«Арғын болдың, әркім болдың»
Шежірелік аңыздар · 1 мин оқу
Бұл Арғынның ішінде «Төлек», «Қырық мылтық» деген қара бауырлары бар кеше Кенесары-Наурызбай заманында, қырғыздың соғысында аты аталған батырлардың бірі болған Шәкір мен Төлебай—сол Жәуке Тоқал арғын Төлек деген таптан шыққандар. Шәкір—ноғай, Төлебай—Қырғыз Жәуке батырдың бұрынғы аты. Төлектің—Бөлек екендігіне ақындардың мына бір өлеңі дәлел, Арғынның бір ақыны мұны айтқан:
А, Жәуке, қастастың ба Төлекпенен,
Арғыннан шығып жүрген Бөлек бимен.
Төлекті сен ұрғанда, мен де ұрайын,
Бір салып қолымдағы көнекпенен.
«Аздың—атасы бір» деп, Қырық мылтық, Төлек бірыңғайлас болады.
Бұл жақтағы Аргүл мен Момыннан туғандары: «Алты атаның ұлы Арғын» аталады. Ол жақтағы Айнакөз бен тағы кісі білмейтұғын қатындардан туған төрт жалғыз бар. Айнакөзден—екеу, ол төртеуі—алты ата болып, шын Арғын он екі атаның ұлы болады. Солай болғандықтан бұрынғылар айтқан: «Арғын болдың, әркім болдың» деген көптің сөзі дәлел.