Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Тұлпардың дыбысы шығады (I нұсқа)

Тарихи аңыздар · 1 мин оқу

Көкі тама Есет батыр бір күні жолаушы келе жатып Даттың үйіне қонады. Сырым сонда бесікте жатқан бала екен. Есет кетерінде:

—Құдағи келін, мынау бесіктегі сәбиді таза асырап, жақсы баға гөр, жылатпа,—деп тапсырады.

—Осы баладан өзімнің де зор үмітім бар, жылағанда өксігі басылмай мамасын ембейді, көзі қызарып, жүрегі дүрсілдей береді,—депті анасы.

Сол Сырым он бес жасына келген соң даладан бір түйені әкеп сойып, қадірлі жылы-жұмсағын алып жол жүріп, Көкі тама Есет батырға барады.

Тоқсан жаста қартайып отырған Есет батыр келініне бір күні:

—Балам, тұлпардың дыбысы шығады, көздеші,—дейді. Келіні далаға шығып, атын байлап, түсіп жатқан адамды айтып келеді. Есет алдынан шығып амандасып, Сырымды қарсы алады, сыйлап бірнеше күн қонақ қылып ақыл айтады:

—Балам, Сырым, жеті атаңа дейін даңқың үзілмесін, құлағыңнан сыбыр, сыртыңнан дүбір кетпесін, жорытқанда жолың болсын!—деп батасын беріп аттандырыпты.

Тарихи аңыздар

Барлығы: 695 аңыз

Тағы оқыңыз