Мазмұнға өту

Абай және орыс әдебиеті

Надиям 3 мин оқу 180 оқылым
№ Мерзімі Пән Сыныбы Пән мұғалімі Тексерген
6 9.10. Абайтану 9 А. Максимова

Сабақтың тақырыбы: Абай және орыс әдебиеті

Сабақтың жалпы мақсаты: Абайдың орыс әдебиетіне ден қоюы, орыстың ұлы классиктері Пушкин, Толстой, Лермонтов, Крылов, Салтыков-Щедрин, Некрасовтармен қатар революционер-демократ ағартушылар Герцен, Чернышевский, Добролюбовтардың еңбектерін оқуы, ақын аудармаларының қазақ әдебиетін жаңа ой орамдарымен байытуы, Абай аудармаларының ерекшеліктері туралы ұғындыру

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі:  сұрақ-жауап, лекция

Сабақтың көрнекілігі: слайд, ақын суреттері

  1. Қызығушылықты ояту сатысы:

1) Өткен тақырыпты еске түсіру.

  1. Мағынаны ажырату сатысы. Жаңа сабақ

           Абай және орыс әдебиеті. Абай – қазақ әдебиетінің орыс әдебиетімен байланысын күшейтуге аса зор үлес қосқан қайраткер. Абай заманы, ақындық өнерге, ағартушылық жолындағы күреске барын салып кіріскен кез – қазақ халқының тарихындағы ең күрделі, талас-тартысы, қайшылығы мол дәуір болатын. Бұрынғы хан билейтін заман артта қалып, ел арасынан сайланған аға сұлтандар шыққан болса, ондай тәртіп те жарты ғасырға жетпей өзгертіліп, қазақ даласы ұсақ-ұсақ болыстарға бөлшектеніп, ел билеу тізгіні уезд бастықтарының – патша әкімдерінің қолына көшкен еді. Бұл болыстардың билікке таласуын, ұлықтардың жолсыздығын, бассыздығын, парақорлыққа бейімділігін арттырды.

Қазақ жерінде Россиядан көшіріліп қондырылған кедей шаруалардың саны көбейіп, патшалық әкімшілік талай шұрайлы жерлерді тартып алып, елді ата мекенінен ығыстырды. Патша үкіметінің Қазақстанды отарлау саясатының жемісі, нәтижесі болған осындай ауыртпалықтан, заңсыздықтардан, рухани кіріптарлықтан елді құтқарудың ендігі жаңа жағдайда бірден бір ұтымды жолы – білім-ғылым үйрену еді.

ШоқанУәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев секілді алдыңғы қатарлы қоғам қайраткерлері осыны жақсы түсініп, ұлттық ұранға айналдырды. Олар Россиямен қарым-қатынасты күшейте түсудің аса пайдалы жағы орыс мәдениетінің үздік үлгілерін ел ішіне, жұртшылыққа тарату деп санады. Мал бағумен қатар елдің егіншілікке, сауда-саттық секілді кәсіптерге бейімделуі қажет екенін де олар басқалардан бұрын сезді. Бұған дейін қазақ ақын, жыршылары шығыс халықтарының аңыз-ертегілерін, дастандарын қызықтап, ел арасына жыр етіп таратып келсе, енді орыс әдебиетін оқып, үйренуге, орыс ақын, жазушыларының шығармаларын насихаттауға көңіл бөле бастады.

Әрине, шығыс халықтарының әдеби нұсқаларына құштарлық, ынта-ықылас көбеймесе азайған жоқ. Үнді елінің ежелден белгілі «Панчатантра» («Бес кітап»), арабтың «Калила мен Димна» секілді кітаптарынан бастап, «Мың бір түн», «Тотынама» әңгімелер жинағы, «Шахнама«, «Сейфул-Мәлік», «Таһир-Зухра», «Ләйлі-Мәжнүн» сияқты дастандар, Ескендір, Лүхман Хакім туралы аңыз-әңгімелер ауызша да баяндалып, өлең-жыр түрінде де насихатталып жатты. Алайда шығыстан келген сюжеттер көптен таныс, үйреншікті дүние секілді болса, орыс әдебиетінің шығармалары мүлде жаңа құбылыс еді.

Сабақты қорыту.

Асыл сөздердің жалғасын тап.

Жұмысы жоқтық

Тамағы тоқтық

----------------------                                      (Аздырар адам баласын)

Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті

-------------------------------------                  (Ыстық қайрат,нұрлы ақыл,жылы жүрек)

Ғылымды іздеп,

Дүниені көздеп

---------------------                                       (Екі жаққа үңілдім)

Қайратсыз ашу – тұл

Тұрлаусыз ғашық – тұл

-------------------------------                           (Шәкіртсіз ғалым - тұл)

Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек

-------------------------------------------          (Жылатқан тұла бойды ыстық жүрек)

Досы жоқпен сырлас

--------------------------                                (Досы көппен сыйлас)

Өмірдің алды – ыстық,арты – суық,

---------------------------------------              (Алда – ойын,артқы жағы мұңға жуық)

Ақылмен ойлап білген сөз

Бойыңа жұқпай сырғанар.

(Ынталы жүрек сезген сөз------------------------     Бір тамырды қуалар)

Үй тапсырмасы: Абай аудармаларын жаттау.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Надиям

Автордың басқа материалдары

Қазақ тілі

«Өмір», «дүние» дегенің-ағып жатқан су екен.

Пәні: Қазақ тілі мен әдебиеті Бөлім: Уақыт –ұлы күш.Абай Құнанбаев «Сағаттың шықылдығы емес ермек» Педагогтің аты-жөні: Мичитова Д Күні: 5.10 Сынып:7ә Қатысушылар саны: /Қатыспағандар саны: Сабақтың тақырыбы «Өмір»,…

Надиям 252 оқылым 1 мин
Орыс тілі

Откуда ты, вода?

Тема № 1 Школа: Долайтинская сш Дата: 06.04 ФИО учителя: Ходжаева В.К Класс: 3 Количество присутствующих: отсутствующих: Тема урока: Откуда ты, вода? Цели урока 3.1.3.1 отвечать на простые вопросы по содержанию…

Надиям 136 оқылым 1 мин
Информатика

Компьютер қалай жұмыс істейді?

Бөлім: Компьютерлік жүйелер мен желілер Педагогтің аты-жөні Самиева Раногул Ибраимовна Күні: 29.09.2020 Сынып: 6 а ә Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: Сабақтың тақырыбы Компьютер қалай жұмыс істейді Оқу…

Надиям 262 оқылым 1 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Қазақ тілі

Жасанды интеллект құралдарын қазақ тілі сабағында қолдану мүмкіндіктері

JOO school Medeu Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аннотация Мақалада жасанды интеллект құралдарын қазақ тілі сабағында қолданудың бағыттары талданады. Оқыту мазмұнын даралау, мәтінмен жұмыс, бағалау үдерісін…

Битілеу Динара Мақсатқызы 182 оқылым 6 мин
Қазақ тілі

Оқу сауаттылығын қалыптастырудағы мәтін түрлерімен жұмыс

Алматы қаласы Алатау ауданы "№185 мектеп-гимназия" қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аннотация Мақалада оқу сауаттылығын қалыптастыруда мәтін түрлерімен жұмыстың теориялық және практикалық қырлары қарастырылады.…

Қаирова Аружан Болатқызы 200 оқылым 6 мин
Қазақ тілі

Авторлық ұлттық ойындары – тәрбиенің қайнар көзі

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің №17 бөбекжай-бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының қазақ тілі мұғалімі Аннотация: Қазіргі замандағы жаһандану үрдісі мен цифрлық…

Әмірбекова Айгүл Әзімханқызы 143 оқылым 7 мин
Қазақ тілі

Қазақ тілін өмірмен байланыстыра оқыту

“Elite school” жекеменшік мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Аннотация Мақалада қазақ тілін өмірлік жағдаяттармен ұштастыра оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері қарастырылады. Өмірмен байланыстыра оқыту тілдік…

Асқар Гүлназ Болатқызы 85 оқылым 6 мин