Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

«Қаракесек» деп Ұланақтың аталу себебі (І нұсқа)

Шежірелік аңыздар · 1 мин оқу

Ұланақ туысынан кедей, жарлы болған екен. Оның үстіне Ұланақтың өзі шатақ, тезқатар болыпты дейді қариялар. Осы мінезіне қарай, ол көптен бөлек, оқшау отырады екен. Келген адамға мезірет айтпайды. Бір күні оның қора-қопсысы, үй-жайы өртеніп кетеді. Орнында тек қара кесегі мен күлі ғана қалады. Оны көрген адамдар Ұланақты табалау мақсатымен: «Әшиінде қара кесегі шығып жүретін сорлының, енді қара кесегіне қосылып қара күлі шығыпты ғой!—деп, «Қара кесек» деп айта бергендіктен, Қаракесек атанып кетеді дейді қариялар.

Шежірелік аңыздар

Барлығы: 341 аңыз

Тағы оқыңыз