Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

2 мин оқу 215 оқылым

                                   «Ана тілің – арың бұл...»

Ана тілі – әрбір адамның бойына анасының ақ сүтімен дарыған тілі. Менің ана тілім – қазақ тілі. Жаратқан шешіп қойған, менің қазақ болып туылуымды. Оның әміріне қарсылығым жоқ, керісінше, мың алғыс.  Алайда, кейбір адамдар осы бақытты түсінбейді. Қазақ болып туып, орыс болып өмір сүреді: орысша көп сөйлейді, көп қарайды, оқиды, ойлайды.

Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, қазақ халқының ана тілі, шексіз бай, көркем, рухани бай, Абай әрлеген, Жамбыл жырлаған ғажап тіл. Оған дәлел әдебиетші ғалымдардың зерттеулері, пікірлері:

«Қазақ тілін қарабайыр санайтын адамның бұлтын сейілту үшін мынаны еске алу артық болмас: егер бір ғана «Абай жолында» Әуезов 16 983 сөз қолданса, ал Шекспир мен Байронның барша лексиконы 15 мың сөзді құрайды. Демек қазақ әдебиетінің дәмін көрмей жатып, әлемдік әдебиетке қол созудың өзі – ақымақтық» , - деген екен неміс ғалымы, аудармашы, қазақ тілінің жанашыры Герольд Бельгер. Ал қазақ балалар әдебиетінің атасы, қазақтың педагог-ағартушысы Ыбырай Алтынсарин былай деген екен: «Қазақтың тілі соншалықты мол. Яғни  қазақтың тілімен қандай кітап болса да жазуға болады. Қазақ тілі мұншалықты жатық һәм анық болар еді, егерде біздің қазақтар аңғарып, бөтен тіл араластырмай ілгері бастырып сөйлесе».

Бауыржан Момышұлының  да қазақ тілі туралы айтқан нақыл сөздері бар: «Қазақ тілі -  сұлулығымен бой балқытып,  тамыр шымырлататын, жан жүйеңді жандырып, құлақ құрышын қандыратын, өткірлігімен қысылтаяң тұста ер мен елге бірдей медет беріп, адам түгіл жағдайдың өзінің аузына құм құятын ғажайып кемел тіл».

«Ана тілімізге мән бермеушілік, оны құрметтемеу – шынайы патриоттар тәрбиелеу жұмысына үлкен зиян».

«Тіл тазалығы үшін күрес – ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес».

Замандастар, отандастар, жастар – ұлы бабаларымыздың айтқан сөздеріне құлақ түрейік, үйренейік! Қадыр Мырза-Әлі айтқандай:

Ана тілің – арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте!

Гүлнұр Асқарбекқызы Ботабаева

№2 МЛ қазақ тілі мұғалімі, Қостанай қаласы

Соңғы жаңарту: 4 наурыз 2026, 07:12

Авторы
Гүлнұр Асқарбекқызы Ботабаева

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Қазақ тілі

ҚазҰУ имиджі магистрант көзімен: ғылыми орта және зерттеу бағыты

ҚазҰУ магистранты университеттің ғылыми ортасы мен зерттеу дағдылары туралы ой бөлісіп, қазақ тіліндегі бьюти-дискурста қолданылатын англицизмдерді зерттеу бағытын таныстырады.

Нұршат Айзат 3 мин 19 оқылым
Қазақ тілі

Жастар слэнгінің тіл экологиясына әсері

Мақалада жастар слэнгінің қазақ тілінің экологиясына әсері, оның оң және теріс қырлары, интернеттегі тілдік қолданыстар мен зерттеу әдістері қарастырылады.

Жалғасбекқызы Аяулым 10 мин 10 оқылым
Қазақ тілі

Тіл — ұлттың жаны, ұрпақтың аманаты

Қазақ тілінде сөйлеудің маңызы, ана тілін құрметтеу мен оны күнделікті өмірде қолдану қажеттігі туралы ой-толғау.

Сайлаухан Ақерке 3 мин 18 оқылым
Қазақ тілі

Жасанды интеллект құралдарын қазақ тілі сабағында қолдану мүмкіндіктері

JOO school Medeu Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аннотация Мақалада жасанды интеллект құралдарын қазақ тілі сабағында қолданудың бағыттары талданады. Оқыту мазмұнын даралау, мәтінмен жұмыс, бағалау үдерісін…

Битілеу Динара Мақсатқызы 6 мин 197 оқылым