Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Әлем өзгереді,мен өзгеремін

Байбосынова Алтынай Бейбитбайевна
3 мин оқу 1 586 оқылым

Байбосынова Алтынай Бейбитбайевна

«Адамды, адам ететін-еңбек»,-деп ата – бабаларымыз айтып кеткендей. Адамдық бастауын еңбекпен байланыстыратын болсақ , тынымсыз еңбек етудің арқасында ақыл-ойымыз да дами береді. Адамның бойында қасиеттердің жақсы –жамандығына, ешбір шектеу қойылмаған.Сол себепті өмірдегі әртүрлі бұралаң жолдардан өмір сүріп өту үшін адам пендесінің жасамаған  жақсылықтары мен зұлымдықтарын жіпке тізіп өлшеп көрсету  мүмкін емес. Дүниеге шыр етіп жарық ғаламда алла өлшеп берген аз ғұмырынды кешіп өту үшін не болмайды деуге болмайды. Яғни, алланың сынағы мен сыйларына әркез дайын  болумыз керек. Міне, сондықтан  қандай  да болмасын бір  тығырықтан шығу үшін адам баласына ақыл-ой  ұшқырлығы мен дүние мүлік қажеттіліктері туындайды.

Адам баласы алға жылжиды  әрине адами тұрғыдан  ол сауаттанады, рухани байыйды, соның нәтижесінде  көптеген жетістіктерге жетеді. Жеткен жетістігін бөлісетін  орта керек, сондықтан ақпараттық ауысымдар туындайды,ал оны бір-біріне жылдам  жеткізу үшін әр түрлі құралдар ойлап табу мүмкіндігі  қажет,міне, әлем өзгеруге мәжбүрлік  туындады. Бұл  тек ой бөлісуден келіп туған қажеттілік болса, адамда одан басқа эстетикалық талғамдардың да үздіксіз дами беретіндігін айта кеткеніміз жөн осылай әр салада  үздік талғам, ең керемет, деген сияқты орындарды иеленетін заттар мен ғылыми жетістіктер пайда болады.

Ой -өріс  кеңейеді ғылыми шындалады, талғам күшйеді, осыдан келіп әлем жаңарады. Ал сол жаңалықтардың барлығын тұтынушы адам. Сондықтан адам өзгеруге мәжбүр. Сонда  қалай өзгеруі керек ?

Біріншіден ғылыми тұрғыдан сауатты тұлға болады. Соның нәтижесінде рухани байлықтың бағына есік ашылады, мәдениеттілік пен жоғары талғам да пайда болады. Сабырлық пен салмақты таразыға сала білу керек. Бұнымен  мен барлық тыныш, сабырлы болсын да деймеймін, заманның жылдам дамуына ой ұшқырлығымен қоса, дене шапшаңдығы да маңызды. Жаңа әлем өзіне жаңа адам талап етеді. Жаңару деген сөзді қарасақ алты әріптің суретті көзге көрініп тұрғанымен, сарапқа салсақ тіптеп түбі терең тұңғиық теңізден де, өлшемі жоқ, салмағын біле алмайтын ауадан да асып кетеді. Бір қарапайым мысал айтар болсам.

Ертеде ұшатын кілемді қиялдаса, бүгін соның шынайы бейнесі жасалуда адамдар ұшақпен  қаншама алыс сапарларға аз уақытта жетеді. Осымен айтайын деген ойым мынау: адам ойының шырқау шегінің арқасында, даму дәрежесінің биіктігінен келіп осындай жаңаруға жеттік. Жетіп жатқан техникалық жетістіктеріміздің де тоқтаусыз дамуына  себеп бола отырған өмірдің тек жақсылықтары деп айтпауымыз керек, зұлымдылықпен қарсылықтарын жеңу мақсатында да көптеген жаңалықтар ашылып жатады.

Өмірдің әр саласына байланысты жаңалықтардың қайсыбірін айта берейік, негізгісі жетістіктердің санының көптігінде емес оның сапалы, көңілге қонымды пайдалы әрі, тиімді жолдарын таңдап өмірдің оң жақтарына пайдалана білемізде. Жаңа әлемнің тұлғасы құзіретті болуға бейімделуі керек. Болмасаңда ұқсап бағуға талмай талап қылсаң еңбегінің зейнетін көресін. Бірін айт та, бірін айт алла қазағымның жүрегінен иманын ала көрме, салихалы, саналы ұл мен қыздарыңнан  айыра көрме, лайым қазақ тілінің мәртебесін әлемге шырақтатып биік шыңдардан көрінуге несібе ете гөр дегім келеді.

Қазағымның сегіз қырлы, бір сырлы сұлтандарын намысшыл,батыл, жігерлі жүрек бере көргей. Қиғаш қас бұраң бел, ажарлы аруларына инабаттылық пен ибалылық берсін. Аруларымыздың қолаң шашындай ақыл берсін, Ақ сақалды қарияларымызға данышпандылық пен  даналық берсін! Ақ жаулықты аналарымызға молынан мейірім шапағатын жас сәбилерімізге сыңғырлаған шаттық күлкісінен айырмасын. Асыл аналарымыздың құшағын қамқорлыққа, толтырып,ыстық аялы алақандарының жылуын айырмасын . Ата-бабаларымыздан қалған асыл қасиеттерін бойымызға сақтай отырып жаңа әлемнің, жаңа ұрпағы болғым келеді.   Қазіргі заман ағымына сай тұлға тәрбиелеу үшін барымызды саламыз, өзгереміз.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Байбосынова Алтынай Бейбитбайевна

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Қазақ әдебиеті

Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл: білімнің шамын жаққан ұлы тұлға

Мақалада Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық қызметі, қазақ балаларына білім беру жолындағы еңбегі мен әдеби мұрасы сөз болады. Оның шығармаларындағы білімге құштарлық, еңбекқорлық және адамгершілік идеяларының бүгінгі маңызы көрсетіледі.

Қожабек Амина 2 мин 10 оқылым
Қазақ әдебиеті

Асқар Алтайдың «Сират көпірі» шығармасы: тарихи романның көркем жүйесі мен рухани ұстанымдары

Мақалада Асқар Алтайдың «Сират» романы тарихи-философиялық қырынан талданып, кейіпкерлер жүйесі, көркемдік құрылымы және ұлттық рух мәселелері қарастырылады.

Жазит Алтынай 12 мин
Қазақ әдебиеті

Аңыз әңгімелердегі ұлттық құндылықтар

Ғылыми мақалада қазақ аңыздарының тарихи жадты сақтаудағы және ұлттық құндылықтарды ұрпақ тәрбиесіне жеткізудегі маңызы қарастырылады.

Сейтхан Ернұр 4 мин 29 оқылым
Қазақ әдебиеті

Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында инновациялық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру 

Шымкент қаласы. Қазақстан Зиятркелік "Бәйтерек мектебі" қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Бұл мақалада қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында инновациялық технологияларды қолданудың тиімділігі қарастырылады.…

Тельмаева Назерке Жаскыранкызы 3 мин 123 оқылым