Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

"Алтынемелге бардың ба?" атты сабақ жоспары

Bilimger Media
3 мин оқу 651 оқылым
Сабақ тақырыбы: Алтынемелге бардың ба?
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сөйлесу әрекетіне жетелейтін қарапайым сөйлем үлгілерін қолдану негізінде ұлттық қорық жайында толық ақпарат бере білуге машықтандыру.
Дамытушылық: Тілдесім барысында лексикалық тақырыптың негізінде оқушының сөздік

қорын молайту.

Тәрбиелік: Қысқа мәтіндер арқылы оқушылардың бойында ұлтжандылық қасиеттерді

қалыптастыру.

Жетістік

критерийлері:

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): ұлттық қорықтар жайында айтады,

таныстыра алады.

Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): ұлттық қорықтарды қарапайым сөйлемдер

арқылы сипаттай алады.

Оқушының жоғарғы жетістігі (ОЖЖ): тақырып аясында сыныптастарымен

тілдесе алады, қарапайым сөйлеу үлгілері арқылы сұхбаттасады, ұлттық

қорықтар жайлы мәтін құрастыра алады.

Негізгі

түсініктер:

Ұлттық қорық, табиғи ескерткіш, үңгірлер, жер көлемі, жан-жануарлар,

өсімдіктер, мекендейді, қорықшы, бекет.

Сабақта

қолданылатын

материалдар:

Моноблок, «Алтынемел қорығы» туралы видео, ұлттық қорықтың суреттері, парақшалар, желім қағаздар, А4 парағы, маркерлер, плакат.
Сабақ әдістері: Түсіндіру, сұрақ­жауап, сергіту жаттығуы, диаграммалар толтыру
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:               
Тапсырма Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
І.Қызығушылықты ояту Синквейн жазу Оқушылар синквейн жазады, топтан ең үздік синвейнді таңдап оқиды.
 

ІІ. Мағынаны тану

1. Сөздікпен жұмыс. Тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен

таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.

Ұлттық - национальный

Саябақ – парк

Солтүстік – север

Көлем – площадь

Құрам – состав

Ескерткіш – памятник

Үңгір – пещера

Әсер – впечатление

Бағыт - направление

Тыңдалым. Оқылым.

Жаңа сөздерді тыңдайды,

мұғаліммен бірге оқиды.

Айтылым. Жаңа сөздердің

дұрыс айтылуымен ауызша

жаттығу жүргізеді.

Оқылым. Мәтінмен жұмыс.

««Алтынемел» ұлттық саябағы» атты мәтінмен таныстырады.

Сандықшадағы мәтін бойынша сұрақтарды таратады:

1. «Алтынемел» ұлттық табиғи саябағы қашан құрылған?

2. Саябақ қай жерде орналасқан?

3. Саябақтың көлемі қанша жерді алып жатыр?

4. Оның құрамына қандай таулар кіреді?

5. Саябақ неге бай?

6. Саябақта өсімдіктердің қанша түрі өседі?

7. Қазақстанның Қызыл кітабына қанша жануар түрі кірген?

8. Қазір саябақта қанша қорықшы бекеті мен туристік бағыт жұмыс жұмыс істейді?

Тыңдалым. «Алтынемел» ұлттық саябағы туралы видеоны тыңдату.

«Галереядағы ой шарлау»

Жазылым. Диаграммаларды толтыру:

1 топ - «Ассоциациялық карта»

2 топ - «Хикаялар   картасы»

3 топ – «551» стратегиясы

4 топ - «Венн диаграммасы»(мәтін мен видеоны салыстырады)

Оқушылар мәтінді оқиды, түсінеді, сөздіктің көмегімен аударады.

Сандықшаның ішінен әр топ 2 сұрақтар алып, топта талқылап, жауабын айтады.

Оқушылар берілген суреттер мен жазулардан видеоға сәйкес келетіндерін таңдап алады.

Әр топ мүшелері бірлесіп диаграммаларды толтырады, тақтаға шығып қорғайды.

  Сергіту сәті Әр оқушы таратылған парақтарды өз басына қойып, бүгінгі сабақта меңгерген бір сөздерін жазады, бір-бірлеріне көрсетіп оқиды.
 

ІІІ. Ойтолғаныс

Тақтамен жұмыс. Грамматикалық тапсырма: берілген сөздерден біріккен сөз жаса

І топ

Алтын дидар
Ала тау
теле емел

ІІ топ

бағдар шам
жол барыс
Ай сұлтан

ІІІ топ

тоғыз гүл
ел орда
Ай құмалақ

ІҮ топ

қонақ үй
тас көз
Бота бақа
Оқушылар топта жұмыс жасайды. Әр топтан бір оқушы жацуаптарын тақтаға жазады.
IV. Бекіту «Өрмекшінің торы» стратегиясы арқылы бекіту Әр топтан бір оқушы шығып, бір-біріне сұрақтар қойып, жауап беріп өрмекшінің торын құрады.
V. Бағалау Топ басшылары бағалайды.
VI. Үйге тапсырма Мәтіннің мазмұны
VII. Рефлексия «Алма ағашы» Мәтін мен видеоны түсініп, тапсырмаларды орындай алған оқушылар қызыл, орындай алмағандары жасыл алмаларды алып, жапсырады.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Қазақ тілі

Жастар слэнгінің тіл экологиясына әсері

Мақалада жастар слэнгінің қазақ тілінің экологиясына әсері, оның оң және теріс қырлары, интернеттегі тілдік қолданыстар мен зерттеу әдістері қарастырылады.

Жалғасбекқызы Аяулым 10 мин
Қазақ тілі

Тіл — ұлттың жаны, ұрпақтың аманаты

Қазақ тілінде сөйлеудің маңызы, ана тілін құрметтеу мен оны күнделікті өмірде қолдану қажеттігі туралы ой-толғау.

Сайлаухан Ақерке 3 мин 16 оқылым
Қазақ тілі

Жасанды интеллект құралдарын қазақ тілі сабағында қолдану мүмкіндіктері

JOO school Medeu Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аннотация Мақалада жасанды интеллект құралдарын қазақ тілі сабағында қолданудың бағыттары талданады. Оқыту мазмұнын даралау, мәтінмен жұмыс, бағалау үдерісін…

Битілеу Динара Мақсатқызы 6 мин 193 оқылым
Қазақ тілі

Оқу сауаттылығын қалыптастырудағы мәтін түрлерімен жұмыс

Алматы қаласы Алатау ауданы "№185 мектеп-гимназия" қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аннотация Мақалада оқу сауаттылығын қалыптастыруда мәтін түрлерімен жұмыстың теориялық және практикалық қырлары қарастырылады.…

Қаирова Аружан Болатқызы 6 мин 210 оқылым