Сырым мен Мөңке би
Тарихи аңыздар · 1 мин оқу
Сырым сексен жасқа келіп, қартайып жатқан Мөңке биге барып бата алып кетейік деп барған. Барса, Мөңке би киізге оранып жатыр екен. Сырым жөнін айтқан соң, Мөңке: «Құлағыңнан сыбыр кетпесін, үй сыртынан дүбір кетпесін, жасың қырық-елуден аспасын!»—деген екен.
Сырым бұл айтқанына риза болмай қалған. Сонда Мөңке би: «А, сонда менің дәуірімді іздеймісің?»—депті. Артынан Сырым қартайған соң қадірің болмайды екен деп түсінген.