Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Хиуа ханы мен Сырымның қағысуы (I нұсқа)

Тарихи аңыздар · 1 мин оқу

Сырым қалың қолмен Нұралыны шауып алысымен, ханға патшадан көмекке көптеген салдат келеді. Сырымды әскерлер жеңіп, Сырымның бірнеше жолдастарын тұтқынға алады. Сөйтіп, Сырым бастаған көтеріліс басылады. Қалған жолдастарымен Сырым бұл жақтан кетіп Түрікпен, Бесқала, Хорезм қалаларына барып көмек сұрайды. Ханды қайта шаппақ болады. Бірақ ол жақтың хандары мен бектерінің көпшілігі төрелер екен. «Еңбектен қашса—дөңбекке» дегендей ол жақтағы төрелермен жауласып, бұл жақтан көмек алам десем, бұл жақта да төрелер екен ғой»,—дейді Сырым батыр. Ол елдің де төрелерімен, хандарымен үйлесе алмайды. Нашар адамдарға зорлық жасағанына шыдай алмай, хандарға қарсы шығады. Артына ерген ел адамдары жорықтан қажып елге қайта бастайды.

Хорезм хандары Сырымды озса—құтылу, қалса, өлтіру әрекеттеріне кіріседі. Бір күні Хорезм хандары мен бектері мешітке намаз оқиды. Намаз артынан қол жайып батиқа жасағанда, Сырым бұшпақ ішігінің жеңімен бетін сипайды. Сонда хандар:

—Әй, қазақ, сен батаны жеңіңмен жасағаның қалай?— дейді.

—Менің жеңімнен бата өтпей қалса, сендердің оқыған намаздарың мешіттен өтпей қалады ғой,—дейді Сырым.

Күндерде бір күні хан Сырымды сөзден тоқтату мақсатымен:

—Әй, қазақ ағайын, сіздің елдің тілдері қалай? Жалғама сөздер көп болады екен. Мысалы, «жігіт-мігіт», «ас-мас», «қыстау-мыстау» дейді. Ол не сөз?—дейді.

Ханның сұрауларына Сырым былай деп жауап берген екен:

—Қазақ балуанға түскенде жықса, ел үшін еңбек етсе, елін жауға алдырмаса, соны «жігіт» дейді. Жоғарыдағы айтылғандар қолынан келмесе, оны «мігіт» дейді.

Тарихи аңыздар

Барлығы: 695 аңыз

Тағы оқыңыз