Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

3 мин оқу 240 оқылым

Ұлы дала туғызған бірегей тұлға – Абай Құнанбайұлы. Дана Абайдың мол мұраларының ішінде шоқтығы биік, ерек мұрасы – қара сөздері. Белгілі ғалым Құлмат Өмірәлиев: «Абай қарасөздерінде адамгершілік тақырыбы жан-жақты, шынайы ашылады», – деп Абайдың адамгершілік, ізгілік тәрбиесін арқау еткен қара сөздеріне шынайы баға берген.

Толғауы тоқсан қызыл тіл,

Сөйлеймін десең өзің біл, – деп дана Абай айтқандай, ұлы ойшылдың қара сөздеріндегі адамгершілік тәрбиесіне қатысты ойымды саралап жеткізіп көрейін.

Адамгершілік – әрбір адам бойындағы ең ізгі қасиеттердің жиыны. Абай Құнанбайұлы адамгершілік мәселесін жиырмадан астам қара сөзінде көтереді. Хакім Абайдың «Төртінші», «Сегізінші», «Он бесінші», «Он төртінші», «Он жетінші», «Жиырма үшінші», «Жиырма төртінші», «Жиырма алтыншы», «Жиырма тоғызыншы», «Отыз алтыншы», «Қырық екінші», «Қырық төртінші» қара сөздері адамзат баласы үшін өзекті мәселеге арналған. Ұлы Абай қара сөздерінде адамзат баласын адамгершілікке үндеу арқылы адам мінезін тәрбиелеуді ұлы мұрат етті деп пайымдаймын.Абай бұл өмірді тиісті дәрежесінде, яки адамгершілік нормасында өткізуді қажет деп санайды. Ойымның дәлелі ретінде Абайдың «Төртінші қара сөзінде»: «Адам баласы жылап туады, кейіп өледі. Екі ортада, бұ дүниенің рахатының кайда екенін білмей, бірін-бірі аңдып, біріне-бірі мақтанып, есіл өмірді ескерусіз, босқа, жарамсыз қылықпен, қор етіп өткізеді де, таусылған күнде бір күндік өмірді бар малына сатып алуға таба алмайды.Қулық саумақ, көз сүзіп, тіленіп, адам сау­мақ – өнерсіз иттің ісі» деген ойларын келтіре­мін. Абай осы қара сөзінің соңын Құдайға сыйына отырып, қайратыңа сүйеніп, бес күндік жалған өмірді еңбекпен өткізуді ғақлия етеді деп ойлаймын.

Абай Құнанбайұлының «Он жетінші» қара сөзіндегі адамгершілік, имандылық, адалдық, парасаттылық, еңбекқорлық, қайырымдылық сияқты ізгі қасиеттер жайындағы ойлары, ақыл, қайрат, жүрек туралы философиялық ой түйінінде баяндалады. Ақыл, қайрат, ғылым үшеуінің сөзі арқылы адамгершілік қасиет керек екенін айтады.Абай Құнанбайұлы адамның адамгерші­лік қасиеттерін жаман мінез-құлықтармен салыстырады. Абай «Жиырма екінші» қара сөзінде: «Есті кісіні тауып құрметтейін десең, әділет, ұят, нысапқа есті кісі елде жоқ. Қулық, сұмдық, арамдық, амалға елдің бәрі есті» дей келе, ел билеуші адамдардың адам­гершіліктен тыс мінездерін сынап, «әділет», «ұят», «нысапты» кісінің елде жоқ екеніне көңілі құлазыды деп ойлаймын. Дана Абай осылайша адамгершілікке жат, оны бұзатын нәрселер: алтыбақан – алауыздық, қастық, араз­­дық, күн­шіл­дік, қиянатшылдық, құрмет біл­местік, надандық, әсіресе, адамның адамды тонауы, т.б. ұнамсыз мінездерді сынау арқылы оқырманын адамгершілікке тәрбиелегісі келді деп ой түйемін.

Менің пайымдауымша, Абай адам баласы үшін ең қажет нәрсе – талап деп біледі. Абай­дың «Отыз екінші» қара сөзінде талаптың алты шартын талдап түсіндіру арқылы адамгершілік тәрбиесінің нұрын себеді. Абайдың адамгер­ші­лік тәрбиесіне арналған қара сөздерінің бірі – «Отыз сегізінші» қара сөзі. Абай осы қара сө­зін­де ғылым басқа есеп емес, адамның бас қасиеті өсуі үшін, арлы, мінезді толық мағыналы адам болуы үшін қызмет етсін дейді. Адамгершілік тәрбиенің негізі саналатын ынсап, ұят, әділетті адамзат баласы Абайдың қара сөздерін оқып, пайымдау арқылы санасына түйсе деп ойлаймын. Ойымның дәлелі ретінде «Отыз сегізінші» қара сөзіндегі: «Бәлки ғәдаләт барша ізгіліктің анасы дүр. Ынсап, ұят – бұл ғәдаләттен шығады. Ол һәмма жақсылықтың басы емес пе?» деген ойларын келтіремін. Абай осы қара сөзінде толық адам қандай болу керектігін жазады.

«Көп сөйлеме, аз айт бірер түйірін, Бір сөзбен шеш түмен сөздің түйінін» деп Ж.Баласағұн айтпақшы, мен эссемде ойшыл Абай­дың қара сөздеріндегі адамгершілік тәр­бие­­сінің тегін ағытып, түйінін түйдім деп ой­лаймын. М.Мырзахметов: «Ойшыл ақын Абай «Қара сөздерінде» нағыз кемел адам болудың жолдарын көрсетіп, оған қол жеткізудің жол­дарын танытады. Кемел адам шам сияқты, өзі жанып түгесілсе де, басқаларға жарық ша­шып кетеді. Абайдың өзі – кемел адамның нақ үлгісі» деген екен. Абайдың қара сөздеріндегі адам­гершілік тәрбиесіне қатысты ойлары бүгінгі таңда маңызды деп ойлаймын.

Авторы
Жетписова Гульнуз

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Мақаланың жарияланғаны туралы анықтама (PDF)

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Іскерлік журналистика: Экономикалық ақпараттың күшті құралы

Іскерлік журналистика – бұл экономикалық, қаржылық, корпоративтік және кәсіпкерлік тақырыптарға арналған журналистиканың арнайы бағыты. Қазіргі ақпараттық қоғамда экономикалық процестерді түсіндіру, бизнес саласындағы…

Жетписова Гульнуз 2 мин 22 оқылым
Жалпы рубрика

Мамандық таңдау – болашақты талдау

Ойтолғауда мамандық таңдаудың өмір жолына әсері, адамның өз қабілеті мен бейімділігін тануы және сүйікті ісіне жауапкершілікпен қарауы баяндалады.

Жетписова Гульнуз 2 мин 44 оқылым
Эссе

«Тәрбие – тал бесіктен»

Эсседе отбасы тәрбиесінің бала тұлғасын қалыптастырудағы орны, ата-ананың үлгісі және отбасылық құндылықтардың ұлттық құндылықтармен сабақтастығы сөз болады.

Жетписова Гульнуз 3 мин 90 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 62 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 238 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 151 оқылым