде. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген қағиданы ұстана отырып, бір-бір ұл мен қызды тәрбиелеп отырған ата-аналарға құлаққағыс ретінде жарияланғандай. Журналдың үшінші ерекшелігі – журналда жарияланатын сандар белгілі бір облысқа, халыққа зор еңбектері сіңген тұлғаларға арналып отырған. Сондай-ақ, журналды шетел қазақтары мен одақтас республикаларда тұратын қазақтар да журналға жазылып, оқыған. Журнал сипаты аталған ерекшеліктермен ғана тоқтап қалмайды. Қорыта келе, «Қазақстан әйелдері» журналы, әуелі, әйел затын бағалай отырып, шаңырақ ұйытқысы екендігін танытты, сөйтіп халық бірлігін сақтауға ұмтылды. Қазақ даласында, қазақ баспасөзінде осындай журналдың болуы адам көңіліне қуаныш сыйламай қоймайтыны анық. «Қазақстан әйелдері» журналының ғұмыры ұзақ болсын!

Пайдаланған әдебиеттер
Жаған А. Қазақстан әйелдері//Дәуір,-№2. -1995. -18-19 бб.
Иманғали М. Қазақстан әйелдері журналына 30 жыл редактор болған Әтина Жакетова//Қазақстан мұғалімі, 22 наурыз. – 2004.

Садырқан Дана,
Журналистика факультетінің
1-курс студенті

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Дана

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Автордың басқа материалдары

Ашық сабақтар

АЛАШ ТУЫ АСТЫНДА, КҮН СӨНГЕНШЕ СӨНБЕЙМІЗ!

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де өткен тәрбие сағатында Алаш зиялыларының еңбегі дәріптеліп, студенттер қойылым көрсетіп, танымдық тапсырма орындады.

Дана 33 оқылым 2 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 41 оқылым 7 мин
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 135 оқылым 6 мин
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 44 оқылым 2 мин