Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Арманда

Жанна Сейдалы
2 мин оқу 37 оқылым

Арманда

Адамда үміт өшпес, ол әлі талай белесті бағындырады.

Арманда, арманда және арманда. Адамның арманы шексіз. Адамды өмір сүруге ұмтылдыратында сол - арман. Қиял, өзгеше сезім, болашаққа деген сенім міне осылардың жиынтығынан арман құралды. Тіптен үмітіміз сөнген кезде де, армандауды тоқтатпаймыз. Себебі армандау болашаққа үмітіміздің бар екенін білдіреді. Болашақта қандай мамандық иесі болғың келеді? Ата-анаңның үмітін ақтау қолыңнан келе ме? Өмірде жетістікке жеткің келе ме? Кімге ұқсағың келеді? Кімнен үлгі аласың? Міне осы сұрақтар ойымызға келгенде арманның соңынан еретініміз сөзсіз. Армансыз адам, қанатсыз құс демейді ме? Әлемде қанша адам болса, бәрінің арманы бар. Бірақ кейде армандап отыру жеткіліксіз.

Армандаған нәтижеге жету үшін әрекет жасау керек. Дәл қазір арманыңа жету үшін орныңнан тұр да, 1 қадам болсын жаса. Күнде арманыңа жету үшін уақыт арна. Мейлі жарты сағат болса да күн сайын үздіксіз жұмыс жасасаң, міндетті түрде жемісін көресің. Біраз уақыт өткен соң, қазіргі жасаған әрекеттерін үшін өзіңе рахмет айтатын боласың. Ізден, дамы, оқы. Тек тоқтама, тек бос отырма. Әр күн сен үшін жаңа мүмкіндік. Сол мүмкіндікті пайдалану сенің қолыңда. Арманың мақсатыңа айналсын. Адам жетістікке бір секіріп жеткен емес. Өмірлік мақсатың болса, ырың-жырыңға елеңдемей, ұр-соққа ұрынбай, жай-жай, табандап, күнде 1% болса да алға жылжи бер. Мақсатқа қатысы жоқ қарбаласқа бас қатырып, уақыт бөліп, жүйке жұқартып, қуат құртудың еш қажеті жоқ.

Қазір дамыған заман болғандықтан, адамдар күн сайын үздіксіз жұмыс жасап жатыр. Сен телефонға үңіліп отырғанында, басқа біреу өзінің болашағы үшін ізденіп, оқып отыр. Ал сен ұйықтап жатқанында, басқа біреу тіл үйреніп жатыр. Ия сенің күнің пайдасыз болып, тек уақытыңды бос өткізіп отырсың. Неге? Одан саған зияны ғана келгенін көрсеңде, неге оны әрі қарай жалғастырып келесің?Бос тұрмау керек, бір іспен айналысу керек, бос жүрген адам ұятсыздыққа, намыссыздыққа бейім өмір сүреді. Ал ізденісте жүретін, әр минутын пайдалы өткізетін жандардың болашағы сенікіне қарағанда жақсы болады. Ал сен қазіргі өткізген пайдасыз өткізген уақытына өкінетін боласың. Болашақта өкінбес үшін қазір жұмыс жаса. Жарқын болашақ үшін, ата-анаңның үмітін ақтау үшін еңбек ет. Бәрі өз қолыңда. Тек соны ұмытпа. Дәл қазір өзіңе сұрақ қойшы, Сен өз арманыңа жету үшін қандай қадамдар жасап жатсың? “Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал”-Абайдың сөзі өмірлік ұстанымыңа айналсын.

Сейдалы Жанна

10-сынып оқушысы

N°44 “Сырдария” жалпы орта мектебі

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Жанна Сейдалы

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Әзілхан Нұршайықовтың туылғанына 100 жыл

Әзілхан Нұршайықовтың өмір жолы мен майдандағы қызметі, еңбек, ерлік, махаббат пен достықты арқау еткен шығармалары туралы.

Жанна Сейдалы 1 мин 82 оқылым
Жалпы рубрика

Адамның дүниетанымы

Мәтінде адамның дүниетанымы, оның қалыптасуына әсер ететін факторлар және ғылыми білім мен жалпыадамзаттық құндылықтардың маңызы баяндалады.

Жанна Сейдалы 1 мин 152 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 42 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 150 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 63 оқылым