Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

«Бала тілін дамыту»

Айдана
3 мин оқу 60 оқылым

                                                                                      Нүсіпжанова Айдана Баққожақызы

                                                                                      Алматы қаласы Алатау ауданы

                                                                                     КМҚК «№177 бөбекжай-балабақшасының»

                                                                                     Ересек «Тұлпар» тобының

                                                                                     ІІ санатты тәрбиешісі

Тіл - қоғамдағы адамдардың бір - бірімен пікір алысып, қарым - қатынас жасайтын құралы. Тіл – ұлт ерекшеліктерінің бірі, ұлт мәдениетінің бір формасы, тілде әрбір халықтың ұлттық дәстүрінің, сана сезімін, ойлау тәсілінің, мінез - құлқының белгілері бейнеледі. Баланы ана тілінде дұрыс сөйлеуге үйрету арқылы олардың бойындағы тілдік мәдениетті қалыптастырамыз. Олай болса тіл адам баласы қоғамымен бірге туып, өмір сүріп, ұрпақтан - ұрпаққа мирас болып келе жатқан мұра. Баланы тілдік мәдениетке тәрбиелеуде отбасының, бала - бақшаның қажырлы еңбегі орасан.

Бізде қазақ халқының дәстүрінде бала тілін шығару анасы жүктілік кезінен басталады. Себебі үлкен аталардың, әжелердің жақсы өсиет сөздерін ести отыра іштегі балаға өте жақсы әсер етеді. Бала өмірге келген соң , жақсы сөздер айтып қырқынан шығарып, бесікке салады. Бесікке жатқан  кезден   қазақ ертгілерін, мысалы: Алтын сақа, Алпамыс,батыр, Ертарғын, Қобыланды батыр ертегілерін айта отырып балалардың ойының өсуіне , дамуына үлкен пайдасын тигізеді. Бесік жырын айта отыра баланың ой өрісін қалыптастырады. Бір жастан асқан баланы ата-әжелері аяғына отырғызып жақсы сөздер айта отырып

мысалы:Үйіңнің қуанышы бол,

Бауырыңның жұбанышы бол

Жақсылығың көпке жетсін!

Қазақ халқының төрт түлігі баланың тілін дамытуға үлкен әсерін тигізеді. Түйенің өркеші, түйенің түсі, түйенің төлі бота, жылқының төлі  тайынша түстері, сиырдың төлі бұзау,түстері,қойдың төлі қозы түстері, ешкі төлі лақ түстері. Осы түліктердің төлдерін,түстерін атай отырып баланың ойын дамытуға және сөйлеу қабілетін жетілдіруге болады. 3 жастан асқан баланы ұлттық ойынымыз асықпен ойнау, асық ату,асық иіру, қан алшы ойындары, мысалы:асықты әр түске бояу арқылы баланың ойын түстерді ажырата білуге жетелеу. Баланы ойын арқылы мысалы:саусақпен ойнау, саусақпен санау (Қуырмаш ойыны)

1.Бас бармақ

2.Балан үйрек

3.Ортан терек

4.Шылдыр шүмек

5.Кішкентай бөбек  қытықтап күлдіру арқылы сануды, сонымен қатар құрт май бар осы дәстүрлі дәмдерді айта отыра баланы  тәрбиелеуге үйретеді. Қуырмаш ойынын ойнай отыра баланың ой өрісінің өсуіне үлкен әсері бар.Баланы табиғатқа  алып шығып таумен таныстырып, тау жануарларының атын атай отыра мысалы:арқар, бүркіт,барыс және де тауда өсетін ағаш түрлері мысалы:шырша, ақ қайың, қара ағаш. Жеміс түрлері: алма ,алмұрт, шие, бүлдірген,долана  табиғаттағы осы атулармен баланың ой өрісін дамытуға болады.

Балаларға жасына қарай көркем әдебиет шығармаларын мазмұнын айтқызу, мақал - мәтел айту, жұмбақтар жасыру сияқты жұмыстарды да жүргізуге болады. Жұмбақ жаттау кезінде балалар өзінің білім дәрежесін байқап, көп білуге талпынады, ынта – жігері артып, жауапкершілікті сезінеді.

Мысалы: Қараңғыны түреді,

Ылғи жалғыз жүреді.

(ай)

Домалап кетеді,

Қайта домалап жетеді.

(доп)

Қабат - қабат қаттама,

Ақылың болса, аттама.

(кітап )

Мақал - мәтелдің де бала тәрбиелеуде орны ерекше.

Мысалы: Жақсы болсаң, жақын көп.

Тіл - буынсыз, ой - түпсіз.

Ағаш тамырымен мықты,

Адам жолдасымен мықты.

Жаңылтпаштар айту баланың тілін дамытуда маңызды рөл атқарады.

1.Шілікті шаптым,

Жілікті астым.

Шілікті жақтым,

Жілікті шақтым.

2.Қаштым қатты - ақ

Ұшты қалпақ,

Балақ сатпақ,

Аяқ батпақ.

Балаларды жан-жақты дамыту, олардың барлық кемістіктерін жөндеу,мектепке дайындаудағы балабақша алдындағы басты мақсат. Сол мақсатқа жету үшін талмай, қажымай еңбек ету міндетіміз.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Айдана

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

“Yassawi” инкубациялық бағдарламасы

Нұрғали Кіріспе Қазіргі уақытта әлемде инновациялар мен кәсіпкерлік қызметтер экономиканың дамуына елеулі үлес қосуда. Әсіресе, жоғары оқу орындарында студенттердің бизнес-инкубаторлары мен стартап жобаларын қолдау…

Айдана 4 мин 28 оқылым
Жалпы рубрика

Волонтер болу – жастардың ізгі ниеті, игі іс

Материалда жастар волонтерлігінің қоғамға пайдасы, қайырымдылық дәстүрі және Арыс оқиғасы мен пандемия кезіндегі еріктілердің еңбегі баяндалады.

Айдана 4 мин 103 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 42 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 150 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 62 оқылым