Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Bilimger Media
3 мин оқу 27 оқылым

Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын орта мектеп-интернат

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің  мұғалімі: Нурлыбекова Калима Каппасовна

Абайды тану-адамзаттың азаматтық парызы

Ұлы Абайды қайталап қанша оқысақ та, оның асыл мұрасына тереңдеп үңілсек те сонша сыры мол, шындығы мол, шеберлігі мол үздік поэзияның танымдық қырларының аз емес екенін көреміз. Солардың бірі-ұлы ақынның тартымды тұлға, көркем кейіпкер жасаудағы көзқарасы.

Ақынның жас кезіндегі, толысқан кезіндегі, кемелденген кезіндегі шығармашылығына ортақ, барлық тұста бірдей көрінетін бейнесі-шын мәніндегі Адам. Ақын адам болып туғаннан кейін осы қасиетті, ұлы атақты ақтауды ең абзал да асыл міндет деп танып, оны барлық уақытта қадірлеп, қастерлеп жырлап отырды. Оның «Атымды адам қойған соң, қайтіп надан болайын?» -деген сөзі де осы негізден туған еді.

Абайдың ең сүйікті, ең жақын адамы- «Көкірегі сезімді, көңілі ойлы» адам. Оның сыры да, жыры да осыған арналған. Ақын бар үмітін де осы жаны сүйген адамына арта отырып, оны үнемі ізгілікке шақырады, өнегелі істерге баули түсуді көздейді. Оның бұл саладағы пікірлері жалпы гуманистік ой-пікірмен шынайы ұштасып жатады.

«Ғылым таппай мақтанба» деген әйгілі өлеңінде ол адамдық пен адалдыққа жат мінез-құлық, іс-әрекеттерді қазақ оқушысының ұғымына, тұрмысына лайық шеберлікпен, нақтылықпен атап көрсетеді. Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым-ақынның ең жақсы адамнан күткен тілек-арманы. Оның түсінігінде, халыққа қызмет ететін де, қоғамдық дамуға септігін тигізетін де осындай адамдар. Сондықтан ақын барлық шығармасында дерлік сондай жандардың ізгі қасиеттерін даралай сипаттауға әр кез жиі оралып отырды. Арлы болмай, адамдық жоқ деп таниды ұлы ақын. Бұл ой оның бүкіл шығармашылығын жарып өтіп жатыр. «Пайда ойлама, ар ойла», «Ақыл таппақ, мал таппақ-адал жүрмек» , «Еңбекті сат, ар сатып неге керек» ,-дейді ол. Ұлы ойшыл әр кезде айтқан бұл пікірлер бірін -бірі толықтырып, оның осы саладағы негізгі талабы мен өлшемін, идеясын айқындайды да, салмақтандыра да түседі. Ақынның «Үш-ақ нәрсе-адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» , «Ақыл керек, іс керек, мінез керек, ер ұялар іс қылмас, болса зерек» , «Ер ісі ақылға ермек, бойды жеңбек» деген нақыл сөздері де оның сол адамгершілік туралы идеясынан туып жатыр.

Қоғамның дамуын, адамның белсенді қимыл-әрекеті мен зор мүмкіндігін озық тұрғыда түсініп, бағалаған ақын нағыз адамдықтың алғы шарттарының бірі ретінде-талапкерлікті, еңбек сүйгіштікті ұсынады. «Керек іс бозбалаға талаптылық, әртүрлі өнер-мінез, жақсы қылық», «Әуелі өнер ізделік, қолдан келсе, ең болмаса еңбек қыл мал табалық»,-дейді ақын көңіл көзі бар жастарға. Осындай сөздерінің босқа кетпей, өз оқушысын, қостаушысын тауып, өмірге өзіндік әсерін тигізуін арман етеді. Оның:

Білімдіден шыққан сөз

Талаптыға  болсын кез,

Нұрын, сырын көруге

Көкірегінде болсын көз,-

деуі сол арманның көрінісі, нәтижесі болатын. Абайды тану, зерттеу өмірдің өзі сияқты, толассыз, тоқтаусыз құбылыс және солай болуы тиіс. Еліміздің ертеңі, бүгінгі оқушының көзімен қарасақ, Абайды тану тек халықтың, қоғамның, ғылымның ғана міндеті емес, оны оқып үйрену өзін мәдениетті, білімді санайтын әрбір ұрпақтың азаматтық парызы, оның ұлттық көркемдік түсінігін тәрбиелеу мен өсірудің бірден бір  құралы. Абайды оқу мен зерттеу -қашан да қажет, қашан да өзекті мәселе. Ұлы ақынның мұрасы көп оқыған сайын азаймайды, қайта оқыған сайын асылын аша, ақтара түседі. Әр оқырманға замандас, сырлас, жақын қимас құрбы сияқты әсер қалдырады. Ақынның қандай шығармасын оқыса да оқушы оны өзінше ашып, одан өзінің рухани көркемдік тілектеріне жауап табады, нәр алады, ұлттық танымы мен талғамын есейтеді, өсіреді. Өмір мен өнердің үндесу, үйлесу үлгісін тауып, тағылым алады. Сондықтан Абайдың халқымыздың бүгінгі өмірі мен  болашағына тигізер әсер мен ықпалы өлшеусіз.

ӘДЕБИЕТТЕР:

1.Ж.Ысмағұлов. Абай: ақындық тағылымы.Алматы:Ғылым.1994.

2.Абай.Энциклопедия.Алматы:Атамұра.1995.

3.Абай Құнанбайұлы. Шығармаларының екі томдық жинағы. Алматы:Жазушы.2005.

Авторы
Нурлыбекова Калима Каппасовна

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Қазақ әдебиеті

Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл: білімнің шамын жаққан ұлы тұлға

Мақалада Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық қызметі, қазақ балаларына білім беру жолындағы еңбегі мен әдеби мұрасы сөз болады. Оның шығармаларындағы білімге құштарлық, еңбекқорлық және адамгершілік идеяларының бүгінгі маңызы көрсетіледі.

Қожабек Амина 2 мин 41 оқылым
Қазақ әдебиеті

Асқар Алтайдың «Сират көпірі» шығармасы: тарихи романның көркем жүйесі мен рухани ұстанымдары

Мақалада Асқар Алтайдың «Сират» романы тарихи-философиялық қырынан талданып, кейіпкерлер жүйесі, көркемдік құрылымы және ұлттық рух мәселелері қарастырылады.

Жазит Алтынай 12 мин 10 оқылым
Қазақ әдебиеті

Аңыз әңгімелердегі ұлттық құндылықтар

Ғылыми мақалада қазақ аңыздарының тарихи жадты сақтаудағы және ұлттық құндылықтарды ұрпақ тәрбиесіне жеткізудегі маңызы қарастырылады.

Сейтхан Ернұр 4 мин 36 оқылым
Қазақ әдебиеті

Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында инновациялық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру 

Шымкент қаласы. Қазақстан Зиятркелік "Бәйтерек мектебі" қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Бұл мақалада қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында инновациялық технологияларды қолданудың тиімділігі қарастырылады.…

Тельмаева Назерке Жаскыранкызы 3 мин 126 оқылым