Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Bilimger Journal №9 / 2026 шығарылымына мақала қабылдануда·QR-кодты сертификат Журнал №9 мақала қабылдануда·5 орын қалды 5 орын қалды Жариялау

: «» · ₸

2 мин оқу 85 оқылым

Джаулбаева.Ә.А. М.Тынышпаев атындағы ҚазАКК Акмола колледжі

Абайдың қара сөздеріндегі адамгершілік және рухани құндылықтар.

Мақсаты:

-Абайдың қара сөздері арқылы өткен тарихымызға, ұрпақтас сабақтастығына өз үлесін қосу.

Міндеттері:

- Өз халқының мұралары туралы білімдерді қалыптастыру.

- Әр нәрсені білуге деген қызығушылықты қалыптастыру.

- Алынған мәліметтерге талдау жасау қабілетін қалыптастыру.

«Халқтың рухани шығармашылығын Абай сияқты көтеріп биіктеткен қазақ ақыны әлі болған емес».  Ә. Бөкейханов.

ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетіне ұлы төңкеріс жасаған, жаңа қазақ әдебиетінің іргетасын қалаушы – Абай Құнанбайұлының қара сөздері.

Абай мұрасының қомақты саласын 1890 жылдарда жазған қара сөздері құрайды. Олардың жалпы саны – 45. Қарасөздерінде білген-көрген, көңілге түйгенін жазып, өз кезіндегі қоғам өміріндегі, адам тіршілігінде маңызды мәселелерді дөп басты.(слайд 2)

Абайдың көркемдік, әлуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі – қара сөздері. Абайдың қара сөздері – ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық бес бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Оның алты-жеті үлесі қысқа болса, қайсыбіреуі мазмұң, тақырып жағынан өзгешелеу, ауқымды болып келеді. Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зер салған.

Абайдың қара сөздері мен өлендерінің ұқсатықтары (слайд 3)

Абайдың қара сөздерінің адам өміріндегі байланысы (слайд 4)

Сөйтіп көркемдік шеберлік пен ғылыми зерделік арқылы көркемдік сана мен философиялық сананы ұштастырады. Абайдың қара сөздеріндегі гуманистік, ағартушылық, әлеуметтік ойлары дін туралы пікірлерімен бірігіп, тұтас бір қазақ халқының философиялық концепциясын құрайды. Абайдың қара сөздері сондай-ақ жалпы адамзат баласына ортақ асыл сөзге айналды.

Философиялық трактаттар стилінде жазылған қара сөздер – тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық терендігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды.

Пайдалынған әдебиеттер:

1.Абай энциклопедиясы.-А.:Атамұра, 1995 жыл.

2.Абай елі.-А.:Өнер, 1994 жыл.

3.Ә.Қодар. Абайдың философиялық терминологиясы. Қазақстанның мәдени контекстері: тарих және қәзіргі заман.-А.,1998 жыл.

4.Ш.Әбілбаева Абай Құнанбаевтің өмірі мен шығармашылығы  //  Қазақ және әлем әдебиеті, 2006 жыл, №3.-18-19Б.

Авторы
Джаулбаева Әсия

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Мақаланың жарияланғаны туралы анықтама (PDF)

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Қазақ әдебиеті

Оралхан Бөкей. «Қайдасың, қасқа құлыным!»

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Зерттеу университеті Филология факультеті Орындаған: Қожаназар Шұғыла Қабылдаған: Хасенов Болат Тақырыбы: Оралхан Бөкей « Қайдасың , қасқа құлыным !» Қарағанды, 2025 Аннотация Бұл…

Әжіқұл Ұлмекен 10 мин 13 оқылым
Қазақ әдебиеті

Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл: білімнің шамын жаққан ұлы тұлға

Мақалада Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық қызметі, қазақ балаларына білім беру жолындағы еңбегі мен әдеби мұрасы сөз болады. Оның шығармаларындағы білімге құштарлық, еңбекқорлық және адамгершілік идеяларының бүгінгі маңызы көрсетіледі.

Қожабек Амина 2 мин 58 оқылым
Қазақ әдебиеті

Асқар Алтайдың «Сират көпірі» шығармасы: тарихи романның көркем жүйесі мен рухани ұстанымдары

Мақалада Асқар Алтайдың «Сират» романы тарихи-философиялық қырынан талданып, кейіпкерлер жүйесі, көркемдік құрылымы және ұлттық рух мәселелері қарастырылады.

Жазит Алтынай 12 мин 11 оқылым
Қазақ әдебиеті

Аңыз әңгімелердегі ұлттық құндылықтар

Ғылыми мақалада қазақ аңыздарының тарихи жадты сақтаудағы және ұлттық құндылықтарды ұрпақ тәрбиесіне жеткізудегі маңызы қарастырылады.

Сейтхан Ернұр 4 мин 38 оқылым