Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Алтын-Жаппас туралы

Шежірелік аңыздар · 1 мин оқу

Халық арасында тараған ауыз екі шежіреде Кіші жүздің қабырғалы Байұлы бірлестігі он екі атадан тұрады делінеді. Ол көбінде былай тізбектеледі: Шеркеш, Есентемір, Таз, Ысық, Адай, Беріш, Байбақты, Қызылқұрт, Тана, Масқар, Алаша, Алтын, Жаппас. Бірақ санамалай келгенде олардың біреуі артық болып келеді. Кіші жүздің Батыс бетінен келген шежірелерде өздерінен қашықтау Сыр бойы мен Ырғыз жақты мекендейтін Алтынды санаққа қоса бермейді де, оны бірде: «Алтын— қыздың аты, ұзатылған жерінен қайтып келіп, туысы Жаппаспен қоныстас болады, содан Алтын-Жаппас атанады»,—десе, екінші бір шежіреде: «Жаппастың шешесі Алтын Орта жүз Қыпшақтың қызы екен. Кейбіреулер «Алтын-Жаппас» деп шешесін баласына қосып, Байұлын 13 атаға жеткізеді»,—деп түйеді.

Келесі бірінде «Алтын Жаппастың қызы екен. Адайдың баласы Келімбердінің Ақпан деген баласына шығыпты. Ақпан мезгілсіз өліп, жесір қалады. Әмеңгерлік заңына көнбей төркінінің маңына көшіп келіп, өз алдына Алтын деген ру болып қалыптасып кетеді»,—делінеді. Ал Алтын елінің шежірешілері Бақтысиықтың (немесе Қыдырсиықтың) бәйбішесінен Алтын, тоқалы Самса шешемізден Жаппас туыпты. Екеуі еншілес болғандықтан, қатар аталады»,—деп түйеді де, өздері тарпынан он екі ата Байұлына Тананы немесе Байбақтыны (екеуін бір-бірінің баласы деп) қоспайды.

Шежірелік аңыздар

Барлығы: 341 аңыз

Тағы оқыңыз