Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Ашық сабақ: "Түнгі сәуле" Сәкен Жүнісов

Bilimger Media
2 мин оқу 1 612 оқылым
Пәні Әдебиеттік оқу
Мұғалімі: Раушанова Құралай Тогаевна.
Сыныбы: 4 "в"
Сабақтың тақырыбы: Сәкен Жүнісов. Түнгі сәуле
Сабақтың мақсаты Білімділік. Сәкен Жүнісов. Түнгі сәуле, атты мәтінімен танысады. Мәтіннің өзекті түйінді ойын ашуға үйренеді, өз бетінше шығармашылық жұмыс істеуге дағдыланып, пікірін айта алады.

Дамытушылық: Танымдық қызығушылығын арттыра отырып, шығармашылық қабілеттері дамиды. Тақырыпты өмірмен байланыстыра отырып сөйлеу мәдениеттері артады.

Күтілетін нәтиже: Мәтін мазмұнын толық түсінеді, Мәтінді ашады , мазмұнын қара сөзбен әңгімелейді.

Сілтеме Оқулық 4 сынып 209 - 212 беттер. Атамұра
Сабақта қолданылатын материалдар: Оқулық, Суреттер, Интербелсенді тақта, үлестірме қағаздар, флипчарт. маркер.
Оқыту әдістері: Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету,оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану,оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Сабақтың барысы:

І .Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу,оқушылардың сабаққа тайындығын тексеру, түгендеу.

Психологиялық дайындық.:

Болашақтың гүліміз

Жарқын біздің үніміз.

Достық,байлық мекені

Біздің туған еліміз.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: 1.Өлеңде қандай сөз жиі қайталанады?

2.Автордың бұл сөзді жиі қолданудағы мақсаты не?

3.Өлеңдегі ұйқас сөздер арқылы бір шумақ өлең құрастырып айт?

4. 1 масақтан - 75 дән алынады екен, Осындай 10 масақтан неше дән   алынады? 75 х 10 = 750 дән алынады.

5. Есеп не жайлы ? (дән)

6.Дән ненің тұқымы? (бидай)

7. Бидайдан не аламыз? (ұн, нан)

8.Нан туралы қандай шығармалармен таныстық? (қатқан нан, Егінші мен қасқыр, Қаңбақ пен бидай т.б )

Ой қозғау
ІІІ. Жаңа сабақ Сәкен Жүнісов. Түнгі сәуле.
IV.Оқулықпен жұмыс Автор туралы мәлімет:

- Сәкен Жүнісов 1934 жылы 11 ақпанда Көкшетау облысының

Қызылту ауданы, Кішкенекөл ауылында туған.Қазақ мемлекеттік университетін   тәмамдаған. Еңбек жолын "Пионер" ( қәзіргі Ақжелкен")

Журналында әдеби қызметкер болып бастады. М.Әуезов атындағы Қазақтың мемлекеттік академиялық драма театрында әдебиет бөлімінің

Меңгерушісі, Қазақстан жазушылар одағының хатшысы қызметтерін абыройлы атқарған.

Оқулықтағы Сәкен Жүнісов. Түнгі сәуле. мәтінін оқып әңгімелеу және мазмұнын айтуға үйрету.

VI.Дәптермен жұмыс Сөздік жұмыс
VII.Сергіту сәті Қимыл - қозғалыс жаттығулары.

Күркіреді күн - күн

Терезелер шың - шың

Жауды жаңбыр топ - топ

Шелек - шелек көп - көп!

Жон арқаңды тос - тос,

Күнбағыс, тез өс-өс!

VIII.Шығармашылық жұмыс 1. Ата - анасының қобалжуы.

2.Бауыржанның қорқуы.

3.Балалардың адасқан машинаға көмектесуі.

IХ.Қорытынды Балалар сіздер Бауыржан мен Жеңістің орнында болғанда не істер едіңдер? осыған өз ойларыңды дәптерлеріңе қысқаша жазыңдар.
Х.Үй тапсырмасы Түнгі сәуле мәтінін түсініп оқу, мазмұндау. 209 - 212 беттер.
ХІ.Бағалау Сабақ барысында алған білімдеріңді қорытып ,бағалау.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Бастауыш сынып

Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін нейрогимнастика арқылы арттыру

Ғылыми мақалада бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттыруға арналған нейрогимнастика жаттығулары мен нейроойындарды сабақта қолдану жолдары сипатталған.

Bilimger Media 2 мин 37 оқылым
Бастауыш сынып

Бастауышпен қоштасу сценарийі

Тақырыбы: «Қош бол, сүйікті бастауышым!» Қатысушылар: Жүргізушілер, 4-сынып оқушылары, бастауыш сынып мұғалімі, ата-аналар, мектеп әкімшілігі. Безендіру: Шарлар, гүлдер, «Қош бол, бастауыш мектебім!», «Алға, 5-сынып!»…

Bilimger Media 4 мин 518 оқылым
Бастауыш сынып

Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін реинтеграциялау: нейропедагогикалық және цифрлық тәсілдер

№50 жалпы орта білім беретін мектеп Өскемен қаласы Аңдатпа Бастауыш білім беру деңгейіндегі білім алушылардың, соның ішінде екінші оқу жылындағы субъектілердің танымдық уәждемесінің деструкциялануы – «бейімделуден…

Қалиқатбек Жансая Мұқаметбекқызы 6 мин 69 оқылым
Бастауыш сынып

Бастауыш сыныпта цифрлық технологияларды қолдану

Лауазымы: Бастауыш сынып мұғалімі Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы Ж.Жүсібалиев атындағы Ойыл қазақ орта мектебі Аннотация Бұл мақалада бастауыш сыныпта цифрлық технологияларды қолданудың маңызы мен тиімділігі қарастырылады.…

Қуатқызы Зина 5 мин 277 оқылым