Түйтеұлы Андағұл (Көнсадақ)
Шежірелік аңыздар · 1 мин оқу
Андағұл батыр болған, ал Сары інісі бай болған екен дейді. Жоңғарлармен соғыста Андағұл да Көкшоқай атқа мініп, көнмен қаптаған садағын асынып, жауға аттаныпты. Жауға шабуылға шығар алдында: «Мына бала кім?»—деп сұрағанда: «Көкшоқай атты шапқанда көрерсің, Көнсадақты тартқанда көрерсің кім екенімді»,—деп жауап беріпті. Сонымен сол соғыста ол қалмақтарды қырып-жойып, бетін қайтарып, қуып тастап, көзге көрінген екен. Ол осы тұстан бастап «Көнсадақ батыр» атанып кетіп, ал онан тараған ұрпақтар «Көнсадақ» руы атанып қалған дейді.