Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Әлім ата балаларының ру таңбаларын алуы (І нұсқа)

Шежірелік аңыздар · 1 мин оқу

Әр рудың өз таңбасы болған. Ол таңба сол рудың малын бірден тануға мүмкіндік берген. Сырт көз жайылып жатқан түлікті көріп: «Мынау пәлен рудың малы екен»,—деп таниды екен.

Рулық таңбалар Әлім аталарында да бар. Олар жайлы кішкене әңгіме-хикаят мынадай: Әлім балаларының алдына аттарды әкеліп: «Ал өз таңбаларыңды басыңдар!»—дейді. Сонда үлкен баласы Жаманақ аттың сауырына айқасқан қос шек (X) салыпты. Содан «Шекті» атаныпты дейді. Бұл таңбаны баласының аттың сауырына салғанын көріп, Әлім ақсақал: «Балам, сауырлы ел боларсың»,—депті.

Енді кезек Ұланақ—Сасықбайға келеді. Ұланақ бір шетін жамбасқа, төменгі жағын шідерлікке келтіріп шақпақ таңба салады. Сонда Әлім ақсақал: «Балам, сен де жанбастан қалмайтын болдың ғой!»—депті.

Кезек Қарамашаққа келеді. Қарамашақ келеді де, таңбасын сызық етіп аттың қабырғасынан сүбесіне (бұны «көсеу таңба» дейді) дейін тартып жібереді. Сонда Әлім ақсақал: «Балам, қабырғалы ел болатын болдың»,—депті.

Айнықтың таңбасы жоқ, ерте өледі. Ал Тегінболат—Қарасақалдың, Тойқожаның таңбаларын ұшырата алмадық.

Шежірелік аңыздар

Барлығы: 341 аңыз

Тағы оқыңыз