Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Абайдың “Ескендір” поэмасы туралы…

Табиғатқызы Әсел
3 мин оқу 126 оқылым

Сандаған ғасырлар бойы батыс пен шығыстың талай елінде Ескендірдің жорық жолын дәріптеген көптеген туындылар дүниеге келді. Тек бір ғана шығыс елдерінің өзінде Балами, Фирдоуси, Низами, Науаи, Жәми сияқты таланттардың негізгі шығармалары Александрдың жорық жолдарын уағыздауға арналған. Оның сыртында халық атымен айтылатын көптеген аңыздар қаншама!
Ежелгі римдік тарихшы Ф. Аррианнан бастап бірсыпыра тарихшылар Ескендір Зұлқарнайын патшаның өмір тарихын ыждаһаттылықпен хатқа түсірген (Арриан, Поход Александра. М. Л, 1962). Демек, Александр хақындағы әдеби шығармалар да, тарихи еңбектер де, фольклорлық туындылар да аз емес. Ал мұның барлығын өзара салыстыра, Александрдың шынайы өмірі қандай еді, ол жайлы жазылған көркем шығармаларда сол өмір қалай берілген, егер бұрмаланса, оған не себеп болған, оның автор ұстанған мақсатқа қатынасы қандай деген мәселелердің  өзі сандаған күрделі зерттеулердің объектісіне айналды. Міне, бұл мәселені алғаш рет советтік ғылымда көрнекті шығыс зерттеушісі Е.Э. Бертельс қолға алып, 1948 жылы «Александр хақындағы роман және оның шығыстағы басты версиялары» деген тақырыпта монография жазды.

Сондай-ақ, Абайдың «Осы жұрт Ескендірді біле ме екен?» деп барып, «Македония шаһары оған мекен. Филипп патша баласы ер көңілді, мақтан сүйгіш, қызғаншақ адам екен» деген сөздері де Ескендір тарихшыларының еңбектерімен бір жерден шығады. Оның македониялық патша Филипп ІІ-нің баласы екені де, кішкентайынан мақтан сүйгіш, жүректі және аса тәкаппар болғаны да рас. (Әйгілі гректер… 1977, 224-б). Абай одан әрмен Ескендірдің халін:

Филип өлді. Ескендір патша болды,

Жасы әрең жиырма бірге толды.

Өз жұрты аз көрініп көршілерге

Көз алартып қарады оңды-солды.

Сұмдықпен әскер жиып қаруланды,

Жақын жерге жау болды, тұра аттанды.

Көп елді күтінбеген қырды, жойды,

Ханды өлтіріп, қаласын тартып алды, —

деген жолдармен баяндайды. Бұл да ақиқаттан алшақ емес. Филипп өліп, Ескендір таққа отырғанда не бәрі жиырма жаста ғана болған екен. Оның таққа отыра сала, көршілеріне қырғындай тиюі де – тарихи шындық. Көп ұзамай есімін бүкіл әлемге мәшһүр еткен Дари ІІІ мен айқасының өзі осындай «көп елді» тізе бүктірген атышулы жорықтарының жалғасы болатын.

Сондықтан да Абайдың бұл тараптағы творчестволық ерлігі – аталмыш тарихи тұлғаның барша жорықтары мен мақсатының мәнін ақиқат кейіпте көрсеткендігінде. Осы тұрғыда «шынайы Александрдың кейбір қасиеттерін қалпына келтіруде… аталмыш поэма, сөзсіз, елеулі роль атқарады» деп, Ш. Сәтбаева орынды көрсеткен. Бұл Абай поэмасының тарихилығы жайлы сөз болғанда баса көрсетілуге тиісті ерекшелігі. Сондай-ақ, Абай ұлы ағартушы ретінде осы туындысында Александр сынды қолбасшының барша тарихын, оған байланысты аңызды өмірдегі зұлымдық пен адамгершілік туралы үлкен ойын айту үшін пайдаланады. Оның ойы барынша әсерлі, барынша терең. Өмірдегі мақтаншақтық, даңғойлық, нысапсыздық секілді мерезді қасиеттерді Ескендір басына жинақтай көрсетіп, оқырманын сондай қасиеттерден безіндіруге үндейді. Ақын пікірінде, осылардан арылмаған адам – өзін қаншама ақыл, ерліктің, шексіз биліктің иесімен деп түсінсе де, төңірегі солай деп бағаласа да, оның шамасы белгілі, ол «есер» адам. Сондықтан да Абай оқырманына бағыштаған негізгі ойын:

Аз-ақ сөз айттым, бітті бұл әңгіме,

Мұны бір өзге сөздің бірі деме.

Қарның тойса, қайғырма мақтан үшін,

Тоймас көзің толар деп қайғы жеме, —

деген сөздермен бітіреді.

Бұл сөздер – қазақ ақынының «Ғылым таппай мақтанба» өлеңіндегі адамгершілікке үндейтін насихаттарымен тамырлас. Бірақ, поэма сюжетінің оқырманын «бес асыл іс», «бес дұшпан» туралы өлеңге қарағанда көбірек ойлантары хақ. Абай соны тереңнен ойлап, тап басқан, сондықтан да осындай әрекетке барған. Оған жоғарыда келтірілген бір шумақ дәлел. Онда «тоймас көз» сюжетінің не үшін әңгіме болғанын және оның «өзге сөздің бірі» емес, мағынасы терең әңгіме екенін айқын аңғартады. Сөйтіп, ерте дүние билеушісі Ескендір жайында Абай игерген тарихи материалдар мен фантастикалық сюжет ақынның оқырманына жоғарыда айтқан пікірлерді жеткізу үшін, сол арқылы ғибрат алуға үндеу үшін қызмет еткені анық.http://Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Табиғатқызы Әсел

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Қазақ әдебиеті

Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл: білімнің шамын жаққан ұлы тұлға

Мақалада Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық қызметі, қазақ балаларына білім беру жолындағы еңбегі мен әдеби мұрасы сөз болады. Оның шығармаларындағы білімге құштарлық, еңбекқорлық және адамгершілік идеяларының бүгінгі маңызы көрсетіледі.

Қожабек Амина 2 мин 12 оқылым
Қазақ әдебиеті

Асқар Алтайдың «Сират көпірі» шығармасы: тарихи романның көркем жүйесі мен рухани ұстанымдары

Мақалада Асқар Алтайдың «Сират» романы тарихи-философиялық қырынан талданып, кейіпкерлер жүйесі, көркемдік құрылымы және ұлттық рух мәселелері қарастырылады.

Жазит Алтынай 12 мин
Қазақ әдебиеті

Аңыз әңгімелердегі ұлттық құндылықтар

Ғылыми мақалада қазақ аңыздарының тарихи жадты сақтаудағы және ұлттық құндылықтарды ұрпақ тәрбиесіне жеткізудегі маңызы қарастырылады.

Сейтхан Ернұр 4 мин 30 оқылым
Қазақ әдебиеті

Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында инновациялық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру 

Шымкент қаласы. Қазақстан Зиятркелік "Бәйтерек мектебі" қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Бұл мақалада қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында инновациялық технологияларды қолданудың тиімділігі қарастырылады.…

Тельмаева Назерке Жаскыранкызы 3 мин 124 оқылым