Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

«Бала тәрбиесіндегі ертегінің рөлі».

Жансая
2 мин оқу 80 оқылым

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы

№30 «Гүлдер» бөбекжайы,  Қазақ тілі мұғалімі  Джумакулова Жансая Арманқызы

Білім беру талаптарына сәйкес балдырғандарға мемлекеттік тілді  меңгерту қазіргі заманға сай білім мен тәрбиені ұрпақ бойына сіңіру-педагогтар еншісінде. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілдік қорын дамыту мен сөйлеу мәдениетін қалыптастыруда ертегілердің алар орны ерекше.  Қазақ  ертегілері  - әлеуметтік,  рухани – адамгершілік,  эстетикалық  тәрбиенің  қайнар  көзі.  Балалардың  сөйлеу  мүмкіншіліктерінің  даму  барысында  қазақ  ертегілерінің  оқыту  мен  тәлім - тәрбие  берудегі  рөлі  күннен  күнге  арта  түсуде.  

Ертегілер ауыз  әдебиетінің ең көне жанрына жатады. Өмірде сирек кездесетін немесе мүлде кездеспейтін ойдан шығарылатын оқиғалар баяндалады.Ол ауызша айтылып, ел есіне ғасырлар бойы сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, біздің дәуірімізге жеткен.Ертегілер көбінесе қара сөз түрінде айтылады.Кейде өлең  түрінде де кездеседі.

Ертегілердің әдетте  басталулары ұқсас:«Баяғы өткен заманда бір шал мен кемпірдің.....болыпты »

немесе «Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде» деп те басталады.Ертегі соңы «сөйтіп мұратына жетіпті» деп үнемі жақсылықпен аяқталады.Бұл балалардың қандай жағдайдың да жақсылықпен аяқталатынына  деген сенімдерін молайта түседі.

Ертегілер мынандай  жанрларға бөлінеді:

 1.Қиял-ғажайып ертегілер. Бұл ертегілерге батыр адамдардың басынан кешкен  сан-алуан ерлік оқиғалар баяндалады.Мысалы: «Ер Төстік», «Алтын балық», «Алтын сақа» т.б.

2.Хайуанаттар туралы ертегілер. Ата-бабамыз төрт түлік малды қадірлеп, пір тұтқан.Хайуанаттар туралы ертегілердің кейіпкерлері аң, құс, үй жануарлары болады. Алайда олар адамға тән қасиеттер, әрекеттер иесі болып суреттеледі де сол арқылы сұм қиянатшыл, арам,қу мінез қылықтары әшкереленеді.Еңбексүйгіштігі, батылдығы, адалдығы суреттеледі.

3.Шыншыл ертегілер.Бұл ертегіде халық өмірін, тұрмысын шындық тұрғыдан  бейнеленеді. Атқамінерлердің іс-әрекеттері әшкерленеді.

4.Тұрмыс-салт ертегілер.Бұл ертегіде өмірде болып жатырған оқиғалар баяндалады.Мысалы: «Алдар көсе мен бай», «Шықбермес Шығай бай» т.б.

Ертегілердің тілі көркем, қарапайым, түсінікті жеңіл болып келеді.Ертегілер арқылы балалардың ой-өрісі дамып қана қоймай, сонымен қатар тіл байлықтары, сөйлеу мәдениеті арта түседі. Осы орайда біздің жетістіктеріміз  ең  алдымен  ата-аналарды балалармен бірге ертегіні таңдай білуге көмектескендігіміз,ертегілерді рөлдерге бөліп ойнауға арналған құралдарды дайындағанымыз және балабақша өмірінде ата-аналармен біріге отырып балаларға ертегілерден қойылымдардың үнемі жүргізілуі.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Жансая

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Ашық сабақтар

День первого Президента Республика Казахстан

Мектепке дейінгі балаларға арналған сабақта Отан, мемлекеттік рәміздер мен Бірінші Президент күні туралы әңгіме қозғалып, ән мен өлең ұсынылады.

Жансая 2 мин 254 оқылым
Ашық сабақтар

Ю дыбысы мен әрпі

1-сыныптың сауат ашу пәніне арналған ашық сабақ жоспары. Оқушылар Ю әрпін танып, дыбыспен сәйкестендіреді, сөздерге дыбыстық талдау жасайды.

Жансая 5 мин 698 оқылым
Жалпы рубрика

«Ойна да ойлан» «4-ке дейін тура және кері санау»

Балаларға 1-ден 4-ке дейін тура және кері санауды үйретуге арналған сабақ жоспары. Жоспарда санамақ, сергіту сәті және «Көршілес санды тап» ойыны бар.

Жансая 1 мин 349 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Қазақ тілі

Жастар слэнгінің тіл экологиясына әсері

Мақалада жастар слэнгінің қазақ тілінің экологиясына әсері, оның оң және теріс қырлары, интернеттегі тілдік қолданыстар мен зерттеу әдістері қарастырылады.

Жалғасбекқызы Аяулым 10 мин
Қазақ тілі

Тіл — ұлттың жаны, ұрпақтың аманаты

Қазақ тілінде сөйлеудің маңызы, ана тілін құрметтеу мен оны күнделікті өмірде қолдану қажеттігі туралы ой-толғау.

Сайлаухан Ақерке 3 мин 16 оқылым
Қазақ тілі

Жасанды интеллект құралдарын қазақ тілі сабағында қолдану мүмкіндіктері

JOO school Medeu Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аннотация Мақалада жасанды интеллект құралдарын қазақ тілі сабағында қолданудың бағыттары талданады. Оқыту мазмұнын даралау, мәтінмен жұмыс, бағалау үдерісін…

Битілеу Динара Мақсатқызы 6 мин 193 оқылым
Қазақ тілі

Оқу сауаттылығын қалыптастырудағы мәтін түрлерімен жұмыс

Алматы қаласы Алатау ауданы "№185 мектеп-гимназия" қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аннотация Мақалада оқу сауаттылығын қалыптастыруда мәтін түрлерімен жұмыстың теориялық және практикалық қырлары қарастырылады.…

Қаирова Аружан Болатқызы 6 мин 210 оқылым