Мазмұнға өту

Ауған соғысына 32 жыл

Асылзат Тоқтасынова 3 мин оқу 42 оқылым

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Баяндама

Тақырыбы: Ауған соғысы

Тагайбаева.А., Токтасынова.А

1978 жылы Ауғанстанда сәуір айында төңкеріс болып, оның арты аяқталмас соғысқа айналды. 1978 жылы мамыр айында Ауғанстанның жаңа өкіметі Кеңес Одағымен әскери келісім шартқа отырды. Алғашқы келісімде олардың саны 400 адам көлемінде болғаны мен, кейіннен сансыз есе көбейді. Бұл қасірет елдің тек өз ішінде ғана емес, оған сырт мемлекеттердің қатысуымен де ұзаққа созылды. Ауғанстан соғысы (1979 -1989 ж.) Кеңес үкіметінің Қарулы күштері үшін, соның ішінде қазақстандық жауынгерлер үшін КОКП ОК Саяси бюросының Ю.Андропов, Д.Устинов, А.Громыко, Л.Брежнев сияқты санаулы ғана мүшелерінің аяқ астынан құпия түрде қабылдаған шұғыл шешімінен

басталды.

.

Сол кезде Ауғанстанда билікке таласқан ресми үкімет пен оппозиция (моджахедтер) арасында қарулы қақтығыстар басталған болатын. Күрестің басты мақсаты Ауғанстан жерінде толықтай саяси бақылау жүргізу болды. КСРО Саяси Бюросы КСРО-ның ықпалын кеңейту мақсатында Ауғанстанға қол үшін беріп, сыртқы агрессиядан қорғау керек деген шешімге келеді. Сөйтіп, Ауған елін басқарып отырған шах Хафизулла Аминді алып тастап, орнына Бабрак Кармальді отырғызу туралы идеясын күш көрсету арқылы жүзеге асырды. Осылайша Кеңес Одағының әскерлері ұзақ жылдарға жалғасқан қарулы қақтығыстардың қақ ортасынан бір-ақ шықты.

1979 жылғы 25 желтоқсанда Мәскеу уақыты бойынша сағат 15.00-де КСРО Қорғаныс министрінің берген бұйрығымен Ауғанстанға қеңес әскерлерін енгізу басталды. Командирлер: «Бұл қысқа мерзімдік акция, тапсырманы орындаймыз да кетеміз», деді. Ал бірақ «акция» тоғыз жылдан астам уақытқа созылды.

1979 жылдың 25 желтоқсаны мен 1989 жылдың 15 ақпаны аралығында болып өткен Ауған соғысына КСРО аумағынан 620 мыңнан астам жауынгер мен офицер қатысты. Осы соғыста Кеңес Одағынан 15 мың 51 адам оққа ұшып, 118 ұшақ, 800 танк және 11 мың 369 әртүрлі әскери техникалар жойылып кетті. Ал Ауған соғысына қатысқан қазақстандықтардың саны – 22 мың 269 жауынгер. Соғыс даласында Қазақстан 924 боздағынан айрылды. Жар құшып, бала сүйіп үлгермеген 1015 жас елге мүгедек бол ып оралса, 21 солдат іс-түзсіз кетті.ып оралса, 21 солдат іс-түзсіз кетті.

110 айға созылған Ауған соғысында қайтып оралмаған жалпы адам шығыны- 14453-ке жетті. Әр жылда қаза тапқандар:

1979 жыл 86 адам

1980 жыл 1484 адам

1981 жыл 1298 адам

1982 жыл 1948 адам

1983 жыл 1446 адам

1984 жыл 2343 адам

1985 жыл 1868 адам

1986 жыл 1333 адам

1987 жыл 1215 адам

1988 жыл 759 адам

1989 жыл 53 адам.

Соғыстың аяқталғанына 15 ақпанда 32 жыл толады. Бұл күн - сол кездегі елге ағылған темір табыттардың тоқтаған күні. Бұл күн - жанары жасқа толы жесірлер мен жетімдердің, қара жамылған аяулы аналарымыздың перзенттерін жоқтаған күні! Бұл күн- бақи болған қаһарман бауырларымызды қатарымыздан іздеген күн. «Интернационализм» деген саясаттандырылған сөздің құрбандығына айналып, оған имандай сеніп, бүгінгі күні күл-талқан болған тағдырының өтеуі мен бодауын кімнен сұрарын білмей дал болған жандардың өзегіне өкінішін жасырған күн!

«Ауған соғысының 110 айға созылған қанды қырғынынан аман-есен оралғанымен, жандары жаралы 18 мың 360 қазақстандық ардагер ортамызда жүр. Жандары жаралы дейтініміз, олар өліммен тікелей кездесті. Соғыстың небір ауыртпалығын көтеріп, қабырғалары қайысты. Олардың дұшпан оғынан қаза тапқан майдандас достарын соңғы сапарға шығарып салып тұрып, көздері жасқа, жүректері мұңға толған шақтары көп. Сонда да ата-баба рухына дақ түсірмей елге абыроймен оралды. Майдан даласындағы жанқиярлық пен қаһармандығы үшін он мыңдаған қазақстандық орден-медальдармен марапатталды. Бүгін қазақстандық Отан қорғаушылар солардан үлгі алып, соларға қарап сап түзейді», - деді Халық Қаһарманы, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев.

Арада 32 жыл өтсе де ауған соғысы өзінің ізін әлі жасырып болған жоқ. Бұл қанды іздің жасырылуы, ұмытылуы мүмкін де емес. Өйткені, ол адамзат тарихында өшпестей із қалдырды.

Соңғы жаңарту: 4 наурыз 2026, 21:41

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Асылзат Тоқтасынова

Автордың басқа материалдары

Университет

Қаһарман ерлер ел есінде

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті Курс:1 Топ:1801-10 Үсен Қ., Тоқтасынова А. Ауған соғысының аяқталғанына – 32 жыл «Соғыс» - қысқа, бірақ мағынасы терең сөз. Кеңес әскерлері Ауғанстаннан…

Асылзат Тоқтасынова 41 оқылым 3 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Университет

Modern Methods of Predictive Control of Technological Processes in the Oil and Gas Industry: A Review

Тарихқызы Сымбат – магистрант образовательной программы «Автоматизация и управление», кафедра системного анализа и управления, Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилёва, г. Астана, Казахстан E-mail:…

Bilimger Media 31 оқылым 9 мин
Университет

Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қоғамның көз қарасы

Тұран Университтеті Журналистикалық факульттет тележурналист Мүмкіндігі шектеулі адамдар – қоғамның ажырамас бөлігі екені анық. Олар да өзге адамдар сияқты білім алуға, еңбек етуге, еркін жүріп-тұруға, қоғамдық өмірге…

Елубаева Жанерке Жамбылқызы 53 оқылым 3 мин
Университет

Қытай, Сингапур және АҚШ бастауыш мектептерінде ЖИ арқылы білім беру

Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, 4-курс Аңдатпа Мақалада Қытай, Сингапур және АҚШ бастауыш мектептерінде жасанды интеллектіні білім беру үдерісіне енгізу бағыттары мен…

Сайлаубекова Ақерке Жандосқызы 41 оқылым 21 мин
Университет

Ми неге жалқауланады? Оның түпкі себебі неде?

Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті Факультет: Журналистика Мамандық: Қоғаммен байланыс Эволюциядан қалған әдет: энергияны үнемдеу Адам миы әрқашан энергияны үнемдеуге тырысады. Мұның өзіндік себебі бар.…

Текесбаева Диана Жанболатқызы 50 оқылым 4 мин