Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қарауыл

Шежірелік аңыздар · 1 мин оқу

Боттыбайға Қарауылдан бір жігіт келіп, сіңіп тұрып қалыпты. Өзі әр нәрсенің жөнін білетін, онымен бірге күн есебін, әуе райын байқайтын есепші болыпты. Бір үлкен жұтта ел жұтап қалғанда, Боттыбайдың жылқысын басшы боп бағып, алыс жақсылық жерге апарып, аман, семіз, күйлі қылып әкеп берген екен. Сонымен байдың қолайына әбден жаққан соң, бай Дәулетбике деген көп ұлдың ортасындағы жалғыз қызын екі жүз еншіменен сол жігітке беріпті. Сол жігіттен Аяз, Дос деген екі бала туып, Лашынқара, Есқара деген ел болып, бұрынғы Қарқаралы үйезі Кенші болысында тұратын Қарауылдар— осылар. Сондықтан бұларды «Қызшор» деп атаған және «Дәулетшор» деп те айтылады.

Шежірелік аңыздар

Барлығы: 341 аңыз

Тағы оқыңыз