Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Күлік шежіресі (2-бөлім)

Шежірелік аңыздар · 3 мин оқу

Түкейдің Ақайынан: Бекмырза, Сарымырза. Бекмырзаның үш баласы бар: Бұзау, Сары, Байкіл. Сары мырза атанған екен. Заманында жақсы-ақ кісі болыпты.

Бесімнің үш баласы: Жанжігіт, Ақжігіт, Қармыс. Жанжігіт балалары: Бектемір, Байтемір. Бектемірінен—Ыбрайым. Байтемірден—Берәлі. Сол Берәліні бала күнінде әкесі Бектемір Сарымырзаға бір жұмысқа жіберіпті.

Сәлем беріп кіріп барған соң:

—Қай баласың?—депті.

—Бектемір баласымын,—депті.

—Неше ағайынды едің?—дегенде:

—Үш ағайынды едік,—депті.

—Үлкені ме ең, кішісі ме ең?—деп және сұрапты.

Сонда Берәлінің берген жауабы:

—Ой, Сарыекей, жұрт сізді жақсы кісі, есті кісі дейді, алжыған екенсіз ғой,—депті.

—Жаным, жазығым не? Неден жазып қалдым?—депті.

—Алжымасаң, кенжесі екенімді мына шалбарымның бауының ұшындағы көк моншақтан білсеңіз керек еді ғой,—деп, шалбарының бауындағы көк моншағын көрсеткен екен.

Сонда Сарымырза мырс-мырс күліп:

—Күлікте білдей жеті жаман бар-ды, жаман да білінбей, аяқ астында жүре береді екен-ау, мынаумен сегіз болды ғой!—деген екен.

Үй ішінде отырған бәйбішесі сұрапты:

—Сол Күліктегі жеті жаман дегендеріңіз кім-кім?—деп.

—Қой, бәйбіше, өзгені білсең де аз болмас, бұларды сен сұрамай-ақ қой, мен айтпайын,—депті.

—Неге? Сіздің қасыңызда отырып білмей қалғандығым жамандығым болады ғой, білейін-дағы,—депті. «Ендеше пәлен жаман, түген жаман» деп бесеуін айтып беріпті, екеуін айтпапты.

—Енді екеуі кім?—деп сұраған екен.

—Қой, бәйбіше, онысын білмей-ақ қой, мен айтпай-ақ қояйын, жабулы қазан жабуымен қалсын, менің суым жасып қалар, сенің көңілің қайтып қалар,—деген екен.

Бәйбішесі сұрап, қадалып айтшы-айтшылап қоймайды.

—Ал қоймадың, айтайын, өзімнен туды демесең, Барақ, Бапақ—екі балаң да жақсы ма, сол жеті жаманның соңғы екеуі өзіңнің осы екі балаңдай,—дегенде:

—Не дейді, көтек, не бетімді айтайын,—деп, бетін жұлып-жұлып алған екен. Құдай рахмет қылсын Сарыға, кісі болса, сондай болсын, естимін сол Барақ, Бапақ ұрпағы—Байтастың Исмайылы деп. Қазақтың шетіне келіп, біреудің қаттысы болса, қайрап, жұмсағы болса, жұмыра отырған үйін өз үйіндей бүтіндей бастап, ұлы жүн түтіп, қаңғып жүріп екі кесек кигіз басып алыпты.

Бай Бесім құлақтанып, естіген соң іздеп барып, алып келіпті. Ол күнде бұ жақтағы Арғын елі Айдабол, Күлік Ұлытау, Кішітауда екен. Ұлытау, Кішітауды қыстап, Сорқара, Сортыны жайлап жүреді екен. Сонда Бесім қатыны қолына келген соң және екі кесек кигіз олжасы бар болғандықтан, үстіне үй көтермекші болып, кереге жонамын деп Ұлытаудан ағаш кесті дейді.

Кереге қылатұғын ағашының ұзындығын өзінің отырған бойынан қол созым биік қылып, отырып қолын жоғары созып, мөлшерін сондай қылып ағашты турап тастайды. Қатыны Бүктік бәйбіше:

—Жазған-ау, мұның іске жарап кереге бола ма?—дегенде:

—Әкем керегенің басына кесесін отырып алмаушы ма еді,— деген екен.

«Әкем» деп жүргені—әкесінің әкесі Тілеуімбет екен. Сонда Бүктік бәйбіше айтыпты:

—Әкеңнің отырған бойы сенің тік түрегелген бойыңдай емес пе еді және әкең төсек ағаштың үстінде отырып кесесін алмаушы ма еді,—деген соң:

—Мұндайы бар ма еді,—деп, қайта тауға ағаш кесуге кетеді екен.

Қай реттеп кереге жонып, адам қатарлы үй қылды дейсің, «Олақтың жыны бар, өз ісін өзі бүлдіредіге» дәл келіп жүрді де. «Өлсін» деп ине шаншып кеткен бала өлмей тірі қалып, осы күнде өсіп-өніпті» деп естимін. Қайда тұрып, қайда жүргенін анық білген жан жоқ. Өлмей тірі болғандығы анық деседі. Байына қосылған соң үш ұл тауып, үлкені—Жанжігіт, ортаншысы—Ақжігіт, кенжесі—Қармыс. Осы күнгі Бесім ұрпағы осы үшеуінен өсіп-өнген.

Шежірелік аңыздар

Барлығы: 341 аңыз

Тағы оқыңыз