Мазмұнға өту

"Алтын күз келді."

Нурбану 4 мин оқу 491 оқылым

«Алтын күз келді! »

« Жұлдыз» тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің
конспектісі.

8 сентябрь 2020ж.
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі : Жаратылыстану.
Тақырыбы: Алтын күз келді!
Мақсаты: табиғаттағы маусымдық өзгерістер туралы, жыл мезгілдері туралы түсініктерін қалыптастыру.
Білімділік: Табиғаттағы ауа райының жайын бақылауды жəне бақылау
нəтижелерін табиғат күнтізбесіне белгілей білуді үйрету.
Дамытушылық : Қарапайым дербес тəжірибе əрекетін ұйымдастыру арқылы балалардың түсініктерін дамыту.
Тәрбиелік: Құрдастарына достық қарым-қатынасты тəрбиелеу.
Алдын ала жүргізілетін жұмыстар: суреттерді қарау; күз құбылыстарын бақылау, жұмбақ шешу, қарапайым тəжірибе жұмысы, зерттеу серуені, тақпақ жаттау.
Жабдықтар мен материалдар: тақырып бойынша иллюстрациялық материал, əліппе-дəптер, бояу қарындаштар, «Күз» тақырыбында кеспеқағаздар,
Сөздік жұмыс: күз, жыл мезгілі, өнім, киім.
Қостілділік компонент: күз – осень
Мотивациялық қозғаушылық.
Өлең оқып, оқу қызметіне жағымды көңіл күй қалыптастыру.
Балалардан жыл мезгілдерін естеріне түсіріп, оларды атауды сұрау.
Бұдан соң жұмбақ жасырып, оны шешуді ұсынамыз, табиғатта қандай өзгерістер болғанын сұрау.
М. Əлімбаев
Күз келді
Сарғайды тоғай,
Сап-сары маңай.
Соңғы əнін айтып,
Құс кетті қайтып.
Жапырақ ұшты,
Суық та түсті.
Сонда да бізге,
Қызық көп күзде.
Ұйымдастырушылық - ізденістік.
Жыл мезгілдерін атайды.
Жұмбақ шешеді:
Өрік, алма, шие, алма,
Жидек, жүзім піседі,
Қауын, қарбыз, қияр, сəбіз
Дүкендерге түседі,
Астық пісіп, орақ орып,
Қырман дəнге толады.
Бөбектерім, айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады? (Күз)
Ізденістік- ұйымдастырушылық
Балаларды əліппе - дəптердегі ауа райы күнтізбесімен
жұмыс істеуге дайындау (бұл жұмыс əр сабақ сайын жүргізіледі ).
Балаларды əліппе - дəптердегі
Бүгінгі ауа райы қандай екенін белгілеу.
Күз туралы не білетінін еркін түрде əңгімелейді: Күз келді. Күннің жылуы суретті қарауға шақыру:
Суретші қай жыл мезгілін суреттеген?
Ол неден байқалады?
Жанды жəне жансыз табиғаттағы өзгерістерді атауды ұсынамыз.
Қорытынды жасалады.
« Күз бен қысты салыстыр » ойынын ұйымдастырады.
( Педагог сөйлемді бастайды, балалар аяқтайды ).
Мыршай балаларға əліппе - дəптердегі мнемокестеге сүйеніп,
Күз туралы əңгіме құрастыруды ұсынады.
Əліпе - дəптерде бейнеленген жəндіктердің суреттеріне назар
аударады.
Балаларға оларды атап шығуды ұсыну.
Аспанды бұлт қаптады. Жаңбыр жиі жауады.
Адамдар қолшатырмен жүреді. Ағаштарда жапырақ жоқ.
Жапырақтар сарғайып, жерге түсіп қалды.
Жыл құстары оңтүстікке ұшып кетті.
Бау - бақшада өнім жиналды.
– Жазда күннің жарығы мол, күзде...
– Жазда адамдар жеңіл киінеді, ал күзде...
– Жазда ағаштар жап - жасыл болып жайнап тұрады, ал күзде...
– Жазда аспан көкпеңбек, ал күзде...
– Жазда адамдар өнімді өсіреді, ал күзде............
– Жазда балалар демалады, ал күзде...................
Сергіту сəті
Алтын, сары, қызыл, көк. ( Балалар қолдарын біртіндеп санайды ).
Алуан-алуан жапырақ ( Қолдарын жоғары көтеріп, жапырақтардың
желмен қозғалғанын бейнелейді ).
Күзгі бақта күлімдеп ( Балалардың жүзінде қуаныш пен күлкі. )
Көз тартады атырап. ( Екі қолын маңдайына кезек тақап, көздерін
көлегейлеп, алысқа қарайды. )
Ой, алақай, тамаша! ( Орындарынан тұрып, секіріп,алақандарын
Шапалақтайды. )
Шашу шашты жапырақ. ( Шашу шашқандай қолдарын екі жаққа
құлаштай сермейді. )
Əңгіме құрастырады, күн, аспан, құстар, жануарлар, адам тіршілігіне тоқталады.
Жəндіктерді атайды, олар күз келгенде көбейгенін əлде азайғанын айтады.
Олардың қайда паналайтынын айтады, жəндіктердің дене температурасы тұрақты емес деген қорытынды жасайды. Ол қоршаған ортадағы
температураның өзгеруіне қарай өзгеріп отырады. суық
түскенде жəндіктердің көбі қуыс- қуыстарды паналайды, кейбіреулері
дернəсіл немесе қуыршақ кезеңінде қыстайды.
Жағдаят. Күз келді. Ауа райы өзгерді. Біз таңертең балабақшаға жиналып жатырмыз. Қандай киімді таңдаймыз? Киімді дұрыс
таңдау үшін, даладағы ауа райы қандай екенін анықтап алуымыз қажет.
Балаларға олардың балабақшаға қандай киіммен келгені туралы
əңгімелеуді ұсыну.
Əліппе - дəптердегі киім түрлерін қоршау қажет. Суреттерден күзгі
ауа райына сай киінген балаларды табады, сол суретті белгілейді.
Келесі нұсқа ретінде:
Құстардың тіршілігі жəндіктермен тығыз байланысты, себебі көптеген құстар жəндіктермен қоректенеді.
Жаңбыр жауып тұрғанда, күзде ауа райы қандай деп айтылатынын еске түсіреді? ( Жауын-шашынды немесе жаңбырлы ).
Мұндай ауа райында біз қандай киім мен аяқкиімді таңдаймыз?
Жел соғып тұрса ше?
Мұндайда ауа райын қандай дейміз? (Желді).
Мұндай ауа райында қандай киім мен аяқкиімді таңдайтынын анықтайды.
– Егер далада күн суық болса – ауа райы...(суық) деп айтылады.
Мұндай ауа райында қалай киінеміз?
– Егер далада ылғалды, дымқыл болса, ауа райы да... (ылғалды, дымқыл) деп аталады.
Қандай киім мен аяқкиімді таңдаймыз?
– Егер аспан түнеріп, бұлт басып тұрса... (бұлтты).
Мұндайда адамдар қалай киінеді?
– Күн сəулесін шашып тұрса, ауа райы (ашық).
Қандай киім киеміз?
Күзде табиғатта қандай дыбыстар болуы мүмкін екенін талқылайды: жапырақтар сыбдыры, қақпаның сықыры, желдің уілі, құстардың, жаңбырдың т.б. дыбыстары.
Рефлексиялық - түзетушілік
Балаларға өзінің көңіл күйін қандай да бір жануардың (өсімдіктің, гүлдің) бейнесімен салыстырып, оның суретін салуды немесе сөзбен түсіндіріп, сипаттап беруді ұсынуға болады
Күтілетін нəтиже:
біледі: табиғаттағы маусымдық өзгерістерді, жыл мезгілдерін атайды;
игереді: табиғаттағы өзгерістерді не үшін бақылау қажеттігін; күзде қалай киіну керектігін;
меңгереді: бақылау, еңбек, тəжірибе арқылы себеп-салдарлық байланыстарды өзі анықтайды.

Соңғы жаңарту: 4 наурыз 2026, 07:00

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Нурбану

Осы тақырыптағы материалдар

Бастауыш сынып

Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін нейрогимнастика арқылы арттыру

Адилжан Аякоз Бастауыш білім беру Аңдатпа: Бұл мақалада бастауыш сынып оқушыларының зейінін, есте сақтауын, ойлау қабілетін дамытуда нейрогимнастикалық жаттығулар мен нейроойындарды қолданудың тиімділігі қарастырылады.…

Bilimger Media 28 оқылым 2 мин
Бастауыш сынып

Қош келдің, Наурыз!

№50 жалпы білім беретін мектебі КММ Бастауыш сынып мұғалімі DOCXӘДЕБ-ОКУ-АШЫҚ-САБАҚ.docxҚұжатты ашу

Жанахметова Жансая Бектасовна 48 оқылым 1 мин
Бастауыш сынып

Бастауышпен қоштасу сценарийі

Тақырыбы: «Қош бол, сүйікті бастауышым!» Қатысушылар: Жүргізушілер, 4-сынып оқушылары, бастауыш сынып мұғалімі, ата-аналар, мектеп әкімшілігі. Безендіру: Шарлар, гүлдер, «Қош бол, бастауыш мектебім!», «Алға, 5-сынып!»…

Bilimger Media 518 оқылым 4 мин
Бастауыш сынып

Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін реинтеграциялау: нейропедагогикалық және цифрлық тәсілдер

№50 жалпы орта білім беретін мектеп Өскемен қаласы Аңдатпа Бастауыш білім беру деңгейіндегі білім алушылардың, соның ішінде екінші оқу жылындағы субъектілердің танымдық уәждемесінің деструкциялануы – «бейімделуден…

Қалиқатбек Жансая Мұқаметбекқызы 69 оқылым 6 мин