Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Көзкөне

Шежірелік аңыздар · 1 мин оқу

Көзкөне—аздау ұрпақтаған, аз ру. Оның үстіне Жамалайдың балаларының бірі Қаражан деген тентек бала Тілеу мен Қабақтың пір тұтып, отырған жалғыз қожасының жалғыз баласын «Ұлықұмның ішінде, түйеңді менің жеріме жіберіп жайдың»,—деп, ұрып өлтіріпті де, мәйітін түйесінің мойнына байлап жіберіпті. Кек алу үшін бүкіл Тілеу мен Қабақтың жігіттері Көзкөне ауылына шабуыл жасапты. Ал Көзкөнелер малы көп байлары Құламан мен Құлтасқа қашып келіп паналапты да, малы жоқ кедейлері Сыр бойына қашып келіп, Бітімбай тобы нағашысына—Бәйімбет руына, енді бір тобы Жақайымның Асан тайпасына, бір тобы Домақ тайпасына келіп паналайды. Сөйтіп, тентек Қаражанның кесірінен тыныш отырған Көзкөнелер жер-суын тастап, басқа руларды сағалап, оларға сіңіп, «Жақайымның Асанымыз, Бәйімбетіміз, Кішкененің Домағымыз!» деп кетті дейді.

Шежірелік аңыздар

Барлығы: 341 аңыз

Тағы оқыңыз