Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

«Жалғыз жігіт» (ІІІ нұсқа)

Күй аңыздары · 1 мин оқу

Ертеректе бір кедейдің баласы болыпты, сол кедей жігіт әкесімен бірге байдың малын бағып, жалшысы болады. Байдың да, кедейдің де жалғыз-жалғыздан ғана ұлдары болса керек. Ақ патшаның әскеріне қызмет ету үшін, бай өз баласының орнына кедейдің баласын әскерге жіберетін болып кедейге айтқаны:

—Сенің балаң менің баламның орнына барып келсін. Балаң келгенше менің қорамның шетінде отырып малымды бағып, отынымды жарып, бірді-жарым сауынды сиырымды сауып, ескі-құсқымды киіп жаныңды бағып отыра бер. Балам аман-есен оралып келіп жатса, мен саған берген дүниелерімді сұрамаймын,—депті. Амалсыз кедейдің баласы байдың баласының орнына кете барады. Сондағы жігіттің әке-шешесімен, қарындасымен қоштасқан күйі.

Күй аңыздары

Барлығы: 365 аңыз

Тағы оқыңыз