Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Торымның «Сексен» атануы

Шежірелік аңыздар · 1 мин оқу

Торымның «Сексен» атану мәнісі былай болған еді дейді. Қалмақтар екі жүзге жуық адам Торымның ауылын шауып, мал-мүлкін, қыз-келіншектерін тұтқындап алып, ауылдан жеті-сегіз шақырымдай шыққан соң, алдын ала дайындалып тұрған қаруланған таңдаулы Торым бастаған 80 (сексен) жігіт қалмақтарға бір бүйірден ұрандап «Айыртау!» «Айыртау!» деп тиіседі де: «Біздер сексенбіз, сексеніміз де қарға қару ілгенбіз, қалмаққа кез келтір деп Құдайдан тілегенбіз! Тілегімізді Құдай беріп, кездестік. Енді еттеріңді жеп, сүйектеріңді кеміретін мына біздер!»—деп, сексен жігіт қалмақтарға құлшына, ашынып тиеді. Тосыннан, ойламаған жерден шабуылға шыққан сексен жігіт өздерінен екі есе көп қалмақтарды қырып, жайратып салыпты. Аман қалған бір бөлігі қашып, құтылып кетеді. Айдап кеткен малдарды кейін қайтарып, қыз-келіншектерді аман-есен ауылға алып келеді.

Сол күннен бастап, «Торымның сексен жігіті қалмақтарды қырып салыпты» деген сөз елге тарап, Торымды «Сексен» деп атап кетіпті дейді.

Шежірелік аңыздар

Барлығы: 341 аңыз

Тағы оқыңыз