Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Бәйдібек би (1-бөлім)

Тарихи аңыздар · 3 мин оқу

Қоян жылы қыс қатты болып, мал жұтай бастайды. Шынтас бай не істерін білмей сасады. Бұл кезде Бәйдібек он бес жасқа толған еді. ол күн-түн жылқы ішінде жүреді. Шынтас жылқышыларына барады. Жылқысын аралап көреді. Үйір-үйір жылқылары Қаратаудың бөктерінде қалың қарды тебіндеп, қара жусанға жайылып жатады. Қартаңдары арықтап, жылқысының мазасы кетіп қалғанын көреді.

—Әлі алда үш ай қыс бар. Қалай болар екен? Мыңғырған жылқыдан жұрдай болып, құрық ұстап қаламыз ба? Кәне, не ақылдарың бар?—деп жылқышыларына сөз салады. Жылқышы шал айтады:

—Жылқыңызды Ташкент, Түркістан базарына айдатып сатыңыз. Ақшасын жамбасқа басыңыз. Келесі жылы қайтадан жылқы сатып алып, орнын толтыра саласыз.

Әлсейіт деген ортаншы жылқышы айтады:

—Жылқыңызды әр үйге бестен, оннан бөліп беріңіз. Олар өз малындай қарап, аман алып шығар,—дейді.

—Байеке, егер маған тапсырсаңыз,—дейді бала жылқышы Бәйдібек,—жылқыңызды түгелдей Мойынқұмға қыстатып шығар едім. Ана жолы жоғалған қырық қысырақты іздеп Мойынқұм жайлауын түгелдей аралап шықтым. Сонда малын қыстатып жүрген жылқышы, түйеші, қойшылар: «Өзге жерде мал жұтаса да, бұл Мойынқұмда мал жұтамайды. Жел деген болмайды. Қар жұқа түседі. Мойынқұмның жусаны, изені, шеттігі, жыңғылы, сексеуілі, шеңгелі қанша мал жайылса да жетеді» деп отырған.

Шынтас бай Бәйдібектің сөзін құптап, былай депті:

—Бәйдібек балам, мен саған сенемін, сенің тегін емес екеніңді білемін, жылқымды талай рет барымташыдан, бораннан аман сақтап жүргеніңді қалай ұмытайын. Ал, ықтияр өзіңде, саған ерік бердім,—дейді.

Сонымен Шынтас байдың бір мың бес жүз жылқысын үшке бөліп, оншақты жігіт Мойынқұм жайлауына қарай айдайды. Сөйтіп, құмның ең ұйықты, шұрайлы жерін жайлайды. Бірер күннен кейін сол өңірді билеп отырған Арыстан би оларға бір жігітін жұмсапты.

—Барып біліп келші, қара құрымдай қаптап жатқан кімнің жылқысы екен?

Жігіт барып Шынтастың жылқышыларына жолықса, Бәйдібек:

—Ол биге мен барып сәлем берейін. Ауа келген жағдайымызды түсіндірейін,—дейді. Арыстан бидің қыстауы Қаратаудың күнгей бетіндегі Қызыл Арық бойында екен. Бәйдібек кештетіп Арыстан бидің үйіне барады. Төрде отырған жасы сексендерге жетіп қалған ақсақалды биге барып сәлем береді.

—Қай ауылдың баласысың?

—Үйсін Қараша бидің баласымын.

—Е, е, жарықтық. Қараша бидің де, онда бізге туысқан болдың ғой. Әкеңді білемін. Жас кезімізде алдына барып, қолынан талай дәм татқанмын, талай ақыл, кеңесін тыңдағанмын. Ал бұл жылқы кімдікі, балам?

—Шынтас байдікі. Мен сол байдың жылқышысымын. Биыл елімізде қыс қатты, жұт болатын түрі бар. Содан ығып Мойынқұмды паналап, қыстап шығуға келіп едік.

—Е, е, шырағым, бір атаның баласы екенбіз. Жер нәсібі— ел нәсібі, ел нәсібі—ер нәсібі. Жер мен малдың кіндігі бір деген. Ары тұр демей-ақ қояйын. Жер—менікі емес, Құдайдікі. Құдайдың жері бәрімізге жетеді. Еркін жайлап, қыстап шығыңдар. Ауыл мынау—келіп, кетіп тұрарсыңдар.

Арыстан атаның бұл сөзі Бәйдібек баланың көңілін жадыратты. Бағана жолда келе жатқанда «би қабыл көрсе дұрыс, қабыл көрмей қайтыңдар десе, қайтеміз» деген ой-күдігінің бәрін жуып-шайып жіберді. Дастарқан жайылды. Буы бұрқыраған дәу табақ ет келді. Бәрі дәмге қол созды. Ас үстінде де, одан соңғы келген шай үстінде де би атаның әңгімесі таусылар емес. Бірінен бірі өтеді. Тек тыңдай бер. Кішкентайынан әңгіме, жырға, шешен тапқыр сөзге құмар Бәйдібек баланың құлағы Арыстан атасында. Тіптен елігіп, бар ынтасымен ұйып қапты. Ел әбден жатар уақытта басында ақ кимешегі бар, бес биенің сабасындай бидің бәйбішесі қасында шай құйып отырған қызына:

Тарихи аңыздар

Барлығы: 695 аңыз

Тағы оқыңыз