Мазмұнға өту

Ана тілім тірлігімнің айнасы

Қарамерденова Құралай Серікқазықызы 3 мин оқу 578 оқылым

Қарамерденова Құралай Серікқазықызы

Мақсаты:

Білімділік:Оқушылардың ойлау, еске сақтау, қайта жаңғырту қабілеттерін дамытумен қатар, қазақ тілі мен әдебиет пәніне деген қызығушылықтарын арттыру.

Дамытушылық: Оқушы арасындағы халқымыздың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі арқылы ынтымақты дамыту;

Тәрбиелік:Жылдамдыққа, алғырлыққа тәрбиелеу

Коррекциялық:Көзге арналған жаттығу жасау, сергіту сәті.

Көрнекілігі: интерактивті тақта.

Түрі: дөңгелек үстел.

Тәрбиелік шараның барысы.

Ұйымдастыру

Кіріспе

1."Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы" (мәнерлеп оқу)

  1. "Зымыран сұрақтар" (қазақ тілі пәні бойынша)
  2. "Жеті жұрттың тілін біл"
  3. "Ойлы болсаң, озып көр"(өнерден сұрақ болады)
  4. « Мақал – сөздің мәйегі»

6.Қорытынды.

Тәрбиешінің кіріспе сөзі:

- Құрметті әріптестер, оқушылар! Бүгінгі «Ана тілім тірлігімнің айнасы» атты дөнгелек үстел өткізудегі мақсатымыз - басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге құрметпен қарауын, сонымен бірге мемлекеттік тілге қызығушылығын арттыру.

1."Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы" өз ойларын ортаға салып

көрніс көрсетеді

Оқушылар Үш бәйтерек иелері: Сәкен, Ілияс, Бейімбет өлеңдерін мәнерлеп оқиды.

2."Зымыран сұрақтар" кезеңі (қазақ тілі пәні бойынша)

Мықты болсаң - алдағыны басып оз.

Мықты болсаң - арттағыны жеткізбе!

Мықты болсаң - тайғанама көк мұзда!

Мықты болсаң - бөгеттерді бұзып өт – деп ана тіліне жанашырлық танытып пәнне өз білімдерін көрсетеді.

Қазақ тілі пәні бойынша берілетін сұрақтарға дұрыс және жылдам жауап беру.

  1. Батыр сөзінің синонимін ата? (ержүрек, батыл, жаужүрек)
  2. «Ақ киізге көтерді» сөз тіркесінің мағынасы қандай? (хан сайлады)
  3. Қазақ тілінде қанша әріп бар? (42)
  4. Ұзын сөзінің антонимі? (қысқа)
  5. Қолданудан шығып, аз айтылатын сөздер (көне сөздер)
  6. Фонетика нені зерттейді? (тіл дыбыстарын)
  7. Қазақтың алғаш әліппесін жазған кім? (Ыбырай Алтынсарин)
  8. «Жаны зәр түбіне жету» сөз тіркесінің мағынасы қандай? (қорқу)
  9. Мағыналары бір - біріне қарама - қарсы сөздер (антоним)
  10. Айтылуы бірдей, мағынасы басқа сөздер (омоним)

3."Жеті жұрттың тілін біл"

Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл – деп кезекті сұрағымыздың шарттарымен таныстырайын.

Кезеңіміздің атауын «Жеті жұрттың тілін біл» деп атадық. Мұнда сендерге жұмбақтар жасырылады, ал сендер сол жұмбақтардың шешуін үш тілде, яғни, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айтуларың қажет. Бұл кезеңде де әр дұрыс жауап үшін 10 ұпайдан беріледі. Ұпайы аз оқушыдан бастайық. Барлықтарыңа табыс тілеймін!

  1. Қабат – қабат қаптама

Ақылың болса аттама. (кітап – книга - book)

  1. Көзге көрінбейді, жұтсаң білінбейді. (Ауа – воздух - air)
  2. Үнемі ауызда бұлтыңдайды,

Бірақ жұтылмайды. (тіл - язык - language)

  1. Әй, керемет бір ит бар

Үй бағады үрмейді.

Аяғы жоқ жүрмейді.

Рұқсатсыз ол иттен

Ешкім үйге кірмейді. (құлып – замок - lock)

  1. Бір үйге көзсіз боп кіресің,

Бұл үйден көреген боп шығасың (мектеп – школа - school)

  1. "Ойлы болсаң, озып көр"(өнерден сұрақ болады)

Сұрақтар:

  1. «Қазақфильм» киностудиясынан шыққан тұңғыш фильм (Аманrелді)
  2. Қазақстандағы ең терең көл? ( Балқаш)
  3. Алматыға дейінгі Қазақстанның астанасы болған қала? ( Қызылорда)
  4. Алғашқы кәсіпқой суретші ( Әбілхан Қастеев)
  5. « Отырар сазы» оркестрін ұйымдастырған композитор

(Н.Тілендиев)

6.Әлемнің екі дүркін чемпионы болған балуан ( Ж. Үшкемпіров)

« Мақал – сөздің мәйегі»

Тапсырма: Мақалдардың жартыларын табу.

  1. Өнер алды (қызыл тіл)
  2. Туған жердей жер болмас (туған елдей ел болмас)
  3. Отансыз адам ( ормансыз бұлбұл)
  4. Атаңа не қылсаң (алдыңа сол келер)

5.Бақытсыз өмір (сөнген көмір)

  1. Отан (оттан да ыстық)
  2. Тау мен тасты су бұзады ( адамзатты сөз бұзады)
  3. Тоқсан ауыз сөздің ( тобықтай түйіні бар)
  4. Көз қорқақ (қол батыр)
  5. Көп сөз – көмір ( аз сөз – алтын )

Қорытынды. Әр бала өз ойларын ортаға слып,бүгінгі дөңгелек үстелден түйгендерін ,не ұққандарын айтады.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Қарамерденова Құралай Серікқазықызы

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин