Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

«Ақсақ Темір мен домбырашы»

Күй аңыздары · 1 мин оқу

Атақты Ақсақ Темір бір ауылға келгенде, сол жердегі домбырашылар түгел жиналыпты. Домбырашылар түрлі күйді шертіп, тәтті әуендерді төгілдіре тартса керек. Солардың бәрін таратып жіберіп, тартқан күйлеріне өте риза болып, Ақсақ Темір бір күйшіні алып қалыпты. Ақсақ Темір күйшіден:

—Сенің атың кім?—деп сұрапты.

—Менің атым Дәулет!—депті күйші. Ақсақ Темір:

—Шіркін-ай, Дәулет те соқыр бола ма екен?—десе керек. Сонда Дәулет жұлып алғандай:

—Тақсыр-ау, Дәулет соқыр болмаса, Ақсақтың үйіне барар ма еді!—депті.

Күй аңыздары

Барлығы: 365 аңыз

Тағы оқыңыз