Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Баланың жақсысы қызық,жаманы күйік

Bilimger Media
4 мин оқу 1 650 оқылым

Адамның болашағы-бала. Оны тәрбиелеу, өсіру оңай емес. "Баланың жақсысы-қызық, жаманы-күйік" деп сол нәрестені тәрбиелеуде кеткен ағаттықтан болған олқылықты айтады. Біз егемендік алып, еркін өмір сүре бастағаннан бері ұрпақ тәрбиесінде қаншалықты мүмкіндіктерге қол жеткізе алдық?! Кеткен кемшіліктерді оңалту үшін нендей жұмыстар атқарумыз керек. Бұл тұрғыда ұстаздар қауымына жүктелер міндет оңай емес Қазіргі жаһандану кезеңінде баланың жақсысы-қызық, жаманы-күйік дер едім. Адам бойындағы жаман қылықтың жас күнінен қалыптасатынын білеміз. Соған әсер ете алмағанымызға қиналамыз. “Неге?”- деген сұрақ ұстаздарды ойлантады. Тегінде, біз тәртіпті, әдепті халықпыз. Сонау замандағы ата-бабаларымыздың өмір жолдарына назар аударсақ, ойың жадырайды. Өйткені, олар орнымен айтылған сөзге тұрған, тоқтаған. Сондайдан болар, сол кезде сауықтыру орны да, түрме де болған жоқ. Бірлі-жарым дау-дамайларды билер шешкен. Олардың қара қылды қақ жарған билігі орындалған. Міне, осылай сөзге түсініп, қателігін мойындау да мәрттік. Қазіргі кездегі ең бір жаман әдет сөзге де түсінбейді, қатаң жазаланса да өздерін кінәлі сезінбейтіндер арамызда көп. Меніңше, баланың әдепсіз, бұзақы болып өсуінің әртүрлі себептері бар. Оның ең бастысы-отбасындағы тәрбиеге байланысты. Іргетасы отбасында қаланған тәрбие мықты болады. Жалпы, ешқандай ата-ана баласын жаман болсын демейді. Бірақ жақсы болу үшін не істейді, қандай әдістер қолданады? Балам жақсы болса екен деп армандап қана қою аз. Білімді, тәрбиелі, мейірімді бала сіп-жетілу үшін күндіз- түні тынымсыз тер төгіп, өзі де үздіксіз жетілу үстінде болу керек. Бар махаббатыңды төгіп, көп көңіл бөліп, баптап-күтсең ғана жеміс ағашы сияқты, кейін скенде жайқалған жапырақтарын саялайсың, жемісін жейсің. "Ата-ананың міндеті-тәрбиелеу және жақсылық үйрету" деген екен бір ұлы адам. Сол жақсылықты, ізгі істерді өзі істеп, үлгі болу керек. Бала соны қайталайды. Жоғарыда айтқандай, бұзық болып өсуінің, қатыгездік, мейірімсіздік, жауыздық клеткаларын оятатын факторлар жетіп артылады екен. Бұған өзінің үлкен үлесін қосып отырған -теледидар. Мән -мағынасы жоқ, шешілмейтін мәселесі көп, аяқталмайтын сериалдар топтамасы. Кейіпкерлердің өзі де, сөзі де, дауысы да әсерсіз мультфильмдер, өш алу жолында неден болса да тайсалмайтын атыс-шабыс, қан жоса кинолар, қала берді өз әкесін, анасын балтамен шауып өлтірген бала бейнесі. Сол өлтіруді көрген, бөлшектеуді үйренген буыны бекімеген, ақыл-ойы әлі дамымаған баламыз теледидарды күнде көре берсе, көзі де, еті үйренеді. Енді бірде, сол әрекетке өзі бармасына кім кепіл? Елбасы мереке алдындағы аналармен кездесуінде; "Қазір бүкіл әлем жас ұрпақты планшетпен қарауға емес, кітаптан оқуға үйретудің маңыздылығын түсіне бастады" деп айтуы бекер емес. Мен әр жылдары өзімнен дәріс алған сыныбымдағы 15-20оқушының ешқайсысын бір-бірінен кем көрмедім. Бәрінің де мінезі жақсы, көпшілігі беске оқыды.. Оларды тәрбиелеп оқыту үшін қолдан келген барлық педагогикалық мүмкіндікті пайдаландым. Өз баламдай жақсы крдім. Ата-аналармен де таныстым, ашық пікірлесіп тұрдық. Ұлттық педагогика негіздерін жаңаша оқытып, тәрбиелеу жолдарын тауып, отыз жылға жуық уақыт ішінде мен оқытқан сынып оқушылары арасынан әртүрлі азғындық жолға түскен ешкім жоқ. Қазақ ұлтының тағдыры- баршамыздың тағдырымыз. Біздің ұлтымыз ислам дінін ұстанады. Сол ислам дініне жат іс-әрекеттер, пікірлер бізге де жат. Бүгінде қайсыбір қаланы, керек десеңіз, ауылдарды алсаңыз да өкінішке орай, сол имандылықтың адал жолынан адасқан жастар тобын креміз. Ал, тепсе темір үзетін жігіттеріміз бен он екіде бір гүлі ашылмаған қаракөз қыздарымыздың ойын-сауық орындарында, кафе-мейрамханаларда жастық өмірлерін сыра, арақ, темекіге улауы .жүрекке сызат түсіреді. Есірткіге еліткен жастар легі ауылда да қылаң береді. Тағы бір қынжылатын жайт, мектеп бітіре салысымен отбасын құрған ұлдар мен қыздар өз дәрежесінде бала тәрбиелей алады дегенге сенбеймін. Олардың бойында ұлттық салт-дәстүрдің, әдет-ғұрыптың өзі дұрыс қалыптаспаған. Тек олар жастық сезіммен үйленудің жолы осы екен деп үйлене салады. Ол-ол ма, олар ертеңгі күнінің қалай болатынын да ойлап жатпайды. Kиелі білім, мамандық алып, өз басының күнкөрісіне талаптанса олай болмас еді. Сонда өздерінің болашағын ойластырмаған жігіт пен қыз отасып, қандай бала тәрбиелемекші. Міне, біздің арамызда осындай жастар бар. Олар да ата-ананың тәрбиесінен, ұстаз алдынан өткендер. Бірақ "Өзім білемге" салып, ешкімнің ақылын тыңдамағандар. Сөйтіп, тәрбиесіз ұл мен қыз отасып, одан туған бала әр түрлі бұзақы жолға түсіп, айналасындағылардың мазасын алып жүр. Ел болып, мемлекет болып "еңсемізді көтеріп, есімізді жинайық". Дүниежүзіндегі өркениетті отыз елдің арасында болу үшін ұлтымыздың ынтымақ, бірлікте жасап, өсіп өркендеп, саналы ұрпағымыздың көбейіп, жетіле түсуіне бәріміз де бір адамның баласындай атсалысайық, ағайын! Әйтпесе, баланың жаманы - күйік.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Қазақ әдебиеті

Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл: білімнің шамын жаққан ұлы тұлға

Мақалада Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық қызметі, қазақ балаларына білім беру жолындағы еңбегі мен әдеби мұрасы сөз болады. Оның шығармаларындағы білімге құштарлық, еңбекқорлық және адамгершілік идеяларының бүгінгі маңызы көрсетіледі.

Қожабек Амина 2 мин 11 оқылым
Қазақ әдебиеті

Асқар Алтайдың «Сират көпірі» шығармасы: тарихи романның көркем жүйесі мен рухани ұстанымдары

Мақалада Асқар Алтайдың «Сират» романы тарихи-философиялық қырынан талданып, кейіпкерлер жүйесі, көркемдік құрылымы және ұлттық рух мәселелері қарастырылады.

Жазит Алтынай 12 мин
Қазақ әдебиеті

Аңыз әңгімелердегі ұлттық құндылықтар

Ғылыми мақалада қазақ аңыздарының тарихи жадты сақтаудағы және ұлттық құндылықтарды ұрпақ тәрбиесіне жеткізудегі маңызы қарастырылады.

Сейтхан Ернұр 4 мин 29 оқылым
Қазақ әдебиеті

Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында инновациялық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру 

Шымкент қаласы. Қазақстан Зиятркелік "Бәйтерек мектебі" қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Бұл мақалада қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында инновациялық технологияларды қолданудың тиімділігі қарастырылады.…

Тельмаева Назерке Жаскыранкызы 3 мин 123 оқылым