Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Әзілхан Нұршайықовтың туылғанына 100 жыл

Жанна Сейдалы
1 мин оқу 82 оқылым

Ә.Нұршайықов: Шығармаларымда еңбек пен ерлікті, махаббат пен достықты жырладым

Ол - ел басына күн туған сәтте қолына қару алып, оқ пен оттың арасында елі үшін соғысты. Ол - жалынды жырларымен майдангерлердің рухын көтерген жауынгер - жазушы. Ол - қазақ әдебиетіндегі еңбек пен ерлікті, махаббат пен достықты арқау еткен, өміршең туындыларды дүниеге әкелген қалам иесі. Ол - дарынды жазушы Әзілхан Нұршайықов. Биыл Қазақстанның халық жазушысы, Ұлы Отан соғысының ардагері атанған ұлы тұлғаға 100 жыл толады. Өзінің сүрелі ғұмырында артына өшпестей із қалдырған жазушы мәңгілік ел жадында сақталады.

Әзілхан Нұршайықов 1922 жылы 15 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Ақбұзау ауылында дүниеге келген. Поэзияға қадамын 14 жасында бастаған. Семейдегі педогогикалық училищені бітіріп, алғашқы еңбек жолын мұғалімдік қызметтен бастаған. Кейіннен "Пионер", "Социалистік Қазақстан" газеттерінде редактор, тілші, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы болып қызмет атқарды. Оның әңгімелері аудандық, облыстық, республикалық газеттерде жарияланып бастағаннан - ақ оқырмандарды өзіне еліктіріп алды. Әсіресе майдан газеттерінде жарық көрген әскери әңгімелері мен почерктері майдангерлерге рух сыйлаған жалынды туындылар еді. Майданда зеңбірек командирі болған жазушы қолынан қаруы мен бірге қаламында тастамаған. Ал жазушының соғыс жылдарынан кейінгі жазған почерктері оқырмандарды елең еткізді. Көркем де қарапайым жазылған дүниелер кейіпкерлердің жан-дүниесіне терең үңілуімен ерекшеленді.

"Әзілхан Нұршайықовтың очерктері жалықтырмайды, қызықтырады, жеңіл оқылады. Мұның себебі көп: тек қана шындықты жазады. Шындықты жай жазбайды, ел өміріндегі келелі мәселелермен байланыстыра жазады. Адам мінезімен атастыра суреттейді. Шырайлы тілмен, ширек стилімен жазады. Өмір шындығын, адам мінезін өзінше тың тәсілімен нұсқалы пішінімен жинақтайды."

© Зейнолла Қабдолов академик, Қазақстанның халық жазушысы.

Жауынгер - жазушы Әзілхан Нұршайықов еліне қосқан елеулі еңбегі үшін көптеген марапаттарға ие болды. Қазақтың бір туар азаматы, еліне ерен еңбек сіңірген қайраткер.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Жанна Сейдалы

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Арманда

Арманға жету үшін мақсат қойып, күн сайын әрекет ету маңызды. Мәтін уақытты тиімді пайдаланып, жарқын болашаққа қадам жасауға үндейді.

Жанна Сейдалы 2 мин 37 оқылым
Жалпы рубрика

Адамның дүниетанымы

Мәтінде адамның дүниетанымы, оның қалыптасуына әсер ететін факторлар және ғылыми білім мен жалпыадамзаттық құндылықтардың маңызы баяндалады.

Жанна Сейдалы 1 мин 152 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 42 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 150 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 63 оқылым