Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Сырым мен Перовский

Тарихи аңыздар · 1 мин оқу

Сырым батыр заманында Текенің екі басты ұлықтарыменен қатты дос болған екен. Оның біреуі—губернатор Перовский, екіншісі домуправления деген екен. Осы екеуінің бірі бір күндері Сырымды шақырып алып:

—Ау, Сырым батыр, сені тұтқынға ал деген патшадан бұйрық келді, сен енді менің рағиямнан тай! Тайсаң, мен сені іздемеймін, таймасаң, тұтқындамасқа шарам жоқ, патшадан қорқамын,—депті.

—Жарайды, шын достығың болса, таяйын. Тек менің сізге мынандай тапсыратын жұмысым бар, орындаймысыз?—дейді Сырым батыр.

—Орындайын,—дейді губернатор.

—Орындайтын болсаңыз менің артым саған аманат: әуелі халқым, екінші қатын-балам, соның ішінде айырықша Қазы балам, алдыңа келсе, талабын қайырмағайсың,—дейді Сырым.

Қазының Текеге өктем баратыны осыдан екен, Сырым батыр баласына айтып кетсе керек. Өйткені Сырымның арты тыныш болды, халық онша жәбір-жапа көрген жоқ, қатын-баласына да көз алартқан ешкім болған жоқ. «Ал Исатайлардың артында жәбір-жапа шеккен адам көп болды»,—деп айтып отырар еді бөкейлік қарттар.

Тарихи аңыздар

Барлығы: 695 аңыз

Тағы оқыңыз